Ұлылықтың бастауы ұлы далам!

 Ұлылықтың бастауы ұлы далам!

Науан Гүлнұр
11 сынып, Қызыл-шаруа орта мектебі
Қызыл-шаруа ауылы, Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Метерқұлова Ү.О.

Дала...Естір құлаққа жағымды естілетін қасиетті сөз. Құдіреттілігі әуелі табиғатында.Кеудеңді керіп, құшырлана жұтар таза ауасы , сылдырап аққан мөлдір суы , ерке самал желі , асқар тау, жасыл желегі , жүгірген аң, ұшқан құсы бәрі- бәрі Жер-Ананың сайын далаға берген сыйы.
Және де «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша аянбаған жаужүректі батырлардың ; нәзік қылығымен, өрілген бұрымымен тіршіліктің тазалығымен, бар мейірімін ұрпақ тәрбиесіне бөліп, ер -азаматын сыйлай білер, қаракөз қыздардың , ибалы келіндердің, ақ жаулықты аналардың ; әрбір сөзі «қазақ» деп басталып, «қазақ» болып аяқталатын ақындардың, шешендердің, жазушы,жыраулардың; қабылдаған шешімі ,ұтқыр ойы ел игілігіне , ұстанған бағыты «Алаштың» көркеюіне арналған билер мен хандардың кіндік қаны тамған жер- Ұлы даласы, атамекені .
Сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұлы даланың тарихына көз жүгіртсек, көрген қиыншылығы ұзын -сонар сандармен жылдармен тізбектеле келіп, әр ғасыр, әр жыл, әр ай, тіпті әр күн « ұлтымыз» үшін күреспен өткен екен. Жыладық, бірақ, жығылмадық. .Оңайлықпен бас имедік,имейміз де. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері даламның өзі, мекендейтін жұрты- тек жақсылықтарымен ғана төрткүл дүниеге танылуда.Мәдениетіміз , экономикамыз, әдебиетіміз, дәстүріміз, тарихымыз, күннен - күне артылмаса кеміп жатқан жоқ. Және оған үлес қоушы – туған жердің топырағына аунап, ауасын құшырлана жұтып байтақ елдің қадірін білер азаматтар , аяулы аналар , жалындаған жастар. «Елім» деп еміренер , «жұртым» деп жаға жыртар патриоттар көбейсін!Сонда ғана ұлылықтың бастауы ұлы дала төсінде береке, бірлік, ынтымақ, бейбітшілік орнайды және де лайым солай солай болғай!
Әрбір тасың бір тарих ашылмаған,
Салт-дәстүрі сақталған ғасырлардан.
Өркендей бер, жас ұрпақтың мекені,
Біздерге деп, қалдырған асыл бабам!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі