Ұлттық батырлар ерлігі
Рамазанова Мейрамгүл
9 сынып, №25 қыздар гимназия
Екібастұз қаласы
9 сынып, №25 қыздар гимназия
Екібастұз қаласы
Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, Азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысының рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіретімен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.
...Өтті нөсер,
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап..., - деп ақын Ж. Саин жырлағандай, араға жылдар салып, сол бір отты жылдар алыстаған сайын, бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, оқтардың ысқырығы ғасыр қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап, қанды майдан қасіреті ұмытылар емес. Естеліктерге сүйенсек, сұм соғыс қаншама отбасын азаматынан, абзал аналарды баласынан, жарынан, сәбилерді ғазиз әкелерінен айырған?.. Сұрапыл соғыстың өткелінде, жаңбырдай жауған оқтың ортасында, ызғарлы суық пен қайнаған ыстықтың бауырында жүріп, елін, жерін, келешек ұрпағын сұм жаудан қорғап қалған, «тірескеннің тізесін бүктірген, белдескеннің белін сындырған, жағаласқанның жағасынан алған» ардагер аталар ерлігі әр уақытта да мадақтау мен қошеметтеуге тұрарлық. Ұлы Дала батыр перзенттерімен мақтана алады.
Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырып, ұлттық батырына айналған айтулы ұлдарының бірі, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері , Кеңестер Одағының Батыры, Халық қаһарманы, жазушы – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан ата бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған қолбасшы ретінде танылған. Уақыт сынында сынбаған батыр ата қанды соғыс туралы «Қанмен жазылған кітап» атты туындысын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған.
Біз, бейбіт заманда дүние есігін ашқан келешек ұрпақ, өзіміз сияқты гүлдей жайнаған жап-жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, барлық қызықтан бас тартқан аға буын ерліктеріне тағзым етеміз. Туған елін қорғау жолындағы баға жетпес батылдықтарына, қайсарлықтарына, батырлықтарына бас иеміз. Олар «туған жерінің түтінінің түзу шығуын» көксеп , қолдарына қару алып сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қаншама қиындықты бастарынан кешті. Сонда да елі үшін туған ерлерді ешқандай ауыртпалық алған беттерінен қайтара алмады. Жауды жеңу жолында өз өмірлерін қия отырып, бізге бейбіт өмір сыйлады. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып оралмапты да. Ал, қайтып оралғандарының жүректерін соғыс салған сызат, денелеріне тиген оқ табы әлсін-әлсін мазалайды. Аяусыз соғыс отына ұшырағандарының көңілдері жаралы. Тарихтың осынау бір сыны туралы тарихта былай жырланған:
Өмір көші өте шығар білінбес,
Жазмыш-тағдыр басын иіп жүгінбес.
Елу жылда – ел жаңа, жүз жыл – қазан,
Ақиқат-тарих қате басып сүрінбес.
Мехнатына сол бір көштің ілесіп,
Адам-пенде өмір сүрер күресіп.
Тірілері өткендерін еске алып,
Сыр сандықтың сырын ашар бірлесіп.
Көктемнің шуақты мерекелерінің бірі болып саналатын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Бұл күні тарих пен тағылымды жүрегінде тербеген жұртшылық майдан төсінде от пен оқ кешкендерді құрметке бөлеп, бейбітшілік таңын тойлайды. Біз, бала шақтан жарқын болашаққа қанат қаққан балалар, Даңқ алаңдарында ата-апаларымыздың ерліктеріне бас иіп, «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қойып тағзым етеміз. Өйткені, олар бүгінгі таңда бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан ұрпақтарын қуанышқа бөлеу үшін жандарын қиды.
Біз – ғаламат ұрыс кезінде көрсеткен мәңгі есте қалар ерліктерінің арқасында жарқын өмір сүріп жатқан ержүрек ата-бабаларымыздың өмір-жалғасымыз. Отан үшін отқа түскен адамның күймейтініне, рухының өлмейтініне көз жеткізіп өсіп келеміз. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін»,-деп қаһарман ата айтқандай, еліміздің батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановаларға ұқсап өскіміз келеді.
Жауынгерлік жылдар тарихқа сіңіп кеткенімен, Бауыржан ата сынды көптеген аға-апаларымыздың ерліктері, халқымызды соғыстың от-жалынына ораған күндер ешқашан ұмытылмақ емес.
Уақыт өткен сайын ардагерлер қатары азайып барады. Бүгінде тарих бетінен ойып алар орны бар осынау Ұлы Отан соғысында ерлік танытқан ардагер аталарымыз – бақытты әкелер, ардақты аталар. Олар бүгінгі күні өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда. Өмірдің сан қырлы соқпағынан өтіп, ер-азаматқа тән қайсарлық көрсеткен аталар өнегесі – жас ұрпаққа үлгі.
Ерліктің ерен тұлғасы болып саналатын Бауыржан ата – ұлтымыздың дара батыры әрі рухани сүйеніші.
Менің қолымда «Асыл сөз» кітабы. Кітаптың ішінен «Намысты нанға сатпа», «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет», «Өмір үшін өлгенше күрес», «Парыз сезімі, адамгершілік – жеке басыңның, ұлттың, Отанның мақтанышы», «Қан майданда халық үшін, Намыс туын көтердік», «Шындық – ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал», «...Қазіргі жаңа, жас ұрпақ ерлікті, айбындылықты алға апарсын...» тағы басқа серпінді де тағылымды ой ұшқындарымен Бауыржан ата болашаққа жол сілтеп тұрғандай.
Осы сәтте менің сәби жүрегімді мынадай жыр шумақтары тербеді:
Аталарым, бейбіт күнді аңсаған,
Болашаққа бүгінгідей жол салған.
Ұрпағыңның келешегін ойладың,
Сол үшін де қарыздармын мен саған.
Қастерлейміз аға ұрпақ ерлігін,
Мақтан тұтам өр халқымның кеңдігін.
Көк аспандай желбіреген Туым бар,
Бақытты елдің баласымын мен бүгін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?