» » » Шығарма: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Шығарма: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Шығарма: Қазақ халқының салт-дәстүрлері казакша Шығарма: Қазақ халқының салт-дәстүрлері на казахском языке
Амангелді Нұрайна
, сынып, Ә.Махутов атындағы мектеп-гимназиясы
Бейнеу ауданы, Төлеп селосы

Қай кезде болмасын біздің ата-бабамыздың алдында тұрған үлкен міндеті - өз ісін, өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу болды. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлаудың басты мәселесі. Ал осы жастарды жан-жақты саналы, ибалы, инабатты азамат етіп өсіруде халықтың салт-дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайғанға дейінгі өмірі, өзгелермен қарым-қатынасы барлығы да салт – дәстүрімізде ерекше орын алған. Жастарды тәрбиелеу мәселесіне ерекше
көңіл бөлген бабаларымыз “Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю”- деп, өз ойларын айтып кеткен. Бұл тыйым сөз балалар мен жасөспірімдерді жаман әдеттен сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден қалыптасқан.
Салт-дәстүр әрбір ұлттың, халықтың сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, өз ерекшеліктеріне байланысты сан ғасырлар бойы жинақталып қалыптасады.
“Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен” - дейді дана халқымыз. Жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы әдеттерді үйрену үшін еліміздің өскелең ұрпағы тәрбиелі, иманды, кішіпейіл болып, өз ата-дәстүр, салт-санасын білуі қажет. Осы әдет – ғұрпын біліп, құрмет тұтқан адамның рухани байлығы, әдептілігі бойынан көрініп, өзгелерге шуақ нұрын шашып тұрады. Ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасы тәрбиесін үйреткен. Одан кейін “Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір-бірлеп ала бер,” – деп бабаларымыз ұрпағының санасыздығынан сақтанған, оларды тәрбиелеу жолында әдеп, ырым-тыйым, жөн - жоралғыларды үйрететін салт дәстүрлерді қалыптастырып, оны өмірде де қолданып отырған. Бұрынғылар бүгінгі жастарға сенім артып, жастардың есеюіне, жақсы тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, бата-тілектер арқылы ықпал еткен . Осы ойымды төмендегі өлең жолдары арқылы нақтылай түскім келеді.
Шығарады бара қалсаң төріне,
Кеңділігі қазақтың сол төрінде.
Ақ сәлделі атаның ақ батасы,
Таңғалдырған өзгені өз жерінде.
Ұрпағына үлгі етіп, ғибрат қып,
Бабамыз кеткен бізге сенім артып.
Дәстүрін жалғастыру бұл қазақтың,
Алаштың ұрпағына бір ғанибет.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері қазақ ұлтының мінез-құлқын, түрлі қасиеттерін көрсетеді . Яғни, кейбір әдет-ғұрыптар халық тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне байланысты қалыптасады. Халқымыздың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлерін негізінен тұрмыс-салтқа байланысты салт-дәстүрлер, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер деп үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Тұрмыс-салт дәстүрлері халық тұрмысын, қалай өмір сүргенін көрсетіп, дәріптейді. Қазақтардың баспанасы-киіз үй, оның бөліктері , зергерлік қолөнер кәсібі, негізгі айналысқан шаруашылығы, аңшылық өнер, құсбегілік, ұлттық тағамдары жайлы көптеген мағлұматтар береді. Қазақ халқы негізінен төрт түлік малды қасиетті санаған. Сондықтан оларды ауру-сырқау, жұттан сақтайды деп, әр малдың өз піріне сенген, тіпті соған байланысты жырлары да бар.
Қай халықты алсақ та, әрбір жанұяда жастар отау тігіп, отбасы болған соң олар балалы болуды арман етеді. Бала-өмірдің шырағы “Бесіксіз үйде береке жоқ”, ”Балалы үй-базар”- деген ой түйген халқымыз дүниеге сәби келуін күтеді. Осылай асыға күткен бала дүниеге келсе, қазақтың қай отбасы болмасын үлкен той жасайды және ондай тойлары өте көп. Бұл дәстүр ретінде қалыптасқан. Яғни, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерге баланың дүниеге келген күнінен бастап, есейіп азамат болғанға дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, балаға ат қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, т.б. жатады. Ұл бала мен қыз баланы шаруашылыққа, жанұя болуға, еңбекке, өмірге бейімдейді.
Әлеуметтік – мәдени салт – дәстүрлер қоғамдық сана, қоғамдық болмыспен тығыз байланысты. Ал әлеуметтік-мәдени салт-дәстүр халықтың тарихи дамуы барысында қалыптасқан, адамның өзара қарым-қатынасын реттейтін салт-дәстүр. Бұл салт-дәстүрге туыстық қарым-қатынастар, тіл, өнер мәселелеріне байланысты салт-дәстүрлер, үйлену мен үй болуға байланысты салт-дәстүрлер жатады.
Сондай-ақ, қазақ халқында Наурыз мейрамы, қасиетті айт мейрамы дәстүр ретінде тойланады. Арнайы осы мейрамдарға демалыс беріліп, жоғары дәрежеде аталып өтіледі. Бұл мейрамдарды білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә...
Бұыннан келе жатқан дәстүрлердің тағы бір тобы бата-тілектер айту. Батада үлкеннің кішіге тілер тілегі, ниеті жыр түрінде беріледі. Мысалы: дастархан басында берілетін баталар, жолға шығарда берілетін баталар, т.б. “Көп түкірсе-көл”- демекші, осы бата-тілектер арқылы қазақ халқының кеңпейілділігін, кішіпейілділігін көруге болады. Себебі тілек білдіруші адам өзі үшін де, өзге үшін де тілек тілеп, дұға етіп, ақ пейілін көрсетеді.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған салт-дәстүрімізсіз, рухани байлығы мол, білімді, әдеп-ибаны білетін жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді үнемі жаңғыртып, өзгелерге дәріптеп жүруіміз керек. Себебі қазақ деген халықты өзге елдерден ерекшелеп тұратын да осы әдет-ғұрпы секілді. Салт-дәстүрді ұмытпай, өзгелерге үлгі ету әрбір қазақ жасының борышы.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 101 | 1.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қазақ халқының салт-дәстүрлері на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қазақ халқының салт-дәстүрлері, шығарма Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Қазақ халқының салт-дәстүрлері на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Қазақ халқ, Шығарма: Қазақ халқының салт-дәстүрлері шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы