Қазағымның салт-дәстүрлері

 Қазағымның салт-дәстүрлері

Байменова Назерке 8 сынып
№1 балалар шипажайы мектеп
Жетекшісі: Садырбекова К.Б.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән-мағынасы мен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады.

Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді және тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрақтан-ұрпаққа беріле ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.

Тұрмыс-салт дәстүріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдарын жатқызамыз.Мал бағу, егіншілік, аңшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері халқымыздың дәстүріне сай жүргізіледі. Ұлтымыздың ұлттық сөз өнері, аспаптары, мерекелері, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден біздің биік тұрғанымызды көрсетеді. Оның бір дәлелі, баспанасы киіз үйден бастап, оның ішіндегі түрлі тұрмыста қолданылатын заттарын, бұйымдарын, киім-кешектерін шебер жасай білгендігі.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтамын. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Осы мақалға сүйене отыра бабамның аманатын сақтаушы ұландардың бірі мен боламын. Елімді, өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді.

Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Аружан
    Аружан 15.10.2020 08:21
    1 + 1 -
    Маған қазақ тілден керек
  2. Ару
    Ару 15.10.2020 08:21
    1 + 1 -
    Маған да
  3. Дəулет
    Дəулет 13.10.2020 17:47
    2 + 1 -
    Маған 1тоқсан жауабы керек

Ілмектер: қазақ салт дәстүрлері эссе, қазақ салт дәстүрлері шығарма, қазақтың салт-дәстүрлері эссе, қазақтың салт-дәстүрлері шығарма, қазақтың салт дәстүрлері реферат, салт дəстүр туралы шығарма, казактын салт дәстүр туралы шыгарма казакша, казахские традиции и обычаи на казахском языке сочинение на казахском, қазақ, салт, дәстүрлері, эссе, шығарма, қазақтың, салт-дәстүрлері, реферат, дəстүр, туралы, казактын, дәстүр, шыгарма, казакша, казахские, традиции, и, обычаи, на, казахском, языке, сочинение, қazaқ salt dәstүrleri esse, қazaқ salt dәstүrleri shyғarma, қazaқtyң salt-dәstүrleri esse, қazaқtyң salt-dәstүrleri shyғarma, қazaқtyң salt dәstүrleri referat, salt dəstүr turaly shyғarma, kazaktyn salt dәstүr turaly shygarma kazaksha, kazahskie traditsii i obychai na kazahskom yazyke sochinenie na kazahskom, қazaқ, salt, dәstүrleri, esse, shyғarma, қazaқtyң, salt-dәstүrleri, referat, dəstүr, turaly, kazaktyn, dәstүr, shygarma, kazaksha, kazahskie, traditsii, i, obychai, na, kazahskom, yazyke, sochinenie