алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ата салтым

 Ата салтым

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Киев орта мектебі
4 сынып оқушысы: Касим Медина Женатқызы
Сынып жетекшісі: Хасанова Гульмира Кайратовна
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Дәстүрсіз халық жоқ. Барлық елдердей қазақтың да өз дәстүрі, ата-бабалары салған сары жолы, бұлжымас заңы бар. Қазақ дәстүрі бай және халық оны қатан сақтайды. Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет атамыз «Құдайдан кейінгі қорқатыным, қазақтың дәстүрінің бұзылуы» - деп айтқан. Өз дәстүрлерін білмегенді, сыйламағанды – надан, тәрбиесіз, көргенсіз дейді. Бұл – өте ауыр сөз, ауыр күнә, бірақ әбден орынды баға. Ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды, жас ұрпаққа үйретеді. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның. Бабамыз «Жеті атасын білмеген жетесіз» -деп бабаларына жеті атасын, шыққан тегін үйретуді парыз санаған.

Менің ойымша жеті атасын білмеген адам қазақ емес деп ойлаймын. «Жеті атаны білу» заң болған. Жеті атаға бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек аталарымызды жатқызамыз. Әрине, мен де өз жеті атамды білемін. Олар – Дархан, Ардақ, Габдолла, Габдош, Нұрмағамбет, Есенгұл, Қалиақпар. Халқымыздың әдет ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің айналдыру әрбір адамның азаматтық парызы.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы