Қазақша шығарма: Әже (апа)

Қазақша шығарма: Әже (апа) казакша Қазақша шығарма: Әже (апа) на казахском языке

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Қазақша шығарма: Әже (апа)Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады

Менің әжем

Менің әжем өте мейірімді, көрікті жан. Мен кішкентайымнан ата-әжемнің қолында өстім. Олар мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем сәл қатаңдау. Әжемнің үнемі біздің қасымызда болғанын қалаймын. Мұңайсам әжеме жеткізуге тырысамын.

Мен мектеп-интернатта оқимын. Сондықтан әжемнің «құлыншағым, ботақаным, айналайын» деген сөзі үнемі құлағыма келеді. Мейрамымен құттықтасам, жадырап, масайрап қалады. Әжемнің үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сондықтан ренжітпей, қуантуға тырысамын. Сабақтан жақсы баға алсам, бірінші әжем естиді. Қуанады.
Әлия СИСЕНҒАЛИ

Қазақша шығарма: Әже (апа)

Менің әжем

Менің әжем ең тамаша адам. Оның жасы қазір 69-да. Ол Шалқар қаласында туып-өсіп, сонда жұмыс жасаған. Қазір зейнеткер. Әжем — әкемнің анасы, менің ақылшым.

Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.

Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Раушан ҒАЛЫМЖАН

Әже-ақыл, ата – дәстүр


Ата мен әже немере үшін ең жақын аяулы адамдар. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлесін қосып келеді. Анамның қолы босамай қалған жағдайда, әжем жәрдемдесіп, менің қасымнан табылады. Ол өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады.

Осындай жаныңа жылу сыйлайтын, аялы алақанына салып өсіріп келген, нағашы атам мен әжем жайлы айтпай кетуге хақым жоқ. Ата-әжемді күндізгі жарқырап шығып, жылуын шашатын күнге, түнгі аспандағы жымыңдаған жұлдызға, жарық беретін айға теңеп келемін. Атам өмірдің қиын қыстау кезеңдерін басынан кешіргенін, жоқшылыққа да мойынсұнған кездері болғанын айтып отыратын еді. Атама деген сағынышым кеудемді кернеп барады, дүниеден озғанына 3 жылдай уақыт өте шықты. Әжем біздің тек қана жақсылығымызды көріп, қызығымызға тоймай жүре берсін деп, тілеймін.
Алишер МУКЕБАЕВ, Қамысты ауданы Орқаш негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы

Қазақша шығарма: Әже (апа)

Мен өз әжемді өте қатты жақсы көремін.Бұл өмірде әжемнің барына өте қатты қуанамын. Өзім Б.Бегалиев атындағы жалпы ортамектебінде оқимын. Кейде әжем атамен келіп мені алып кететін кездері болады. Мен әжеммен қатты мақтанамын. Әжемнің аты Қалимат жасы 67де әжем үлкейген сайын айтқан сөзіме ренжитінің байқадым. Менің әжекам өте жақсы адам.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, қарттар күні туралы шығарма, әже туралы шығарма 2 сынып, апа туралы шығарма 2 сынып, әже туралы шығарма, апа туралы шығарма, апа туралы шыгарма казакша, аже туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке на тему моя бабушка, сочинение на казахском языке про бабушку, әже туралы шыгарма казакша, әже туралы шыгарма 2 сынып, аже туралы шыгарма, әже туралы эссе, қарттар күні туралы шығарма, әже туралы шығарма 2 сынып, апа туралы шығарма 2 сынып, әже туралы шығарма, апа туралы шығарма, апа туралы шыгарма казакша, аже туралы шыгарма казакша, сочинение на казахском языке на тему моя бабушка, сочинение на казахском я, Қазақша шығарма: Әже (апа), Қазақша шығарма: Әже (апа) шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы