Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлы күн – Наурыз!) » ZHARAR © 2016 | 22 Наурыз мейрамы, 22 Наурыз праздник на казахском языке сценарий, 22 наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, 22 наурыз мейрамы сценарий қазақша, 22 наурыз ертеңгілік, 22 наурыз мейрамы ертеңгілік, мереке, мейрам, 22 наурыз сценарий қазақша бастауыш сынып




  • »

Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлы күн – Наурыз!)

Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлы күн – Наурыз!) казакша Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлы күн – Наурыз!) на казахском языке

Сабырбаева Лаура Жанасбекқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы
№116 орта мектептің "Ер Төстік" шағын орталығының тәрбиешісі

Тақырыбы: «22 - Наурыз» Ұлыстың ұлы мейрамына орай ұйымдастырылған «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізің сценарийі.
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық , инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: Бөлме іші мерекеге сай безендіріледі. Балалар ұлттық киімдермен келеді. Би биленеді. Таспадан «Наурыз думан» әні ойналады.
Көрнекілігі: «Ұлы күн – Наурыз!» газеті. Ұлттық нақыштағы бұйымдар. (Домбыра, сәукеле, дорба, ыдыс – аяқ, т.б.) Барысы. Жүргізуші: Құттықтау сөзді мектеп директоры Нұржан ағайға береміз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар , балалар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық тілей отырып «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Біз - өмірдің гүліміз» хор Жүргізуші: Би билейік бәріміз! Егін өңін толқытқан Елдің көңілін шалқытқан Бас иеміз – Наурыз!
Би: «Қамшы» Айдын, Қыдырәлі, Нұртай, Жандәулет.
Жүргізуші: Естіген жұрт толғанар, Бізде сондай әнші бар. Тамылжытып ән салар, Енді соны тыңдаңыздар!
Ән: «Мен әдепті баламын» орындайтын Қожабай Назерке
Мерекеге арналған балалардың тақпақтары:
Нұртай: Арпа бидай бастаған, Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже ежелден Бұл тойдағы бас тағам.
Айдын: Оятып шыңмен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды. Нұрландырған даланы, Наурыз – көктем басталды!
Ақзира: Ән қосылсын әніңе Сән қосылсын сәніңе. Ырысты боп Жаңа жыл! Бақ дарысын бәріңе!
Жандәулет: Келді Наурыз жар салып, Берекелі ән салып. Жылда келсін ұлыс күн, Тұрайық есен қарсы алып.
Жаннұр: Наурыз гүл көктем Сәні ай арайлы Күлімдеп күн көктен, Нұр шашып қарайды
Нұртөре: Ой қосылып ойыңа, Бой қосылып бойыңа! Аман – есен жүрейік, Келесі Наурыз тойына!
Назым: Құтты болсын, Наурыз Арманымыз әніміз. Наурызды қарсы алып, Қуанамыз бәріміз!
Қайсар: Ей, балалар, балалар! Енді маған қараңдар! Наурызды тойлайық, Қызық ойын ойнайық.
Назерке: Оятып шыңмен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды. Нұрландырған даланы, Наурыз – көктем басталды!
Қыдырәлі: Осыншама жақсылық, Алып келген Наурызым. Төрлет бізге нұр беріп, Шуақ шашып ақ жүзің.

Жүргізуші: Наурыз тойы - елдің тойы, Көктем тойы – төлдің тойы. Ән айтатын күні бойы, Жақсы көрем Наурыз тойын!
Ән: «Наурыз» хор
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі қыз қуу. Ойын шарты: бір ұл, бір қыз қатысады. Ұл бала қызды қуып жетіп бетінен сүйеді, ал жете алмай қалса, қыз жігітті қамшымен ұрады. Ойынға қатысатындар: Нұртөре мен Жаннұр
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі «Бесікке салу» рәсіміне кезек берейік!
Жұргізуші: Наурыз – шыр айналған жылдың басы, Адамның өлшенеді өмір жасы. Қазақтың пейіліне, жарасады, Әр үйде дастарқанға толған асы.
Ән: «Төлдер» орындайтын: Ақзира, Нұртай, Жаннұр.
Жүргізуші: Барша ата – аналардың құрметіне Лаураның «Наурыз думан» әнін қабыл алыңыздар!
Қорытынды сөз: Ата – аналарға беріледі.
Жүргізуші: Осымен «Балдырған» тобының Наурыз тойы аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 3 421
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы, Наурыз мейрамы, Наурыз праздник на казахском языке сценарий, наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, наурыз мейрамы сценарий қазақша, наурыз ертеңгілік, наурыз мереке туралы, наурыз мейрамы ертеңгілік, мереке, мейрам, Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы, 22 наурыз сценарий қазақша бастауыш сынып, 22 Наурыз мейрамы, 22 Наурыз праздник на казахском языке сценарий, 22 наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, 22 наурыз мейрамы сценарий қазақша, 22 наурыз ертеңгілік, 22 наурыз мереке туралы, 22 наурыз мейрамы ертеңгілік, 22 Наурыз мейрамы, 22 Наурыз праздник на казахском языке сценарий, 22 наурыз мейрамы туралы сценарий қазақша, 22 наурыз мейрамы сценарий қазақша, 22 наурыз ертеңгілік, 22 наурыз мейрамы ертеңгілік, мереке, мейрам, 22 наурыз сценарий қазақша бастауыш сынып, Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлы күн – Наурыз!) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .