Қазақша сценарий: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу) » ZHARAR © 2016 | бастауышпен қоштасу кеші сценарий, бастауышпен қоштасу кеші, бастауыш сынып соңғы қоңырау сценарийі, 25 мамыр соңғы қоңырау сценарийі, сонгы конырау сценарий на казахском, последний звонок начальные класс сценарий на казахском




  • »

Қазақша сценарий: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу)

Қазақша сценарий: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу) казакша Қазақша сценарий: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу) на казахском языке

№23 жалпы орта білім беретін мектеп
мұғалімдер: Әбдыханова Ш.С, Сүйеукенова Ш.Ш
1-4 сыныптар

Сценарий тақырыбы: «Соңғы қоңырау» мерекесі

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары , жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз.
Ақыл, білім жастарда,
Сөз береміз жастарға!
Нұрай: Құрметті ата-аналар, келген қонақтар!
Мектептен басталады білім- бұлақ,
Бүгінгі салтанатты мерекені,
бастаймыз жариялап.

Нұрсұлтан: Биылғы бастауыш мектеп түлектеріә «4а», «4ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілерін ортаға шақырамыз.
(Барлығы қол соғып тұрады, «4а», «4ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері орындарына келіп тұрады)

Нұрай: Құрметті бастауыш мектеп түлектері, өздеріңе арналған «Соңғы қоңырау» мерекесін ашық деп жариялаймыз.
Нұрсұлтан:Қазақстан республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелінсін.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Нұрсұлтан: Қымбатты бастауыш мектеп түлектері, бастауыш мектепте өткізген 4-жылда қоңырау үнінқаншама рет естідіңдер.Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда естігенің есіңде ме?
Нұрай: Ал, бүгінгі қоңыраудың үні мүлде ерекше. Ол саған бастауыш мектептің соғатын ең соңғы қоңырауы. Балалық шақтың келесі бір белесіне апаратын қоңырау.
Нұрсұлтан: Бүгін міне алғашқы ұстаздарыңмен қоштасар уақыт жетті.Бүгін бастауыш мектебіміздің 44 түлегі бастауыш мектепті бітіріп отыр.
Нұрай: Жолдайды мектеп мүдірі, түлектерге ақ тілек.
Өмір деген үлкен жолда.
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс балаға
Берген білімін мейірімін, қамқор пейілің деп
Алғашқы сөзді мектеп директоры Сатаева айгул Уәсілқызыне беріледі.
Нұрсұлтан: Мектеп бұйрығымен таныстырып, оқу озаттарын марапаттау үшін оқу ісі жөніндегі орынбасары Идрисов Ахат Несіпханұлына беріледі.
Грамота беріледі :
1) Оқу озаттарын марапаттау
2) Сынып және мектеп өміріне белсене қатысқаны үшін оқушыларды марапаттау.
3) Ата-аналарды марапаттау.
Нұрсұлтан: Оқу озаттарына музыкалық сәлем. Орындайтын 3 «а» сынып оқушысы Тұрсынтаева Айым. «Жаса Қазақстаны!» әнімен.
Нұрай: Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арман тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,
Жетекшісін елжіреп қимастай бір.

Нұрсұлтан: Көңілдері қобалжып, қимастай күй кешіп тұрған «4а», «4ә» сынып жетекшілері Құралай Жәнібекқызы, Сания Салесханқызына сөз беріледі.
Нұрай: Ән «Мектебім» 4 ә сынып оқушысы Ниязбекова Балауса
Нұрсұлтан: Жас бастауыш мектеп түлегі ендігі сөзді сендерге береміз. «4а», «4ә» сынып оқушылары сөз беріледі.
4- сынып оқушылары: Білімнің мына өмірде жеңгені көп,
Білім қалар халқымның сенгені көп.
Сондықтанда білім кілтін
Ақ ниетпен сендерге тапсырамыз (білім кілтін МАД сыныбына тапсырады)
Нұрай: Біздің мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бөбектер яғни болашақ 1- сынып оқушыларыне сөз береміз.
1. Бала. Жүрем бе ойнап мен текке,
Барам биыл мектепке
Қолға қалам аламын,
Суретті де саламын.
2. Бала Дәптерімді таза қып ,
Жазуды да жазамын.
Кітапты да оқимын,
Көңілге ой тоқимын.

3. Бала Әнді де саламын,
Спортқа да барамын.
Білім алып жан- жақты,
Жігіт болам жан жақты.
4. Бала Тәрбиелі тәлімадә,
Қуантатын бәріңді.
Білім нәрін тоқушы,
Менің атым оқушы.
Нұрай: Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын.
Ата-аналар атынан тілек сөз Анар Қалкешқызына беріледі.

Нұрсұлтан: Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға музыкалық сәлем.
Би «Жаңа заман биі»

Нұрсұлтан:Өнерпаздар ортамызда әлі бар.
Бишілердің билеп берер сәні бар.
Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық
Вальс биін билеп берер ұл қыз бар.

«3 ә» сынып атынан бастауыш мектеп түлектеріне вальс биі.
Нұрай: Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауына құлақ салайық. Қоңырау соғылады.
Мұғалім: Қүрметті оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алады. Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық.
Екі жүргізуші бірге: Үлкен өмірге аттанған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!
Мұғалім: Сонымен «Соңғы қоңырау» мерекесін жабық деп жариялаймын.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 11 750
Рейтинг:
(голосов: 8)

KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы, бастауыш пен қоштасу кеші сценарий, бастауышпен қоштасу кеші, 4 сынып бастауыш пен қоштасу сценарий, бастауышпен қоштасу мерекесі, бастауыш сынып соңғы қоңырау сценарийі, 25 мамыр соңғы қоңырау сценарийі, сонгы конырау сценарий, сонгы конырау сценарий на казахском, сонгы конырау сценарий на казахском скачать бесплатно, сонгы конырау сценарий на казахском скачать, сонгы конырау сценарий на казахском 25 мая, 25 май соңғы қоңырау сценарий, бастауышпен қоштасу кеші сценарий, 4 сынып бастауышпен қоштасу сценарий, последний звонок начальные класс сценарий на казахском, 25 мамыр соңғы қоңырау сценарийі, сонгы конырау сценарий, сонгы конырау сценарий на казахском, сонгы конырау сценарий на казахском скачать бесплатно, сонгы конырау сценарий на казахском скачать, сонгы конырау сценарий на казахском 25 мая, 25 май соңғы қоң, Қазақша сценарий: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .