Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.
Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоға мадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді.
Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жасауды мемлекеттің басты қызметі деп есептеді.
А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:
1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;
2. Құқықтық қызметтер;
3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді: экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.
Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету екендігін атап өтті.
Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
• Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
• Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
• Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
• Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
1) Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
2) Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
3) Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.
4) Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.
Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:
• Ұлттық қорғаныс;
• Фундаменталды ғылым;
• Космостық зерттеулер;
• Денсаулық сақтау;
• Қала құрылысы, заводтар салу;
• Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
• Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
• Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
• Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
• Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:
• Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
• Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
• Бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
1) Экономикалық өсім;
2) Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
3) Бағаның тұрақтылығы;
4) Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей жіктеуге болады
Сурет- 1 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері
1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңызды болып табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.
Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері
Мемлекттердің сыртқы экономикалық бірлестігі , бұл бірлестіктің онсыз әр жақты бола алмайтын, тиімді де жемәсті бола алмайтын құқықтық реттеуді қажет етеді.
Сыртқы экономикалық әрекет қатынасы екі жақты сипатқа ие. Біріншісі- әр түрлі билік және басқару органдары жүргізетін мемлекеттер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Қазақстан көптеген мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экономикалық, саудалық, инвестициялық, несиелік келісімдер жүргізді. Екіншісі- сыртқы экономикалық бірлестік қатынасы әр түрлі мемлекеттердің заңды және физикалық тұлғалары арасында қалыптасады. Екі топта құқықтық табиғатқа ие: 1-ашық-құқықтық, 2- жекеқұқықтық қатынастар сферасы.
Бұл қатынастардың мазмұнын саудалық, өндірістік, валюталы-несиелік, ғылыми-техникалық, транспорттық және басқа шаруашылық қатынастарды құрайды. Бұл қатынастарды құқықтық реттеу арнайы рекешеліктерге ие және соның салдарынан халықаралық экономикалық қатынастар әр түрлі елдердің физикалық және заңды тұлғаларының арасындағы қатынастардан сондай-ақ, мемелекеттер арасындағы қатынастардан тұрады.
Жалпы принциптер халықаралық экономикалық құқық сферасында әрекет етеді- мемлекеттер арасындағы және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы экономикалық қатынастардыреттейтін жалпы принциптер мен нормаларды көрсететін халықаралық бұқаралық құқық саласы. Жалпы принциптерге табиғи ресурстар мен байлықтардың бөлінбейтін тәуелсіздігі, мемлекеттердің теңдігі және өзара пайдалығы, экономикалық дискриминация еместік принципі, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдардың нысандарды таңдау еркіндігі принципі.
Макроэкономикалық теорияның тууы, экономиканы нарықтық көзқарастан түсiндiруi бойынша майда нарықтардың жалпылама жиынтығы ретiнде экономикалық ғылымдарда терең дағдарыс туғызды.
«Экономикаға толығыменң- нарықтық түсiнiк беру керек едi. Бұл мәселенi көрнектi ағылшын экономисi Джон М. Кейнс шештi, ол бiздiң ғасырдың 30-шы жылдары макроэкономикалық теорияның негiзiн қалады, яғни экономиканың заңды қозғалысы макрорынок деп түсiнедi.
Макроэкономикада экономикалық көрсеткiштерiн жинақтау iрiлендiрген түрiнде көрсетiледi.Макроэкономикалық көрсеткiштердiң арасындығы тәуелдiлiктi байқау, макроэкономикалық талдаудың пәнi болып табылады.
Макроэкономиканың қарайтын проблемалары мынадай:
1) жұмысбастылық проблемасы;
2) ұлттық табыстың мөлшерi;
3) инфляция табиғаты;
4) әлеуметтiк шаруашылық;
5) экономикалық өсу.
Нарықтық экономика тек қана нарық жүйесi бола алады. Кейнс оның төрт негiзгi нарығын бiлдiредi: 1) тауар нарығы; 2) еңбек нарығы; 3)ақша нарығы; 4) құнды қағаздар нарығы. Бұлардың әрқайсысы белгiлi орын алады және ерекше қызмет атқарады.
Бұл нарықтар арасындағы өзара байланыс макроэкономикалық қозғалыс механизмiн құрайды және барлық макроэкономикалық, модельдерiнде көрiнедi.
Бұл макронарықта, келесi макроэкономикалық байланыс болатын, бiр нарыққа бiрiктiруге болады:
1) фирмалар мен үй шаруашылығы мемлекетке салық төлейдi;
2) мемлекеттiк фирмаларға дотация жасап және халыққа трансферттiк төлем жасайды;
3) фирмалар пайдасының бөлiгiн инвестицияға айналдырады, ал жанұя табыстарының бөлiгiн жинақтауға айналдырады;
4) мемлекет бюджеттiң бөлiгiн бюджет сферасына жiбередi;
6) мемлекет шет елдермен несие қатынастарында болады.
3. Шетел тәжірибесі
Макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаттары сондай проблемалармен анықталады, олар тек макродеңгейде байқалады және макроэкономикалық құралдармен шешiледi. Бұл жетi макроэкономикалық параметрлар – жұмысбастылық, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс,, ұлттық табыс, инфляция, экономикалық өсу, iскерлiк цикл.
Барлық елдерде макроэкономикалық көрсеткiштер жиынтығын “ұлттық шоттар жүйесi” деп атау қабылданған. Ұлттық шоттар көрсеткiштерiмен үкiмет экомомиканың барлық жағдайын анықтайды.
ҰШЖ – бiрiккен ұлттар ұйымында 1953 жылы қабылданып, көптеген елдерде қолданылады және халықаралық статистикалық ұйымдарда стандарт ретiнде қаралады. Ұлттық шоттар жүйесiнiң көрсеткiштерi: жалпы ұлттық өнiм, жалпы iшкi өнiм, ұлттық табыс.
Негiзгi көрсеткiш жалпы ұлттық өнiм /ЖҰӨ/ болып табылады. Оның көлемiн ұлттық өндiрушiлермен мемлекеттiң iшiнде және сыртында бiр жыл iшiндегi өндiрiлген аяққы товар мен қызметтердiң құны.
Жалпы iшкi өнiм /ЖIӨ/ - бұл, мемлекеттiң iшiнде ұлттық, шетелдiк өндiрушiлермен шығарылған барлық аяққы өнiмдердiң жылдық құны.
ЖҰӨ - барлығын қамтитын көрсеткiш ретiнде баланс түрiнде көрiнедi. Баланстың бiр жағында тутынуға арналған өндiрiсi көрсетiлген. Жалпы ұлттық өнiмнiң көлемi және импорттан алынған товарлар жиынтық ұсынысты құрайды. Баланстың екiншi жағында қоғамдық жиынтық ресурстардың пайдаланатын бағыттары көрсетiледi.
Сонымен, ЖҰӨ балансын мына формуламен көрсетуге болады:
ЖҰӨ + Импорт = Тұтыну /өзiндiк, мемлекеттiк/ + Инвестиция + Экспорт. Осыдан, ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция + Экспорт – Импорт.
ЖҰӨ есептеудiң үш әдiстерi бар.
ЖҰӨ - шығыны бойынша есептеу, ол барлық шығындарды қосуды шамалайды: тұтынуға, инвестицияға, мемлекет шығыны және таза экспорт.
Тұтыну(C) шығындары, бұл холодильниктi жөндеу, аяқ киiм, қант, нанға, үй шаруашылығына шығындары.
Инвестиция(I) шығындары, бұл құрал-жабдықтар, станоктар, өндiрiс үйлерi, тұрғын үй құрылысы шығындары.
Мемлекеттiк(G) шығындар – бұл товар мен қызметтерге өндiруге кететiн мемлекет заказына байланысты шығындар (электроэнергия, аурухана, библиотека т.б.). Бұған пенсиялар мен жұмыссыздыққа байланысты пособия жатпайды.
Таза экспорт – бұл бар экспорттан импортты шығарып тастағандағы бөлiгi. NX = EX – IM.
ЖҰӨ (GNP) – шығыны бойынша, бұл барлық шығынның түрлерiнiң қосындысы: GNP = C + I + G +NX.
ЖҰӨ - табыс пен де есептеуге болады. Табыстың 4 компонентi, ұлттық табысты құрайды.
1) Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбек ақысы.
2) Рента – тұрғын үй, ғимарат, жердi пайдалану табысы.
3) Ақша - капиталынан алынатын процент.
4) Пайда – фирмалар, жолдастық, корпорациялардан түсетiн табыс.
ЖҰӨ табыс бойынша есептегенде ұлттық табысқа жанама салық және амортизацияны қосу керек. ЖҰӨ - нақты есебi 2 әдiспен есептеледi, сонымен бiрдей нәтиже бередi, яғни қызмет пен тауарларды алуға жұмсалатын қаржылар олар өндiрушiлердiң табысы болып саналады.
Өндiрiс бойынша ЖҰӨ есептеудiң үшiншi әдiсi, онда ЖҰӨ мемлекеттiң барлық кәсiпорындарында шығарылған өнiмдердiң құндарын жинақтаумен анықтайды. Товарлар мен қызметтердiң қайталап есептей болмас үшiн, оларды ЖҰӨ жалпы құнымен емес, қосымша құны бойынша есептейдi. Өндiрушiлер, сол фирмалар өндiрген өнiмнiң тек сол қосқан бөлiгiнiң құнын көрсетедi.
ЖҰӨ - осу деңгейiне қарай экономиканың динамикасы бағаланады. Товарлар мен қызмет көп болған сайын ЖҰӨ-де көп болады. Бiрақ мұндай әрқашан бола бермейдi. ЖҰӨ - құндық мөлшерi өскенде, өнiмнiң физикалық көлемi төмендейдi, яғни онда товарлар өндiрiсiнен олардың бағасы жылдам өседi. Егер ЖҰӨ инфляциядан тазартатын болсақ онда оның нақты мағнасын аламыз.
Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейiндегi өзгерiске байланысты ЖҰӨ. Номиналды ЖҰӨ-нiң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы, оның бағасының өсуi ретiнде ұлғайғанын көрсетiледiде, ол дефлятор деп аталады.
Егер, нақты ЖҰӨ жылдық өсiмi 4%-тен артса, онда экономика жағдайы қанағатты, ал 4%-тен төмен болса, онда өндiрiстiң деңгейi төмендеуде және жұмыссыздық өседi.
Ұлттық счеттар жүйесiнiң (ҰСЖ) 2-шi көрсеткiшi жалпы iшкi өнiм (ЖIӨ) болып табылады. ЖIӨ-нiң ЖҰӨ-нен жоғары болуы экономика дамуындағы шетелдер меншiгiнiң белгiлi ролi барын көрсетедi.
Мемлекетпен қайтарылатын табыстарды трансферттiк төлемдер деп атайды. Оған жататындар: зейнетақы, балалар пособиясы, мүгедектерге төлем, жұмыссыздыққа байланысты төлемдер.
Ұлттық экономиканың ұдайы өндiрiстiк және салалық құрылымы.
Макроэкономикалық аспектiде ұлттық экономиканың құрылымы елдiң өндiрiстiк ресурстарының бiр-бiрiмен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесiмен; олардың мөлшерiн экономикалық агенттер арасында бөлiну мөлшерiмен; осы агенттердiң арасында өндiрiс бөлiнуiмен; сонымен қатар, ұлтық өнiмнiң өндiрiлу процесiнде, оны бөлуде, айырбастауда, тұтынуда қалыптасқан құрамдық бөлiнумен сипатталады.
Экономикалық құрылымның қалыптасуына көптеген факторлар әсер етедi, атап айтқанда қалыптасқан нарықтық коньюнктура, нарықтарының монополиялануының сыйымдылығын және дәрежесi, ұлттық экономиканың бүкiләлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiмен тығыз бiрлесiп, iс-әрекеттер жасау дәрежесi, өндiргiш күштердiң даму дәрежесi, ғлыми-техникалық прогрестiң масштабы, сипаты және темпi, өндiрiстiк ресурстардың сапасы, территорияның көлемi және инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлуi әсер етедi.
Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткiштер арасындағы сандық қатынастар пропорциялар деп аталады.
Агрегаттану дәрежесiне сәйкес, пропорциялар былай бөлiнедi:
1. Жалпыэкономикалық – агрегаттар арасындағы қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң құрылымына қарамастан (жалпы ұлттық өнiм мен ұлттық табыс арасындағы, тұтыну мен қорлану арасындағы инвестициялық және тұтынулық сұраныс арасындағы, инвестициялық және тұтынулық өндiрiс арасындағы) қалыптасқан пропорциялар.
2.Қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң құрылымын көрсететiн пропорциялар. Осы екiншi топ iшiндегiлер былай бөлiнедi:
• салааралық пропорциялар;
• iшкiсалалық пропорциялар;
• регионаралық пропорциялар;
• мемлекетаралық пропорциялар.
Өндiрiске макроэкономикалық талдау жасағанда, оның даму болашағына байланысты, ұлттық өнiмнiң ұдайы өндiрiстiк және салалық құрылымына назар аударған жөн болады.
Қоғамдық өнiмнiң атқаратын қызметтерiне сәйкес оның құрамды бөлшектерге бөлiнуiн көрсететiн құрылымды, ұдайы өндiрiстiк құрылым деп атайды.Қоғамдық өнiмнiң ұдайы өндiрiстiк құрылымына тұңғыш дәлелдi талдау жүргiзген К.Маркс. Ол мынадай негiзгi ұдайы өндiрiстiк пропорцияларды атап өткен:
• өндiрiлген жалпы қоғамдық өнiмнiң натуралдық-заттық құрамын сипаттайтын, өндiрiстiк құрал-жабдықтар өндiрiсiнiң көлемi мен тұтыну заттары өндiрiсi көлемiнiң арасындағы пропорциялар;
• өндiрiстiк ұлттық табыстың еңбек пен капитал арасындағы бөлiнуiнiң құрылымын көрсететiн, қажеттi және қосымша өнiм арасындағы пропорциялар;
• жалпы қорланудың бөлiну құрылымын көрсететiн, өтеу қоры мен қорлану қорының арасындағы пропорциялар;
• ағымды қажеттердi қанағаттандыру үшiн (тұтыну қоры) және болашақ қажеттердi (қорлану қоры) қанағаттандыру үшiн тағайындалған, әр бөлшектердiң атқаратын қызметiнiң рөлiне сәйкес, ұлттық табыстың бөлiну құрылымын көрсететiн, пайдаланғын ұлттық табыстың қорлану қоры мен тұтыну қорының арасындағы пропорциялар.
Өндiрiстiң салалық құрылымы, өндiрiстiк ресурстардың iс-әрекеттерiнiң негiзгi түрлерiне сәйкес қалыптасқан бөлiну жүйесiн және жеке салалардың жалпы ұлттық өндiрiстегi үлесiн сипаттайды.
Индустриалдық жағынан жоғары дамыған елдерде құрылымдық өзгерiстер, көбiнесе, өндейтiн өнеркәсiп салаларында тезiрек жүрiп отырады.
Осы заманда дамыған елдерде глобалдық салааралық пропорцияларда мынадай өзгерiс заңдылықтары байқалады:
• ауыл шаруашылығымен салыстырғанда өнеркәсiптiң даму қарқыны басым болып отыр;
• жалпы өнеркәсiп өндiрiс көлемiнде өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi төмендеп отыр;
• жалпы ұлттық өндiрiс көлемiнде қызмет көрсету сферасының үлесi жоғарылап отыр.
Өндiрiстiң тиiмдi салалық және ұдайы өндiрiстiк құрылымын қалыптастыру – экономиканың өте маңызды мәселесi болып табылады. Нақты қалыптасқан құрылымның тиiмдiлiк дәрежесi көп жағдайлармен, атап айтқанда, өндiрiстiң монополиялану дәрежесiмен және қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң дәрежесiмен, ұлттық экономиканың бүкiл әлемдiк байланыстар жүйесiмен ұштасуымен, ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiне кәсiпорындардың икемдi болуымен, мемлекеттiк құрылымдық саясатпен, т.б. байланысты болады.
Өндiрiстiң тиiмдi құрылымын бағалау үшiн екi критерий қолданылады: статикалық және динамикалық. Бiрiншi былай дейдi: жетiлген бәсеке болмысында өндiрiс құрылымының оптималды жағдайының болғаны – ол өнiмнiң бiр түрiнiң қосымша көлемiн өндiру, өнiмнiң басқа түрiнiң өндiрiу көлемiн төмендетпей мүмкiн болмайды (Италияндық экономист В.Парето).
Белгiлi жағдай – жетiлген бәсекелестiк теориялық абстракция болып табылады, ал экономиканың нақты салалық құрылымы,оның экономикалық тиiмдi құрылымынан ауытқып тұрады. Сондықтан ғалым-теоретиктер өндiрiстiк рсеурстардың бөлiну құрылымының жетiлгендiгiн сипаттайтын, тиiмдi динамикалық критерий табуды мақсат еткен.
Осындай критерийдi жасаумен экономикалық ғылымның негiзгi екi бағытының өкiлдерi айналысқан: молшылдық экономикасының және даму экономикасының өкiлдерi.
Молшылдық экономика теорияларында ҒТПқаралмайды. Өйткенi өз пайдасын барынша көбейтудi көздейтiн кәсiпорындары экономикалық жағынан тиiмдi технологияларды қолданады деп есептеледi.
Даму экономикасы теорияларында ҒТП, керiсiнше, молшылдықтың көзi деп қаралып, оған басты рөл жүктеледi.
Статикалық тиiмдiлiктiң қалыптасу шарттарын зерттейтiн неоклассикалық концепцияларда нарық шектелген мағынада қаралады – «сұраныс-ұсынысң үлгiсiн алған, өндiрушiлер мен тұтынушылардың айырбас процесiндегi байланыстарының жиынтығы деп. Сондықтан бұл үлгiлерде ҒТПнарықтан тыс фатор деп есептеледi. Экономикалық даму теорияларында нарық қатынастары кең мағынада қаралады – нарық механизмiне тек өндiрушiлер мен тұтынушылардың байланыстары ғана жатып қоймайды, оған кәсiпкерлердiң бiр-бiрiне нақты әсер ету жүйесi жатады, немесе, олардың шектелген ресурстар үшiн және өткiзу нарықтары үшiн жүретiн өзара сайыстары жатады. Осы жағдайда тек бiлiмдер (информация) ғана емес, ғылыми-техникалық жаңалықтарда (±ТП-тiң нәтижесi) тегiн ресурстар емес, бағасы төленiлетiн тауарлар деп қаралады. Осы тұжырым нарық экономикасын өзiн-өзi дамытатын жүйе деп қарауды тiлейдi. Осы процесте нарық экономикасы эволюциясының қозғаушы күшi – инновациялар жүргiзiп отыратын кәсiпкерлер болып табылады.
Инновация деп өзгерiстердiң, жаңалықтардың барлығы аталады. Ал инновацияның шағын түсiнiгiне келсек, онда оны жақсартылған өзгерiс деп айтуға болады. Егер нарық экономикасында тұтынушылар рационалды әрекет етiп пайдаларын барынша жоғарылатады деп қарағанда, инновацияларға тек тұтынушылар арқылы құны өтелген инновациялар жатады.
Инновациялық процестiң (инновацияның) нәтижесiн әр түрлi әдiспен классификациялауға болады.
Мазмұны жағынан инновацияларды негiзгi үш түрге бөлуге болады: өнiм мен қызметтерге жасалатын инновациялар, технологияға жасалатын инновациялар және өндiрiс факторларына жасалатын инновациялар. Бiрiншi – түрi белгiлi емес тауарлар және қызметтер, немесе, белгiлi игiлiктердiң жаңа сапасын жасаумен байланысты болады. Екiншiсi – осы салаға жаңа және әлi белгiсiз өндiрiс әдiсiн енгiзумен, немесе, сәйкес тауардың жаңа коммерциялық пайдалану әдiсiн қолдаумен байланысты. Үшiншiсi – орындаушылардың классификациясының және тәжiрибесiнiң жоғарылауымен, кәсiпкерлердiң басқару мамандығының жоғарылауымен, басқарудың жаңа жүйесiн жасаумен және өнiмдiлiгi жоғары өндiрiс құралдарын жасаумен байланысты.
Ақырғы уақытта инновациялық процестер нәтижесiнiң нарықпен байланыс дәрежесiне сәйкес жiктелуi орын алып отыр. Бұл жiктеудiң негiзiнде бiлiмдердiң қоғамдық игiлiктер табиғаты бар деген тұжырым жатады, яғни оларды кез келген адамдар сан рет пайдаланатын мүмкiндiгi болады. Нарықтық қатынастар айырбас арқылы шектелген өндiрiстiк ресурстарды бөлу механизмi болып, бiлiмдер өндiруге жағдай жасай алмайды. Бiлiмдер бюджет пен жеке жәрдемдерден қаржыландырылатын, нарықтық типке жатпайтын, ғылым сферасында өндiрiлед....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?