» » » Реферат: Экономикадағы сараптау жүйелері

Реферат: Экономикадағы сараптау жүйелері

Реферат: Экономикадағы сараптау жүйелері казакша Реферат: Экономикадағы сараптау жүйелері на казахском языке
Тауар рыноктары

2004 жылы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларының әлемдік бағалары сақталды. Энергия тасығыштар мен металдардың әлемдік бағаларының жоғарылауын көп жағдайда, Қытай мен басқа да дамушы елдердің шапшаң дамуы, шикізат өндіру мен жеткізудегі зілзала апаттары және биржа трейдерлерінің алып-сатарлық белсенділігі нәтижесінде туындаған үзілістер айқындап берді.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылында әлем рыногында негізгі экспорт тауарларына қолайлы конъюнктура сақталды. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша 2004 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда «Вrent» маркалы мұнайдың әлемдік орташа бағасы 47,2 %-ға және ұлғайды және бір баррель үшін 49,63 АҚШ долларын құрады. Мыстың әлемдік бағасы 20,6 %-ғағ мырыштыікі – 23,4 %-ға, қорғасын - 18,9 %-ға ұлғайды.
Халықаралық энергетика агенттігінің (ІЕА) болжамы бойынша 2005 жылы әлемдегі мұнай тұтыну деңгейі тәулігіне 84,27 млн. баррельді құрайды. Қытайда шикізат тұтынудың азаюы, АҚШ-та тауар запастарының өсуі және Таяу Шығыс елдерінде мұнай өндірудің ұлғаюы бағалардың төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
ІЕА мәліметтері бойынша Қытайда мұнайға сұраныстың өсу қарқыны 2004 жылғы 21 %-бен салыстырғанда 2005 жылдың басында 5,4 %-ға дейін азайды.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (бұдан әрі – ОПЕК) 2005 жылы шикі мұнайға жаһандық сұранысқа қатысты өз болжамын күніне 80 мың баррельге ұлғайтты. Әлемдік мұнай картелінің веналық штаб-пәтерінде жарияланған ОПЕК-тің сараптамалық баяндамасында аталғандай, 2005 жылы мұнайға жаһандық сұраныс күніне 1,73 миллион баррельге өседі.
2005 жылы әлемдік тауар рыногында мыс тапшылығы байқалатын болады.
Intеrnational Copper Studi Group (ICSG) бағалауы бойынша 2005 жылдың аяғына қарай рынокта мыстың жетіспеуі 260 мың тоннаны құрайды.
Soсiete Generale француз банкінің талдаушылары 2005 жылғы мыстың құнына қатысты қаңтардағы болжамды қайта қарады. Осылайша, мыстың орташа бағасы бір тонна үшін 2980 АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр, бұл алдыңғы болжамнан 9,7 %-ға жоғары. Банктің бағалауы бойынша 2005 жылы металға сұраныс 3,9 %-ға – 17,4 млн. тоннаға дейін ұлғаяды, соның нәтижесінде 50 мың тонна мөлшерінде тапшылық пайда болады.
Орта мерзімді жоспарда мыс рыногына қатысушылар металдың биржалық запастарының азаюын және Қытай тарапынан сұраныстың ұлғаюын болжап отыр.
Қорғасын бағасы ұлғаюының жалғасуы әлемдік экономиканың дамуымен, Қытай сұранысының өсуімен, сондай-ақ шикізат өндіру жағдайларының күрделенуімен түсіндіріледі. 2005 жылғы наурызда Лондон металдар биржасында қорғасынның орташа құны бір тонна үшін 1004,6 долларды құрады және 11,3 %-ға ұлғайды. Бұл ретте қойма запастары 34 мың тоннадан 33-ке дейін азайды.
Ұзақ мерзімді перспективада Қытай, АҚШ және Жапония тарапынан сұраныстың одан әрі өсу үрдісі, сондай-ақ әлемдік тауар рыноктарында қорғасын запастарының азаюы ықтимал. Қорғасын рыногына алып-сатарлық фактор зор әсерін тигізеді, талдаушылардың бағалауы бойынша бүгінде қорғасын бағасының шамамен 20 %-ын «алып-сатарлық үстеме» құрайды.
Қорғасын құнына қатысты болжамдарда бағалардың 2005 жылы жоғарылауы және 2006 жылы төмендеуі күтіледі.
2005 жылы жалпы әлемдік сұраныстың ұлғаюы және мырыштың биржалық жоғары бағасының сақталуы болжанып отыр. Goldman Sachs талдаушыларының болжамдары бойынша Қытай тарапынан сұраныстың өсуі және жаңа металл көздерінің болмауы салдарынан 2005 жылы мырыштың орташа жылдық құны 28 %-ға өсуі мүмкін. Тұтастай алғанда, өткен жылмен салыстырғанда сұраныстың 2 %-ға ұлғаюы болжанып отыр.
Лондон металдар биржасының мәліметтеріне сәйкес, қаңтар-маусымда мырыштың орташа айлық бағасы бір тонна үшін 1294 АҚШ доллар деңгейінде белгіленді. 2005 жылдың басынан бері мырыш 23,5 %-ға қымбаттады.
Әлемдік экономиканың бүгінгі жалпы өрлеуіне байланысты барлық өзге металдарға сұраныстың өсуі сияқты алюминийге әлемдік сұраныс өседі. Бұл ретте алюминий тапшылығы байқалатын болады, бұл глиноземның ірі импорттаушысы болып отырған Қытай тарапынан болатын жоғары сұраныспен байланысты. Қазіргі уақытта Қытай әлемдегі бүкіл алюминийдің 20 %-ынан астамын тұтынады.
Алюминий бағасының 2005 жылға арналған болжамдарының басым көпшілігінде осы металл бағаларының өсуі болжанады. Мысалы, Soсiete Generale француз банкі алюминийдің орташа бағалары болжамын 6 %-ға – бір тонна үшін 1950 долларға дейін көтерді. Болжамды бағалардың жоғарылауы алып-сатар инвесторлар тарапынан металға сұраныстың шапшаң ұлғаюы салдарынан болды.
Тұтастай алғанда, Morgan Stenley сарапшыларының бағалауы бойынша 2005 жылы болаттың бағасы 2004 жылғы орташа көрсеткіштен асып түседі. Мысалы, 2004 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 2005 жылы ыстықтай басылған рулонды болат құны 9 %-ға ұлғаяды және бір тонна үшін 480 долларды құрайды. Сонымен қатар, талдаушылар ыстықтай басылған болат құны 2006 жылдың өзінде 15 %-ға – орта есеппен бір тонна үшін 409 долларға дейін азаяды деп күтуде.
Қазақстан, бүгінде әлемдік экономикалық жүйеге біріккен шағын рынокқа ие бола отырып, өзінің негізгі сауда-саттық жасайтын әріптестерінің тұрақты дамуына мүдделі.
Сарапшылардың бағалауы бойынша жалпы алғанда, АҚШ пен ЕО-дағы қалыптасқан экономикалық ахуал Қазақстанның экономикасына теріс әсер етпейді. Қазақстандық экспорттық тауарларға деген сұраныс едәуір жоғары және жақын перспективада бұл елдермен сыртқы сауданың көлемі сақталады.
АҚШ долларына қатысты теңгенің нақты нығаюы және кірістердің өсуі кезінде инвестициялық және тұтушылық сұраныс негізінен алыс шетелдермен болатын импорттың есебінен қамтамасыз етіледі.
Қытайдың қарқынды дамуы сыртқы сауда операциялар бойынша көрсеткіштердің жақсаруын болжауға мүмкіндік береді және бұл елдің қаржы рыногында қазақстандық экспорттың кеңею және жылжу мүмкіндіктерін күшейтеді.
Жақын перспективада республиканың негізгі сауда әріптесі Ресеймен тауар айналымы төмендемейді деп күтілуде.
Мұнай рыногы бағалардың жоғары деңгейімен және өндірудің, сол сияқты тұтынудың тұрақты өсуімен сипатталады, бұл мұнай экспорттаушылар үшін барынша қолайлы. Жалпы, әлемде мұнай тұтынудың ұлғаюы және бағаның жоғары болуынан мұнай, Қазақстанның сыртқы саудасының экспорттық құрамына қолайлы әсер етеді.
Астықтың, сондай-ақ әлемдік запастар өндірісінің, оның ішінде республиканың негізгі сауда әріптестерінің бірі Қытайда төмендеуі алдағы жылдарда қазақстандың бидайдың экспорт көлемінің тұрақты сақталуында негізгі фактор болмайды.
Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, сондай-ақ бірқатар елдердің тарапынан түсті металдарға сұраныстың және оны тұтынудың ұлғаюы Қазақстанның металлургиялық кешенінің дамуына оң әсер етеді.
Қара металдар рыногындағы кейбір ахуалдың нашарлауына қарамастан автомобиль өнеркәсібі мен кеме құрылысы үшін болат өніміне Қытайда қажеттіліктің өсуі бұл өнім экспорты көлемінің ұлғаюы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Ішкі жағдайлар

2006 – 2008 жылдары экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканы өсірудің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі осы аралықтағы инфляцияны ұстап тұру мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды қабылдайтын болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеуші функцияларын күшейту үшін практикаға тоқсан сайын қайта қарауды және қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтілімдердің деңгейіне қарай белгілеуді енгізу жоспарланып отыр.
Теңгенiң айырбас бағамының серпiнi сыртқы жағдайлармен де, Ұлттық Банктiң бағамды iшкi валюта рыногына шетел валютасының ағынына байланысты қалыпты өзгеруiн қамтамасыз ете отырып, теңге бағамының күрт ауытқуларын болдырмауға бағытталған саясатымен де айқындалатын болады.
Алдыңғы жылдардағыдай, бұл жылдары да өнеркәсіпті дамыту негізінен басты екі стратегиялық құжатта: Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында (бұдан әрі - Стратегия) айқындалатын болады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес 2003 жылға қатынасы бойынша 2005 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 2,7-3 есе ұлғайту ұйғарылып отыр.
Мұнай-газ секторын тұрақты дамыту Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Экономиканың бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету үшін Стратегияның екiншi кезеңiн iске асыру жалғасатын болады. Экономиканың басым салаларында кластерлік бастамаларды дамыту үшiн негiз құру бұл кезеңнiң негізгі қорытындысы болады.
Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту бұл міндетті шешудегі бірінші қадам болды және бұл перспективада экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді. Аталған Жоспарға жеті пилоттық кластерлер енгізілді: туризм, құрылыс материалдары, тоқыма өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ машиналарын жасау, көліктік логистика. Қабылданған шаралар кейінгі жылдары экономиканың осы салаларына кластерлік ұстанымды кең ауқымда енгізу үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Кластерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жекелеген басым инвестициялық жобалар, сондай-ақ инновациялық сипаты бар жобалар даму институттары арқылы қаржыландырылатын болады.
Қаржы даму институттарының инвестициялық жобаларының портфелі қаржыландыруда даму институттарының 530 млн. АҚШ долл. астам қатысу үлесі бар жалпы сомасы 1776 млн. астам АҚШ долл. қаржыландыру үшін мақұлданған 96 инвестициялық жобалардан тұрады.
Қазақстанның инвестициялық қоры үш жоба бойынша - құны 269,15 млн. АҚШ долл. табақ шыны, құны 80 млн. АҚШ долл. электрмен пiсiру тiк жiктi құбырлар және Қарағандыда құны 269 млн. АҚШ долл. сортпрокат өндірісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастады. Өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған, перспективалы жобалар болып табылатын құны 150 млн. АҚШ долл. Шар-Өскемен темір жол желісін салу жөніндегі жобалау жұмыстары жүргізілуде.
2005 жылы даму институттарының 21,5 млн. АҚШ долл. қатысу үлесімен
қаржыландыру үшін 525,2 млн. АҚШ долл. сомасында 29 жоба мақұлданды.
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ қатысуымен 2004 - 2005 жылдары Қарағанды, Орал және Алматы қалаларында жарғылық капиталдарының жалпы сомасы миллиард теңгеден асатын үш өңірлік технопарк құрылды.
Технопарктер қызметінің негізгі мақсаты отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді және перспективалы шетелдік технологиялар трансфертін енгізудің тиімді тетігін жасау арқылы экономиканың нақты секторының технологиялық дамуына жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысымен Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Бағдарлама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық гранттық қаржыландыру жүйесін енгізуді көздейді.
Республикада инвестициялық преференциялар беру 2003 жылғы 8 қаңтарда қабылданған «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 2005 жылғы мамырда «Кейбір заңнамалық актiлерге инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда бірқатар басымдықтарға ие инвестициялар беруді мемлекеттік қолдау шараларының жаңа тетігі қаланған.Олар:
• отандық, сол сияқты шетелдік инвесторларды тең деңгейде қолдау және ынталандыру;
• инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қарау мерзімдері едәуір қысқартылған (отыз жұмыс күніне дейін);
• оларды беру тәртібі және инвесторларға инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен оған құрамдауыштардың импорты кезінде кедендік баждарды төлеуден босату тетігі оңайлатылды;
• 10 жылға дейін корпорациялық салықтан босату түрінде салық преференциясының әрекет ету мерзімі Салық кодексіне сәйкес келтірілген;
• келісім-шарт бойынша инвесторлардың инвестициялық міндеттемелерді орындау мониторингінің барынша ашық және нақты рәсімдері белгіленді;
• мемлекеттік заттай гранттар беру схемасы өзгертілді.
«Инвестициялар туралы» Заң инвестициялар көлемінің төменгі шегін белгілемейді, ол қызметтің басым түрлерінде инвестицияны жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса алғанда, оны қолдану аясын кеңейтеді.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында активтерді басқару жөніндегі бірқатар мемлекеттік функцияларды рыноктық ортаға беру арқылы мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыру жүргізіледі.
2006 - 2008 жылдары әлемдік рынокта мұнайға қолайлы баға конъюнтурасының сақталуы экономика өсуінің негізгі факторларының бірі болады.
Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға ішкі сұраныстың кеңеюі инвестициялық ресурстардың импортын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Макроэкономикалық саясат және 2006 - 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы

Қазіргі уақытта экономиканың «қызып кету» болдырмау проблемасы елдің тұрақты макроэкономикалық дамуын қолдау бөлігінде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы уақыттарда Қазақстанның экономикасында белгілі бір үрдістер бар, олардың дамуы орта мерзімді перспективада экономиканың «қызып кетуіне» әкелуі мүмкін.
Қазақстанның экономикасы жоғары қарқынмен өсуде. 2000 жылдан бастап ЖІӨ өсуінің орташа қарқыны 10,3 %-ды құрады. Алайда, экономикалық өсу ең бастысы әсер етуі күшейіп бара жатқан шикізат секторының дамуына байланысты.
Инвестициялардың құрылымы олардың басым бөлігінің экономиканың шикізат және сатылмайтын салаларына бағытталатынын көрсетті. Елдің жалпы экспортындағы мұнай мен газ конденсаты экспортының үлесі ұлғаюда.
2005 жылғы бірінші жарты жылда өткен жылмен салыстырғанда кейбір инфляциялық процестердің күшеюі байқалады. Бұл экономика «қызып кетуінің» басталуының басты белгілерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылғы жарты жылдың қорытындылары бойынша қаңтар-маусымда инфляцияның деңгейі 3,5 % құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайыздық пункт жоғары. Ал жылдық мәнде 2005 жылғы қаңтар-маусымда инфляция деңгейі өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда орташа 7,3 % құрады (2004 жылы 6,9).
Инфляцияға монетарлық фаторлардың үлкен әсер етуі жалғасуда. Соңғы жылдары экономикаға қысым жасай отырып, ақша массасы жоғарғы қарқынмен өсуде. Ақша ұсынысы экономиканың өсуі қарқынынан едәуір оза отырып, қарқынды өсуін жалғастыруда.
Сыртқы рынокта қарыз алушылар ретінде банктердің белсенді қатысуы банк секторының экономиканы кредиттеу көлемінің өсуіне ықпал етті. Өз кезегінде банктердің сыртқы қарыз алуының өсуі ссудалық капиталдың төмен құнымен сипатталатын сыртқы рыноктағы қолайлы жағдайға негізделген.
2000 жылмен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздары 2004 жылы 34,5 есе өсті, 2001 жылмен салыстырғанда банктік емес жеке сектордың қарыздары 4 есеге өсті.
Сыртқы қарыз алудың және кредит беру көлемінің өсуімен қатар банктердің тәуекелдері де өсуде және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасы нашарлауда.
1999 жылмен салыстырғанда 2004 жылдың соңында ақша массасы 6 есе, экономикадағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 10 есеге өсті, ал номиналды ЖІӨ 2,7 есеге ғана өсті.
«Либералды» ретінде сипатталатын, соңғы уақыттарда жүргізіліп отырған фискалдық саясаттың елдің макроэкономикалық жағдайына белгілі бір әсері бар. Экономиканың «қызып кетуі» туындауы үшін белгілі бір алғышарттар байқалуда, атап айтқанда мемлекеттік бюджет шығыстары өсуінің орташа қарқыны номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқынын басып озуы.
Либералды фискалдық саясат жүргізуден ақша агрегаттарының жылдам өсуімен қатар экономика өсуінің жоғарғы қарқыны инфляциялық процестердің жылдам жүруіне ықпал етті.
Мұнайға жоғары әлемдік бағаға байланысты мұнай секторының шапшаң дамуы, белсенді фискалдық саясатын жүргізу, инфляциялық процестерді жеделдету және ақша массасының өсуі 2001 жылдан бастап АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюына ықпал етті. Өз кезегінде ұлттық валютаның нығаюы отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне және импорттың жаппай көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін.




Экономиканың бұдан әрі «қызып кетуін» болдырмау және орта мерзімді перспективада макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру мақсатында шаралар кешенін қабылдау қажет.
Зерттеулер жүргізу негізінде жаңа мұнай кен орындарын пайдалануға тартуды есепке ала отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған мұнай мен газ өндірудің барынша қолайлы кестесін әзірлеу қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өндіруді еңсеру орынсыз, түсетін кірістерді экономиканы реформалауға, оның шикізаттық бағытынан кету, іске асырылатын бағдарламаларға мұрындық болатын басқа да факторларды жұмылдыруға жұмсау қажет.
Бұдан әрі мұнайға жоғары әлемдік баға және шетел капиталының көп көлемде елге ағылуы жағдайында фискалдық, сол сияқты ақша-кредит саясатын қатаңдату қажет.
Ақша-кредит саласында ақша агрегаттарының өсуіне бақылауды күшейту, сондай-ақ пайыздық ставкаларды өзгерту арқылы ақша рыногына әсер етудің тиімділігін арттыру қажет.
Қаржы секторын дамыту саясаты халықтың еркін ақша қаражатын инвестициялардың көзіне айналдыру үшін бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға бағытталуы тиіс. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуының шамадан тыс өсу қарқынын тежеу жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Бәсекеге қабілетті экономика құру мақсатында Қазақстанның бәсекелі басымдықтарына сәйкес экономиканың секторларын дамыту, инфрақұрылым саласындағы реформалардың жалғасуы қажет. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы стратегияларды іске асыру жолымен өнімділігі жоғары жұмысшы күшін құруға көп көңіл бөлу қажет. Ғылым мен инновацияларды дамыту саласында жоғары білім мен ғылым жүйесін айтарлықтай жаңарту қажет.
Экономика дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету үшін 2006-2008 жылдары экономика өсуінің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 78 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Экономикадағы сараптау жүйелері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экономикадағы сараптау жүйелері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экономикадағы сараптау жүйелері, реферат Экономикадағы сараптау жүйелері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Экономикадағы сараптау жүйелері на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша реферат жоспар Экон, Реферат: Экономикадағы сараптау жүйелері реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы