👈 қаріп өлшемі 👉

Экономикалық ақпараттар жүйесінің қоғамдағы даму рөлі

Экономикалық ақпараттар жүйесінің қоғамдағы даму рөлі

Ақпараттық жүйелер теориясы

Ақпараттық жүйенің теориясы деп ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады.
Ақпарат - латынның деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімеде немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған , түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз оны алушы кісіге дейін қабылдау механизімінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарастыруға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және пргматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпараттың бағалылыға, болашақ жүйені зерттеудегі әсері, ЭЕМ-да кодталу форматы, сандық бейнеленуі және мөлшері қарастырылады. Синтаксистік деңгейде мыналар есепке алынады:
- тасушы типі;
- ақпаратты еөрсеті тәсілі;
- ақпаратты беру және өңдеу жылдамдығы;
- ақпаратты көрсетудің кодтар форматы;
- ақпаратты түрлендірудегі қауіпсіздік және нақтылық және т.б.
Синтаксистік деңгейде қарастыратын ақпаратты әдетте мәліметтер деп атайды.
Семантикалық деңгейде бейне, таңба, объект сәйкестілік аспектісін білдіреді. Яғни ақпараттың оның сол ақпарат көзіне қатысын анықтайды. Семантикалық ақпарат тек ақпарат және пайдаланушы тұтас болғанда ғана көрінеді.Семантикалық аспект ақпарат мазмұнының мағынасын қарастырады. Негізгі 2 зерттеу әдістері бар:
1. Берілген ақпараттың қабылдаушымен қабылдау мүмкіндігін болмауында.
2. Ақпаратты қабылдаушыға бұрынна белгілі болуы.
Прогматикалық деңгей ақпарат пен оны пайдаланушы арасындағы байланысты көрсетеді, ақпарат пен басқару мақсатының сәйкестілігін тексереді. Ақпараттың прогматикалық қасиеттері ақпарат пайдаланушы және басқару мақсаты тұтас болған кезде көрінеді. Прогматикалық аспект ақпараттың бағалылығын, тиімділігін, басқару шешімін жасауды қолдануды қарастырады.
Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақапарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысты бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады.
Ақпарат жүйесі - қандай да бір объектіні басқаруға қажетте ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.

Ақпарат жүйелерінің архитектурасы

Ақпарат жүйелерін жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру құрайды, сондықтан осы қарастыруға сәйкес кез-келген жүйе, сонымен қатар ақпарат жүйесі ортақ мақсатқа жетуде бірегей әрекеттесетін өзара байланысқан объектілерден (элементтерден) тұрады.
Жүйелерге олардың объектілерінің күйінің өзгеруі тән, жүйе күйінің өзгеруі белгілі мерзімде түрлі үрдістеріне және сыртқы ортада өзара әрекеттесу әтижесінде жүзеге асырылады. Жүйенің мұндай іс-қимылдары негізінде келесі қағидаларды ұсынған жөн:
- эммердженттілік, яғни жүйенің жалпы құрылымы негізінде бүтіндігі, мұнда жеке объектілердің іс-қимылдары бүкіл жүйенің әрекеттесуі позициясынан қарастырылады;
- гомеостазис, яғни жүйенің тұрақты әрекет етуін және ортақ мақсатқа жетуін қамтамасыз ету;
- сыртқы орта өзгерісіне бейімділігі және жүйе элементтеріне әсет ету арқылы басқару мүмкіндігі.
Экономикалық жүйе құрылымы (өндірістік кәсіпорынның, сауда ұйымдарының, коммерциялық банктердің, мемлекеттік ұйымдардың) кибернетика тұрғысынан суретте көрсетілген , мұнда негізгі сыртқы орта, объект және басқару жүйесі арасындағы ақпараттық ағымдар АА1, АА2, АА3, АА4 белгілермен бейнеленеді және оларды қолдайтын эеономикалық ақпарат жүйесімен байланысқан.
Экономикалық ақпарат жүйесі объектіні және басқару объектісін өзара және сыртқы ортамен ақпараттар ағындар арқылы байланыстырады.
АА1 – сыртқы ортыдан басқару жүйесіне түсетін ақпараттық ағын. Нормативтік ақпаратты және нарық коньюктурасы туралы, бәсекелестер , тұтынушылар, жабдықтаушылар туралы ақпаратты қамтиды.
АА2 – басқару жүйесінен сыртқы ортаға түсетін ақпараттық ағын, нақты айтқанда, мемлекеттік ұйымдарға өткізілетін қаржылық ақпарат, яғни есеп берулер, сонымен қатар, инвесторлар, несие берушілер, тұтынушылар талап ететін ақпарат, тұрақты тұтынушылар қажет ететін маркетингтік ақпарат.
АА3 – басқару жүйесінен басқарылатын объектіге (тура кибернетикалық байланыс) түсетін шаруашылық үрдістерді жүзеге асырудағы жоспарлық, нормативтік ақпараттың жиынтығы.
АА4 – басқарылатын объекттен басқару объектісіне түсетін ақпарат ағыны (кері кибернетикалық байланыс). Шаруашылық үрдістерді жүзеге асыру нәтижесінде экономикалық жүйенің басқару объектісінің шикізат,материялдар, қаржы, еңбек, энергия ресурстарды, дайын өнім, орындалған жұмыстарды қамтиды.
Сурет 1. Экономикалық ақпарат жүйе құрылымы.

Экономикалық ақпарат жүйесі ұғымы және сыныптамасы

Қазіргі кезеңнің ерекшілігі индустриялды экономикадан негізгі қоры ақпараттық қор болып табылатын ақпараттық экономикаға көшу. Индустриялды экономика көп мөлшерде шикізат (мұнай, газ) адам еңбегін қолдануды қажет етеді. Ал ақпараттық экономика көп табиғи шығындарды қажет етпейді, мұнда негізгі қор ақпарат болып табылады. Экономикалық ақпарат дәуірінде еңбекті қолданатын технологиядан білімді қолданатын технологияға көшу байқалып отыр:
1. Қазіргіуақытта ақпараттық қызметте ақпаратты сақтау, іздеу және өткізу үрдістерінен оны қолдануға ауысу байқалады.
2. Ақпаратттық ортада жұмыс істеушілердің санының өсуімен сипатталады.
Экономикалық ақпарат жүйесі өз қызметінде келіп түсетін есеп-беру ақпаратын және нормативтер мен жоспарларды аналитикалық ақпаратқа өңдейді және жинайды, бұл ақпарат экономикалық жүйенің дамуына байланысты болжам құруға, мақсаттарды қайта қарастырып, жаңа жоспарларды қалыптастыруға негіз ретінде қолданылады.
Экономикалық ақпарат жүйесінде ақпаратты өңдеуде төмендегідей талаптар қойылады:
- басқару функцияларын жүзеге асыруда ақпараттың толықтылығы және жеткіліктілігі;
- ақпараттың мерзіммен ұсынылуы;
- басқару деңгейіне қатысты ақпараттың шынайылығын қажетті дәрежеде қамтамасыз ету;
- күтілетін тиімділіктен ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығындар мөлшері аспауы керек, яғни үнемділік;
- қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің өзгеріп отыруына бейімділік.
Басқарудың түрлі деңгейлерінде, яғни жедел басқару, тактикалық және стратегиялық басқару деңгейінде экономикалық ақпаратты жүйемен өңделетін ақпарат сипатына сәйкес келесі ақпараттық жүелер түрлеріне бөлеміз.
- мәліметтерді өңдеу жүйелері (EDP – electronic data processing);
- басқарудың ақпараттық жүйесі (MIS – management information system);
- шешім қабылдауды қолдау жүйелері (DSS – decision support system).

Экономикалық ақпарат жүйесі құрылымы
Экономикалық ақпарат жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі, оның ішкі жүйелерге бөлінуі, әдетте экономикалық ақпарат жүйесі құрамдық сипаты бойынша функионалдық және жабдықтау бөлімдеріне бөлінеді.
Ақпарат жүйесінің функционалдық бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалдық ішкі жүйе нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің нақты салыстырмалы тәуелсіз бөлігі. Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелерінің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлім.
Басқарудың негізгі функциялары – болжау, жоспарлау жедел басқару,есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтерінің түрлерімен байланысты болады. Функционалыдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынынан бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.
Ақпараттық жүйенің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
Ақпараттық жүйе құрылымы – ішкі жүйе ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақытылы байланыстырады салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты. ....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы