» » » Реферат: Фирма теориясы

Реферат: Фирма теориясы

Реферат: Фирма теориясы казакша Реферат: Фирма теориясы на казахском языке
Фирма теориясы мәміле шығындарын есептегендегі фирма жұмысын
математикалық үлгілеу
Фирма –тұжырымдамалық жүйемен басқара алатын физикалық жүйе.Ол физикалық және тұжырымдамалы ресурстардан тұрады.Фирманың физикалық жүйесі- тұйық жүйе.Бірақ фирма қоршаған ортамен тығыз байланыста болады және одан ресурс алып,оны өнім етіп өндіріп,қызмет көрсетіп,ортаға қайтарып беретіндіктен ол ашық жүйе болады.Фирманың иелері,ортаның спецификалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып ортаны қызмет көрсетумен және өніммен қамтамассыз етеді және фирма осы әрекеттерді орындай алатындай етіп ақша салып отырады.
Фирманың ақпараттық ресурстарына- программамен қамтамассыз ету ақпараты,аппаратура ,жабдықтар,мәліметтер,программалық жабдықтар және пайдаланушылар кіреді.Барлық деңгейдегі менеджерлер жоспарлаумен айналысады.
Фирманың мақсатқа жетуі үшін оның әр аумағы өз көмегін тигізеді.Фирманың болашақта қажет ететін ақпараттық ресурстардың стратегиялық жоспарлау деп атайды.
Фирма орта элементтерімен персонал,машиналар,қаржы,ақпаратты енгізетін ресурс ағымдарымен байланыста болады.Ресурстар орта элементтері арқылыфирмаға қарай жылжиды және фирма арқылы орта элементтеріне керібайланыс жасай алады.Фирма мен элементтер арасында байланыс жасайтын жалғыз ресурс-ол ақпарат.Компьютер пайдаланушыларына соңғы пайдаланушының жұмысы сияқты ешкім әсер ете қойған жоқ.Соңғы пайдаланушылар өздерінің көптеген жұмыстарының түрлерін дамытуда.Ешқандай тәуелсіз бұл тенденциялар жалғаса береді және олар фирмаға қосымша пайда әкеледі.
Фирма-нарықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып саналады.Оның іс-әрекеті,тәсілдері және мінез-құлық дәлелдері шешуші түрде отандық экономиканың ржүйесінен нарықтық жүйеге өту экономиканың құрылымды өзгеруіне жағдай туғызады.
Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Қазіргі жетілмеген,бағалық емес және бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті,әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме,кешпе фирма үшін төлем төлей алмасу жағдайына әкеледі.Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтарымен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда,сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма,егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса,мына теорияны бұлжытпай орындауы тиіс:табыстарды көбейтуді ,шығындарды азайту арқылы емес,сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек,шын мәнінде осы факторлар өзара байланысты болса да .
Жалпы қабылданғандай фирма басшысы білімді және жанжақты болса да,яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық,сапа ,дизайн,жиі жаңартумен әр алуан ассортимент ,сатудан кейінгі жоғарғы деңгейдегі сервис қойылғанда өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көз жетеді.
Қазіргі заманға сай фирмаларды өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына теориялармен сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден үлкен икемділігі ,өнім ассортиментін өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек.Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімдеуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден,фирма жаңа течнологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге қмтылуы тиісӨндіріс течнологиясы күрделі екені соншалықты ,қазір еңбек бөлінісімен ұйымдастырудың басұада нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді.
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейін көтеруге көңіл бөлуі керек.Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек ,өсіп қана қойған жоқ,жәнеде өзінің сипатын түбімен өзгертті.
Фирма теориясының қатан рыноктық бәсеке жағдайындағы фирманың шаруашылық қызметін зерттейді.
Фирма ішін үлгілелеуді жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас ,жоспарлауды ұйымдастырудың екі кестесі бар: жоғарыдан төменге,
төменнен жоғарыға:
- Жоғарыдан төменге жоспарлау,осы кесте бойынша жұмыс жоғарыдан басталады.Фирма басшысы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды.Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда фирманың ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі,олар бөлімшелер жоспарларына енгізіледі.
- Төменнен жоғарыға жоспарлау.Жоспарлаудың осы кестесін ңолданғанда фирманың төменгі бқлімшелері жоспарлық есептерді бастайды.Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уфңыт кезеңіндегі фирманың шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді.
Жоспарлаудың кез келген кестенін қолданғанда фирманың барлық бөлімшелерінің жоспарлары, өндірістік және өткеру операцияларының жалпы үйлесімімен сәйкестілігі қажет.
Фирма ішілік жоспарлаудың артық элементтері болып біртұтас жоспарлық баланста біріктірілетін пайда бойынша жоспар мен қаржы жоспары.Соңғысында фирманың тұрақтылығының көрсеткіштері көрініс алады.
Фирма тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- активтер-жыл аяғындағағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны; өнімдер мен қызметтерді өтеуден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі;
- нақты негізгі капитал жер,ғимарат.Амортизациялық құны шегерліген қондырмалар мен жабдықтар;
- «кэш-лоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерізімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Фирма шығындары -өнім өндіру мен оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.
Нарықтық экономикадағы шығындар :
Айқын
Жүктеме
Қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.
Жалақыны төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар фирманың айқын шығындары деп аталады,қаржылық есеп беру негізінде есептелетін болғандықтан,оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды.Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды,ал өнімнің өзіндік құнымен тауарларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.
Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға,өлшемдерге,оларды баламалы пайдалануды жаксартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп те аталады.
Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.
Өндірістік шығындары тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.Тұрақты шығындар -өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар.Ал өзгермелі шығындар-өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.Бұған :
Жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;
Материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
Энергия , отын;
Басқа да жұмсалған шығындар жатады;
Тұрақты және өзгермелі шығындар фирманың іс-әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерізімді болып екіге бөлінеді.
Қысқа мерізімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды.Бұл теык материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді,сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді.Осы кезеңде шығарылған өнім өзгермелі шығынға байланысты болады,тұрақты шығынның шамасы сол қалпында қалады.
Ұзақ мерізімді кезеңдерге фирманың барлық өндірістік қуатын пайдаланудың маңызы зор.
Материалдық шығындарға жататындары:
Фирманың иелігіндегі өнімдеді дайындау құрамына кіретін немесе технологиялық прогресті қамтамасыз ететін буып-түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар ;
Сатып алынған қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплекті бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;
Сатып алынған энергияның барлық түрлері(электірлік,жылу,сығылған ауа,суықтық)
Жалақы шығындары:
- кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің жалақысы;
- жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін сыйлықтар;
-ынталандыру немесе өтемақы төлемдері;
-заттай түрінде берілген өнімдердің құны;
-жұмысшыларға келісім-шарттың орындалу қорытындылары бойынша берілетін төлемқы;
-басқа да төлемдер;
Басқада шығындар қорына :
- салықтар;
- алымдар;
- арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар;
- жалға төлеу;
-мүлікті міндетті сақтандыру;
-медециналық сақтандыру қорына аударылатын қаржылар жатады.
-ластанған заттарды шығарып тастауға байланысты мөлшері шектелген төлемдер кіреді
Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
-шығын мақсатына ,негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу объектілеріне бөлінеді;
-өнімнің өзіндік құны ,негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
- өндірістік шығынның есептеу объектісі бойынша жалпы сомасы анықталады;
-ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығымен мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-есептеліп шығарылады
Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:
өзіндік құнның калькуляциясы
шығын сметасы
Өзіндік құнның калькуляциясы-өнімді өндіру мен өткізуге,жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау
Шығын сметасы-шығынның эконосикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы.
Рентабельдік немесе тиімділік неміс тілінен алынған «пайдалы» немесе «кірісті »деген ұғымды білдіреді.Бұл-кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айнлым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.
Фирманың шаруашылық және қаржылық қызметтерін талдау, ақыр соңында, оның нарықтағы іс-қимылының стратегиясын өзгертудің немесе сақтаудың дұрыстығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол фирманың даму үрдісиерін қадағалап отыруға, шаруашылық және коммерциялық қызметтеріне кешенді баға беруге мүмкіндік бере отырып, басқару шешімдерін қабылдау процесін және фирманың өзіндік кәсіпкерлік қызметтерін біріктіреді.
Фирманың мәміле шығындарын талдау – кәсіпорындардың қызметін жүргізудің алуан түрлі аспектілерін сипаттайтын кең ауқымды аппараттарды өңдеумен байланысты. Бухгалтерлік есепте, есептеу ведомостілерінде, баланстарда шоғырландырылған мәліметтер осындай ақпарат көздері болып саналады.
Қазіргі заманғы экономика тауарды өндіру орнының әрқашанда тұтыну орнымен сәйкес келе бермейтіндігін сипаттайды. Сол сияқты өндіру мен тұтыну процестерінің уақытпен сәйкес келмейтін кездері болады. Сондықтан, менеджменттік қызметтің алдында тиімді өткізу саясатын әзірлеу жолымен өнімдерді өткізу міндеттері тұрады. Мәмле шығындарын ескергенде мына ережені бұлжытпай орындау тиіс: тадыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сақтау көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы фактілер өзара байланысты болса да. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 108 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Информатика | Қазақстан Республикасының компьютерлендіру және ақпараттандыру деңгейі
Рефераттар жинағы
Реферат: Информатика | Қазақстан Республикасының компьютерлендіру және ақпараттандыру деңгейі
Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту
Реферат: Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу
Реферат: Экономика | Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
Реферат: Экономика | Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары
Реферат: Экономика | Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
Курстық жұмыс: Экономика | Фирма шығыны мен кірісі
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Фирма шығыны мен кірісі
Курстық жұмыс: Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы
Курстық жұмыс: Менеджмент | МЕНЕДЖМЕНТ -- ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН БҮГІНГІ КҮН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Менеджмент | МЕНЕДЖМЕНТ -- ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН БҮГІНГІ КҮН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.
Реферат: Экономика | Еңбек рыногынындағы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Еңбек рыногынындағы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы
Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Реферат: Тарих | Монополия дегеніміз не
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Монополия дегеніміз не
Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Курстық жұмыс: Экономика | ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дипломдық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық қызметтер нарығын кластерлік талдау әдісін енгізу
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық қызметтер нарығын кластерлік талдау әдісін енгізу

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Фирма теориясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Фирма теориясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Информатика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Фирма теориясы, реферат Фирма теориясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Фирма теориясы на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Информатика жоспарымен казакша реферат жоспар Фирма теориясы, Реферат: Фирма теориясы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы