Тарих | Алғашқы қауымдық құрылыс

Тарих | Алғашқы қауымдық құрылыс

Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық құрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі — креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын сөзі- create — жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты қасиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол: «Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят). «Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде... жер бүтіндей Онын уысында» (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар).
Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену киын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі.
Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалык негізін барлық ру мүшелерінің өндірістің құрал-жабдыққа қоғамдық меншігі құрады. Өнім жинайтын егістіктер, балық, аң аулайтын жерлердің бәрі ру мүшелерінің еркін пайдаланатын меншіктерінде болды. Сонымен қатар өндіргіш күштердің әлсіз, дамымаған жағдайларына байланысты алғашқы адамдар жеке адам болып өмір сүре алмады. Табиғи апаттар, жыртқыштарға жем болу қаупі олардың бастарын біріктіріп, тамақ тауып жеуге мәжбүр етті. Коллективтік түрде өндірілген өнімдер бәріне ортақ болады және теорияда бұл көрініс өзара реципроктлық (ла/n.reciprocus) — дел аталынды. Екінші ерекшелігі — редистрибуция — жиналған барлық өнімдердің ру, қоғам мүшелері арасында тепе-тең болып бөлінуі. Осылай коллективтік түрде өнімді пайдалану олардың ынтымақтастығын арттырып, бір-біріне деген қамқорлықтарын күшейтті. Ешкімнің үстемдігі болмағандықтан қауымның мүшелері барлық иеленетін құрал-жабдықтарды теңдік дәрежесінде пайдаланған. «Бұл... коллективтік өндірістің алғашқы тұрпаты, әлбетте, өндіріс құрал-жабдықтарын қоғамдастырудың емес, жеке кісінің әлсіздігінін нәтижесі болды.»
Алғашқы қауымдық құрылыс рулық-тайпалық қатынастарды топтастырумен катар бұл шеңбердің талаптарына сай келмейтін көзқараспен әрекеттерді әдепсіз, қауіпті деп жариялады. Бір сөзбен айтқанда қоғамдық сана-сезімімен өмір сүріп күнелтті.
«Тайпа, - деп жазды Ф.Энгельс, - басқа тайпадан келген шет адам жөнінде де, өзі жөнінде де адамның ең барып тұрған шегі болып қала берді: тайпа, ру және олардың мекемелері қасиетгі және қол сұғуға болмайтын нәрсе болды, табиғаттың өзі орнатқандай жоғарғы өкімет болды, әрбір адам өз сезімдері, ақыл-ойы мен істейтін істер жағынан оған сөзсіз бағынышты күйде қала берді. Сол заманның адамдары бізге қаншама айбарлы болып көрінсе де, олардың бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ еді, олар Маркс айтқандай, алғашқы қауым тұтастығынан кіндігі әлі ажыраспағанды.»
Мұндай пікірді соңғы кездерде дүние жүзі ғалымдарының зерттеулері де растап отыр. Алғашқы адамдар орман-тоғайларда топ-топ болып өмір сүрген. Алғашында олар өсімдіктердің жемістерімен және тамырларымен қоректенген, ал келе-келе аңшылык кәсібін менгеруді үйренген. Соның нәтижесінде ал¬ғашқы адамдардың еңбек құралдары да жетіле түскен, ал соңынан садақты ойлап тапқан. Қауымды құрылыстың ең алғашқы ұясы — ру болып саналады. Ру — дегеніміз қандас топтардан құралған және қоғамдық меншікті бір болып пайдаланылатын, әйел жағынан тұқым жалғасатын коллектив (матриархат). Себебі «тайпа ішінде шектеусіз жыныс қатынастары үстем болған алғашқы қалып болды, сондықтан әрбір әйел әрбір еркектің еркінде болып, сондай-ақ әрбір еркек әрбір әйелдің еркінде болды.»3 Мұндай жағдайда баланың шешесі белгілі де, әкесі белгісіз болып қала береді. Ары қарай Ф.Энгельс «тұқымның таралуы шеше жағынан ғана анықтала алады...» - деп атап көрсетті. Бірнеше қандас рулар тайпа құрады. Ру басында қауым жиналысында сайланған көсемдер мен ақсақалдар билік жүргізді. Егер олар ру мүшелерінің сенімдерін ақтамаған болса, жиналыста ру мүшелері, қайта, кері шақыруға хақылары бар болады. Қауымдық биліктің және қауымдық жалпы пікірдің ролі орасан зор беделге ие болған еді. Қоғамда моральдық билік үстемдік етті. Себебі қауымды басқаруға негізінде күшті, ақылы жетілген көсемдер сайланды. Мәні жағынан алып қарағанда алғ¬ашқы қауымдық құрылыстағы билік потестарлық (potestas — билік, өкімет) болып қалыптасты. Бұл билік қоғамды бедел арқылы басқарумен қатар күш қолдану әрекеттерін де тиімді пайдаланып отырған, (мысалы, рудан қуу, қажет болса жеп қою). Потестарлық биліктің мемлекеттік биліктен айырмашылығы күш қолдану бүкіл ру атынан жүргізіледі.
Табиғаттың эволюциялық дамуы барысында осыдан 10-15 мың жыл бұрын жер бетінде климат күрт өзгерістерге ұшырайды адамның тамақ тауып жеуін, өмір сүруін қиындықтарға ұшыратады. Соның нәтижесінде олар миграция арқылы қолайлы аумақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұл процесс жердің климаты, мегафаунасына байланысты адамдарды арнайы шаруашылықпен айналысуға мәжбүрледі. Ендігі уақытта жерді өңдеу мен қатар мал өсіру қалыптасты. Осылай адамзат тарихында еңбектің бөлінуі басталды. Соның нәтижесінде өндірістік эко-номика қалыптасып, дами келе, қосымша өнімнің пайда болуына себепші болды. Қолөнер, өңдеу мен мал өсіруден бөлінеді. Осы¬лай мамандандырылған адамдар тобы арасында айырбас әрекеттері кең етек жая бастайды. Өндірістен пайда болған қосымша өнім біртіндеп жеке отбасы мен көсемдердің қолында шоғырланады. Қауым сайлаған ақсақалдар мен көсемдердің орнына енді жаңа, бұрын болмаған байлар мен күштілердің билігі үстем болды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді