Құқық | Құқықтық нормалар.

Құқық | Құқықтық нормалар.

Құқықтық нормалар.
Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекет тармапынан бақылауға алынған, нормативтік актлерде нақтыланған, орындау тетігі қалыптастырылған нормалар болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Ал қоғамдық ұйымдардың мекемелердің кәсіпорындардың, шаруашылықтардың жарғылық тәртіп ережелері олардың мүшелері үшін ғана міндетті. Ұлттық, этностық топтардың да тек өздеріне тән дәстүрлері болады.
Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы – Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті атілер жатады. Құқықтың мазмұны құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назары ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Діни нормалар түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттары болады. Діни нормалардың қайнарлары – құран, библия және басқа қасиеттік таптар. Кейбір елдерде діни нормалардың занды күші бар.
Ғұрып нормалары деп ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген ұстану ережелерін айтамыз. Олардың кейбіреулері мемлекеттің араласуынсыз қоғамда қалыптасып кеткен. Мұндайда ғұрып нормаларын бұзуға қоғам тарапынан да, мемлекет органдар тарапынан да мәжбүрлеу қолдануға түрткі болуы мүмкін.
Корпоративтік нормалар қоғамдық ұйымдардың жарғыларымен, ережелер мен, басқа актілер мен орнатылады. Коперативтік нормалар тек олардың өздерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайды. Коперативтік нормалар саяси партиялардың, кәсіподақ және жастар мен балалар ұйымдарының, іскерлердің, полициялардың жарғыларында жазылады.
Құқықтың алғашқы элементі, адамның өмірлік қызметі үрдісіндегі өздерін ұстау ережелерінің үлгісі құқық нормасы деп аталады. Ол әрбір жеке адамға ғана емес, тұтас адамдар топтарына да қатысты. Құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар мен олардың ұйымдары сол нормаларды бұзбауға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде құқық қоғам өмірінде маңызды роль атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастар реттілік орнатуға бағытталады.
Мысал: Адамдардың бір-бірімен экономикалық қатынастары құқықпен реттеледі. Зауыттарда, фабрикаларда нормативтік құқықтық актілері арқылы белгілі реттілік және еңбек тәртібі орнатылды. Материалдық игіліктердің болу жұмыстары да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен шаттық қатынасқа түседі.

Құқық және мемлекет
Мемлекет және оның органдары адамдар арасындағы бұрын болмаған жаңа ережелерін белгіледі. Құқықты ғұрыптар мен мемлекеттің өзі қабылдаған құқықтық нормалары негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық жүйе мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау мақсатын көздеді. Мемлекет пен оның органдары тарапынан құқықтық нормалардың орындалуы, заңдардың бұзылмауы қадағаланды. Құқықтық тәртіпті қорғайтын заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар – полиция, сот, прокуротура, әскер құрылды.
Құқық жүйесі үш құрауыштан – құқықтан, құқықтық идиологиядан және құқықтық мекемелердің қызметінен тұрады. Құқық – мемлекет тағайындаған және мемлекетке әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқықтық норма тек заңдардан ғана тұрмайды, басқа нормативтік құқықтық актілерде де көрсетіледі. Мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау құқығы берілген. Президент – нормативтік жаңалықтар, Үкімет – нормативті қаулылар, министерліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.
Құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекетке қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы ескеріледі. Мұның өз құқықтың объективті, яғни дербес, біртұтас құбылыс ретінде өмір сүруінің айғағы. Құқықты субъективті мағынада да түсінуге болады. Онда ол жеке субъектілердің – адамдардың өз игілігі үшін әрекеттерді істеуге занды мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы, білім құқығы, т.т…
Құқықтық идеология – мемлекетте танылған құқықтық көзқарастары, идеялар, мәдениет. Құқықты яғни қоғамда қабылданған және қолданыстағы құқық нормаларын жү зеге асыру және қорғау үшін құқықтық мекемелерді мемлекет құрады.
Құқықтық мемлекет – Қазақстан Республикасы алдына мақсат етіп қойып отырған сапалық қасиет. Бұл нысана бойынша барлық органдар мен лауазымды адамдардың қызметі құқық нормаларына сай реттеледі. Заң бәрінен де жоғары тұрады. Лауазымына немесе өзге артықшылықтарына қарамастан, заң алдында барлық адам тең. Қоғам заңмен реттеліп отыратын егеменді ұйым ретінде қалыпты, орнықты дамиды.
Конституциялық мемлекет – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі ұстанымдары азаматтар үшін: «Заңда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат», мемлекеттік лауазым иелер үшін: заңда нақты не көрсетілсе, соған орын алған құқықтық нигилизмнен арылып, құқықтық мәдениет үнемі арттыра отырып, заң жүйелерінен қызметін жақсартып, әділеттілікті жоғары деңгейге көтеру арқылы құқықтық мемлекеттің алғы шарттарын жасайды. Адам және азамат құқығы мен бостандығына кепілдік берілу халықаралық тәжірибедегі өлшемдерге дейін көтеріледі.
Сонымен қоса, құқықтық мемлекетке тән белгілерге конституцияның басымдығы және заңды құқықтардын бекітілуі экономикалық бостандықтардың орнығуы мен мемлекеттік экономикалық қызмет шекарасының нақты анықталуы республикалық саяси құрылыс және басқарудың тиімді түрі мемлекеттік биліктің тұтастығы арқылы оның тармақтарға бөлінуі сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен адамзаттың өзара жауапкершілігі т.б жатады. Бұл белгілер 1945 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарында көрініс тапқан.
Әлеуметтік мемлекет, ҚР Конститутциясында көрсетілгендей, жекелеп топтарға, адамдарға немесе ұжымдарға емес, қоғам мен адамға қызмет етеді. Мемлекеттік қайнарлар есебінен барлық адамға бірдей игіліктер көрсетіп, қоғамның даму үрдісінде ұшырасатын ауыртпалыктарды да бірдей көтеру жолымен әлеуметтік теңсіздіктерге жол бермеуге тырысады.
Мемлекеттің әлеуметтік сипаты өз азаматтарының конституция бойынша кепілдік берілген білім алу, денсаулық сақтау, ғылым мен мә дениетті дамыту, тұрғындардың шұғылданушылығын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табысы аз тұрғындардың тобын қорғау сияқты әлеуметтік шараларды жүзеге асыру көріенеді. Әлеуметтік мемлекет адам мен азаматтың күн көріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді талап ету құқғын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері де көрсетіледі. Әлеуметтік мемлекет оған жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізеді. Қоғам мен азаматтардың нақты бір санаттарының мүддесі үшін күрделі эканомикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді.
Әлеуметтік мемлекет-социолистік мемлекет емес. Ол нақты экономикалық мүмкіндіктерге сай, жүзеге асыруға болатын әлеуметтік қамқорлықтарды ғана міндетіне алады. Ал азаматтардың өздері еңбекпен, кәсіпкерлікпен айналыспаса, олардың санасын масылдық пен теңгермешілік психология мен дегенде, әлеуметтік мемлекет оларды тұнғиықтан сүйреп шығара алмайды. Сондықтан адам мен адам құқығын, бостандығын бекіте отырып, ҚР Конституциясы жеке адамның лайықты өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету тек мемлекеттің ісі емес, алдымен, оның өзін, адам мен азаматтың санасы мен ерік-жігерінің ісі екенін көрсетеді.

Мемлекеттің функциялары
Мемлекет бірқатар маңызды функциялар атқарады. Бұдан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті үш функциян атқару керек. Біріншіден, қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау, екіншіден мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан сақтау, үшіншіден жекеленген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау міндеттілігі. Үкімет ерікті қоғамды сақтау және нығайту бағытында шаралар жургізуі керек.
Аталған функцияларды орындау үшін мемлекетте билік органы, басқару органы, күштеп бағындыру органы және сот керек.
Мемлекетті басқару формалары. Мемлекетті басқарудың бірқатар тарихи қалыптасқан формалары бар. Бұл жерде басқару формалары туралы сөз қозғаудан бұрын мемлекет адамның немесе адамдар тобының құқығы туралы мәселені шешіп алу керек. Билік жүргізуге ұмтылушылар әдетте аз болмайды. Бірақ олардың бәрі бірдей биліктің жоғарғы эшалонына бара алмайды. Билік тізгінін белгілі бір заңдар бойынша оны ұстауға құқығы бар адамдарға немесе адамдар тобына ғана берілу тиіс.
Өркениет тарихын саралап қарасақ мемлекетті басқаруға жіберілетіндердің төмендегідей ықтималдығы болуы керек екендігін көреміз. Бірінші жағдайда - билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылады. Екіншіден-билік тізгінін ұстайтын адам билікке ұмтылушылар арасынан еркін сайлау жүргізу арқылы тандалады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!