Химия | Қатты әсер ететін улы заттар /ҚӘУЗ
Қатты әсер ететін улы заттар.
ҚӘУЗ- бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын,объектілердегі қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.
ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салдарын, объектілерін, қоймалар, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.
ҚӘУЗ- ды мынадай топтарға бөлуге болады:
а/ тұншықтырғыштық әсері басым заттар;
б/ жалпы улылық әсері басым заттар;
в/ тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;
г/ өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар;
д/ тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттар;
е/ заттардың алмасуын бұзатын заттар;
Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар /хлор, фосген,хлорпикрин және басқалар/ жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады.Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді:
1/ затпен байланыс кезеңі
2/ жасырын кезең
3/өкпенің уланудан қабыну кезеңі
4/ асқыну кезеңі
Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар /көміртегі тотығы, цианды,сутегі және басқалар/ жатады.
Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарға,ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ- дің едәуір бөлегі жатады./амил, акрилонитрил, азот қышқылы т.б/
Нейтропты уларға жүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару,нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпалдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.
Тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттарға ингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар/ аминак, гептил, гидрозин және басқалар жатады.
Заттардың алмасуын бұзатын заттарғагалогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосчылыстар / диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар/ жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолымен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті.
ҚӘУЗ- бен зақымданған кезде алғашқы көмек шаралары
Аммиак- Зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету. Кқз бен теріні 10 минут бойы сумен шаю. Киімді ауыстыру.Қараңғы ғимаратқа жатқызу. Көмейдің маңайына қыздырғыш қою. Боржом немесе сода қосылған сүт ішкізу.
Көміртегі тотығы- Зақымданушыны жатқан күйінде тезірек таза ауаға шығару. Тыныс алуға кедергі келтіретін киімді шешу.матамен мүсәтір спиртін ішкізу.
Хлор- Зардап шегушіні таза ауаға шығару. Ылғалдандырылған оттегі беру, соданың 2% ерітіндісімен шаю. Емханаға алып бару.
Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы көмек.
Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медециналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.
Халықты радиациядан қорғау: радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық- түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтың ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулелену дозиметрлік бақылауды қамтиды.
Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі.
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және жеке дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериялдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.
АИ-2 пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдардың жиыны. Көлемі- 90*100*20 мм, массасы-130 г.
1.ұя- резервтік, ауруды басатын дәрмектері бар шприц- түкті салуға арналған.
2. ұя – қызыл түсті пенал. Фосфорлы- органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары.
3. ұя- үлен ақ пенал. Бактерияға қарсы дәрі- дәрмек.
4. ұя- алқызыл түсті пенал. Радиациядан қорғау дәрмегі, 12 таблетка.
5. ұя- екі ақ пенал. Антибиотик дәрілер,10 таблетка.
6. ұя- ақ түсті пенал. № ІІ радиациядан қорғау дәрмегі,10 таблетка.
7.ұя- көк түсті пенал құсуға қарсы дәрмек,5 таблетка.
Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды.
Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Жеке химиядан қорғайтын пакеттің /ИПП- 8,10/ мақсаты мен құрылысы.
Улағыш заттар /УЗ/ химиялық қарудың негізін құрайды.химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады.
УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды.
УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ –мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан – ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті.
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
Жүйкені жансыздандыратын УЗ –фосфорорганикалық заттар /ФОЗ/ тобы- зарин, заман,V- газдар;
Жалпы улағыш әсері бар УЗ- көгілдір қышқылы,хлорциан;
Терінің құрысуына әсер ететін УЗ- иприт, люзит;
Тұншықтырғыштық әсердегі УЗ- фосген,дифосген;
Көздің жасын ағызатын және тітіргендіргіштік әсері бар УЗ- хлорпикрин, хлорацетофенонон, адамсит СS /си-эс/ ;
Психологиялық әсер ететін УЗ- ДЛК және BZ /би-зет/ лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ /зарин, заман, V- газдар, көгілдір қышқылы/ және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
өлімге ұшырайтын-/зарин,заман V- газдар, иприт, люзит, фосген/;
уақытша есті таңдыратын ДЛК,BZ;
тітіркендіретін – хлорпикрин, хлорацетофен, адамсит СS;
УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:
-зақымданушыға газқағар кигізу.
- зақымданған аймақтан шығару.
- жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту.
- көзбен аңқаны сумен мұқият шаю, көзді сүртуге болмайды.
- 2-3 минуттың бойында түтіннен қорғайтын қоспамен демалдыру.
Қатты әсер ететін улы заттардың /ҚӘУЗ/ организмді зақымдауы
ҚӘУЗ адам организміне тыныс алу жлдары, қорғалмаған тері, көз ұлпасы, сондай-ақ зақымдалған сумен немесе тамақпен ауыз арқылы өтеді.
ҚӘУЗ қәуіптілік деңгейі – хайуанаттар үшін улылық әсері бойынша 4 сыныпқа бөлінеді:
- төтенше қәуіпті;
- аса қәуіпті;
- орташа қәуіпті;
- қәуіпі аз;
ҚӘУЗ – бен зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шараларға мыналар жатады:
- зақымдану ошағында химиядан қорғау шараларын жүргізу;
- зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті өте қысқа мерзімде көрсету;
- зақымданушыларды зақымдану аймағынан көшіруді ұйымдастыру;
ҚӘУЗ- бен зақымданудың химиялық ошақтарының сипаттамасы
Аммиакпен зақымдану ошағы- тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың агрегаттық күйі – газ, аэрозоль. Зақымдаушы мөлшері-15 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 100 мг/мин/л.
Алғашқы медициналық көмек- зақымдану ошағында өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі:
көзді алюминий- калийдің 0,5 % ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен жақсылап шаю
газқағар немесе 5 лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;
аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек.
Хлормен зақымдану ошағы- тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы күйі газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері – 0,6 мг/мин/ л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг/мин/л.
Хлор - өткір иісті газ, ауадан 2,5 есе ауыр.
Алғашқы медециналық көмек:
көзді сумен шаю;
газқағар немесе 2 % тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
терінің зақымданған жерлерін у тамшысы болса, сабын ерітіәндісімен шаю;
хлор буымен зақымданушыны зембілбен алып кетеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?