География | Қазақстан қызыл кітабы беттерінен
«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының (ТҚХО) түрлерді сақтап келу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Red Data Book» - «Фактілердің қызыл кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды ( кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген ). Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің Қара тізімін де қоса жүргізеді.
70 – жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен қатар, сол елдің территориясында жойылып кету қаупінде тұрған түлер де кіргізілді.
Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика – Үкіметінің 1978 жылдың 16 – қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді ( Қазақ ССР Министрлер Советінің №90 - қаулысы ). Оның омыртқалы жануаларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылдың қаңтар айында жарық көрді ( 1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді). Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер - 37, құстар - 43, бауырмен жорғалаушылар -8, қосмекенділер –1 және балықтардың түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш тұқымдылар (2), қырыққұлақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.
Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың екінші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, молюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарлардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау Қызыл кітаптың үшінші басылымының (1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 13.09.1996 жылдың №1258 қаулысымен жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы «Ереже» бекітілді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «жануарлар» және «өсімдіктер» деп аталатын 2 томнан тұрады.Әрбір том бір кітап немесе бірнеше бөлім болып басылып шығуы мүмкін.Жануарларға арналған том 3 мәрте ( 1978,1991,1996) басылып шықты.Бірақ омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым дайындалып жатыр. Қызыл кітаптың соңғы басылымына тіркелген әрбір жануарлар қазіргі кездегі санының жағдайына, тіршілігінің зерттелуіне қарай жалпы қабылданған 5 категорияның біріне жатқызылды. 1- жойылып бара жатқандар; 2 - саны кеміп бара жатқандар; 3 - сирек кездесетіндер; 4 - анықталмағандар; 5 - саны қайта қапына келгендер.
60 – жылдың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілгентізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өміршеңділігін қамтамасыз ету. Қызыл кітаптардың қорғауға қажетті шараларды қарастыруға арналған бөлімдерінде келешекте қорықтар құру жайында ұсыныстар болды. Бұл көпшілік жағдайда дұрыста бола бермейді.
Қазақстанда Қызыл кітаптың бірінші басылымы 1978 жылдың соңында жарық көрді. Бұл «Омыртқалы жануарлар» бөлімі еді, оған жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілердің - 31,құстардың - 43, бауырмен жорғалаушылардың - 8, қосмекенділердің – 1 және балықтардың түрі мен түршелері тіркелді. 13 жыл өткен соң, 1991 жылғы Республикалық Қызыл кітаптың екінші басылымына омыртқалылардың 129 түрлері мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілердің - 42, құстардың - 58, бауырмен жорғалаушылардың - 10, қосмекенділердің – 3 және балықтардың түрлері мен түршелері енді.
1996 жылы жарық көрген үшінші басылымда, екінші басылыммен салыстырғанда, түрлер санына аздаған өзгерістер енгізілді,ең бастысы – ол көрсеткіші кеміді.Онда балықтың түрі ( түршелері, популяциялары), қосмекенділердің - 3, бауырмен жорғалаушылардың - 10, құстардың - 56 және сүтқоректілердің 40 түрі (түршелері) қалды. Осы екі басылымды салыстырып қарасақ, 2 - басылымдағы құстар мен сүтқоректілер қатарларын қайта қарау арқылы тізім саны кемігенін байқаймыз. Бұл тізімді Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті 1995 жылы 21 тамызда бекітілген.
Қазақстан Қызыл кітабаның үшінші басылымына тіркелген сирек кездесетін омыртқалы жануарларды территориялық жағынан қорғау қалай қамтамасыз етіледі ? Шындығына келгенде, балықтар мен қосмекенділердің түрі мен түршелерінің бірде - бір қорғалатын территориялардағы өзен – көл айдындарында кездеспейді. Сирек кездесетін бауырмен жорғалаушылардың 10 түрінің үшеуі ғана қорықтар территориясында таралған. Олар: Ақсу – Жабағылы қорығында мекендейтін аяқсыз кесіртке, сарыбауыр мен қызыл теңбіл шұбар жылан, Үстірт қорығында кездесетін төртжолақты шұбар жылан.
Келешекте ұйымдастырылатын қорықтардың ішінен мыналарды ерекше атап көрсетуге болады. Олар: өзіне тән ерекшелігі бар реликті өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің комплексін, соның ішінде өте сирек кездесетін арқарды ( Ovis ammon nigromontana ) қорғауды қамтамасыз ететін Қаратау қорығы; жусан сораң өскен тақырлы шөлді және Қазақстан эндемигі Шренк тобылғытүсі мен жалманды қорғауға арналған өзі аттас шөлдің ортасында орналасқан Бетпақдала қорығы; су құстарының тіршілік мекені ретінде халықаралық маңызы бар сазды батпақты көлдерге бай торғай қорығы; Іле өзенінің сағасында орналасқан, сақталып қалған шөл өзендерінің ішіндегі ең үлкенінің атырауындағы өзіне тән ерекшелігі бар комплексін, сонымен қатар сол жерде ұялайтын қызғылт және бұйра біқазандардың негізгі шоғырланған және іргелес жатқан шөл учаскелерінде мекендейтін жыланша бүркіт, іле сексеуіл жорға торғайы, қылқұйрық және қарабауыр бұлдықтар, боз ергежейлі қосаяқ және басқа да сирек кездесетін жануарлардың тіршілік ортасы болып табылатын сексеуіл ормандарын қорғауға арналған Балқаш өңірі қорығы; тауда өскен шырша мен майқарағайларды және Тянь – Шань арқары ( Ovis ammon karelini ) сияқты сирек кездесетін сүтқоректілерді қорғауға арналған Жоңғар қорығы; үшсаусақты ергежейлі қосаяқ, ителгі және сары алақоржын сияқты Қызыл кітапқа тіркелген түрлерді қорғауға арналған Зайсан қорығы. Алғашқы екі қорықты құрудың ғылыми негіздерін Қазақстан Ұлттық Академиясының ботаниктері мен зоологтары 80 – жылдардың ортасында дайындаса, ал Торғай, Балқаш өңірі мен Алакөл қорықтарының ғылыми негіздерін 90 – жылдардың басында дайындалған еді ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?