География | Ақсу Жабағылы қорығы

География | Ақсу Жабағылы қорығы

Ақсу – Жабағылы қорығы


Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.
Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.
Фаунасымен флорасы осындай бай болғандықтан, олардың бтологиясын, тіршілік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстары қорықты ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап-ақ жақсы жолға қойылған. Қорықты 1935 жылдан бастап ғылыми қызметкелер зерттеу жұмыстарымен жүйелі әрі тұрақты түрде айналысады. Солардың негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қорғау жолдары жүзеге асырылып, табиғат қорғау ісі насихатталып отырады. Қорықтың әсем табиғаты оны тамашалап келушілерді тәнті етеді. Ақсу-Жабағылы қорығы өзінің жарты ғасырлық тарихында республикамыздың табиғатын қорғау ісінеорасн зор үлес қосып, ЮНЕСКО белгіленген халықаралық маңызы бар қорықтар қатарына жатқызылған.

Алматы және Алакөл қорықтары

Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы оңтүстік астанамыздан не бары 25 км қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы 6 мамырда ұйымдастырылған. Бастапқыда қорық көлемі 15 мың га алқапты қамытса, кейіннен оған тағы біраз жердің қосылуына байланысты 1940 жылдардың басында Алматы қоррығының жалпы аумағы 857 мың га-ға жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына қосылды.Қорықтың аумағы Іле Алатауын,Сөгеті жазығынан Қаскелең өзені аңғарына дейінгі аралықты алып жатыр.Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы да кіреді.Алайда соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, кейіннен жабылып, соңында 1960 жылдың 11 қаңтарында қайта құрылды. Қорықтың жалпы жер көлемі-73,3 мың га. Оның ең төменгі нүктесі 1000 м болса, ең биік жері -5017 м Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды.Қорықтың батыс шекарасы Талғар өзеннің сол жақ арнасымен, ал солтүстік шекарасы Талғар өзенінің оң жақ аранасымен, Есік көлі қазаншұңқрмен шектеседі. Шығысында Есік өзенімен бойлай барып Шелек өзенінің бастауына, одан әрі Қырғызстан шекарасына тіреледі.
Сонымен қатар қорық аймағына Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл далада жатқан Үлкен және кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл бөлігінің аумағы 17850 га жерді алып жатыр. Қорықтың аумағындағы Улкен және Кіші Қалқан таулары аралығында әйгілі Әншіқұм да орналасқан.
Қорықта табиғар белдемдері анық байқалады. Мұнда аптаған ыстығы бар шөл даланы да, тығыз орман белдемін де, альпі және субальпі шалғынын да кездестіруге болады. Осындай табиғат белдемдеріне байланысты қорық аумағында өсетін өсімдіктер әлемі мен мекендейтін жануарлар дүниесі көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы,қорық аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің -590 түрі, мүктердің-107 түрі, қынаның-77 түрі және саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал құстардың -170 түрі, сүтқоректілердің -60 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтың жануарлар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар, шамамен, 500 елік, 300 қабан, 1000-ға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді.
Алматы қорығында Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының (ХТҚО) «Қызыл кітабына» жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген қар барысы мен қарақұйрық мекендейді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелгендерден – ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы,шұбар күзен, сақалтай, бүркіт сияқты жануарлар қорық жерінде қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер әлемінен- мушкетов түйесіңірі, сиверс алмасы, островский қызғалдағы сияқты түрлері өте сирек кездеседі
Іле өзенінің бойында жатқан қорық филиалының аумағында шөл және шөлейт аймақа тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері таралған.Үлкен және Кіші Қалқан тауларының аралығында аңның -43, құстардың-85, қосмекенділердің-3,бауырмен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді.Қорықтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін сақтау және зерттеу жұмыстарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы бағыт беріп, қадағалап отырады.Барлық ғылыми – зерттеу жұмыстары «Адам және биосфера» (МЭБ) бағдарламасына сай жүргізіледі.
Алакөл мемлекеттік қорығы-Алматы облысының Алакөл ауданы аумағында орналасқан.1998 жылы құрылды.Жер көлемі- 12,5мың га.Қорық солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жетісу Алатауы жоталарымен қоршалған.Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көп бөлігін Сасықкөл, Ұялы және тұзды Алакөл көлдері алып жатыр.
Қорықтың климаты қатаң.Әсіресе қыс айларында тұрақты «Сайқан» және «Ебі» желдері үзбей соғып тұрады.Көлде су өсімдіктерінің 22түрі өседі.Олардың негізгілері: су папоротнигі, сары дүңгіршек, су тұңғиығы.
Алакөл қорығының фаунасы сан алуан. Мұнда сүтқоректілердің, шамамен, 40 түрі бар. Қабан, түлкі, елік, таутеке т.б. жануарлар мекендейді.Су айдынында құстардың 283 түрі тіркелген. Оларды батпақта және су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады. Әсіресе шағала, бірқазан, жағалтай, тыран, көкқұтан, аққулар; балықтардан сазан,алабұға,көксерке кездеседі. Мұнда соңғы жылдары тіркелген қарамойнақ шағаланың орны бөлек. Ол- КСРО-ның «Қызыл кітабына» енген құс.
Алакөл қорығының болашағы зор. Оның су құстарын қорғауға, кәсіптік балықтарды көбейтуге пайдасы тиері сөзсіз. Соңғы жылдары Алакөлге шетелдік туристер ағылуда.Болашақта қорық ғылыми-зерттеу лабораториясы болумен ғана шектелмей, еліміздің әлеуметтік, мәдени орталығына айналмақ.


Наурызым және Қорғалжын қорықтары

Наурызым мемлекеттік қорығы-1934 құрылған. Қорық орманды даал табиғатын сақтауға негізделген. 1960 жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып, тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей басатды. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауында болды. Арада өткен талай өзгерістер қорықта із қалдырмай кеткен жоқ. Мұнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар қарағайлы орман алқабының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жұмыстар қорықты сақтауға арналған алғышарт іспеттес.
Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі-88,7 мың га. Оның 17662 га-сы немесе 19,5 %-ы ормандыалқаптардың үлесіне тиеді. Олар- Терсек, Сыпсың және Наурызым реликті қарағайлы орман алқаптары. Сонымен қатар қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер де бар. Аталған көлдер, әсіресе көктем мен күз айларында нағыз «құс базарына» айналады. Мұнда жыл құстары жылы жаққа барар және қайтар жолда тынығу үшін қонады. Селеулі далалар мен ормандар арасында аң мен құстардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы: бірқазан, жабайы үйрек,аққу дуадақ, т.б. Жалпы қорық аумағында құстардың 200-ден астам, сүтқоректілердің-30, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді, Ал өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді. Қорықтың мақсаты реликті қарағай ормандарын,сирек кездесетін өсімдіктерәлемі мен көл жағалауын мекендейтін құстарды сақтауға бағытталған. Сонымен Наурызым мемлекеттік қорығы- табиғаттың көркін бұзбай сақтап қалған, қайталанбас бір бұрышы.
Теңіз- Қорғалжын көлдер жүйесін және далаы аймақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы -1958 жылы ұйымдастырылған. Алайда үш жылдан кейін ол орман-аңшылық шаруашылығына айналдырылып,содан 1968 жылы қайтадан қорық болып құрылған. Бастапқыда 15 мың га жерді алып жатса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының жер көлемі 258,9 мың га аумақты қамтиды. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр.Мұнад көктем мен күз айларында көл беті құстардан көрінбей кетеді.Себебі,жыл құстары мұнда соқпай кетпейді.Жылдың қай мезгілі болсын, қорық аумағы-құстардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мелмлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты қорыққор-қорықтар қатарына жатқызылады. Қорық аумағынан құстардың 294 түрін, сүтқоректілердің 37 түрін, қосмекенділер мен бауырмен жоғалаушылардың он шақты түрін кездестіруге болады.Олардың барлығы да адам қамқорлығына алынған.Әсіресе дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды қорғап,қорын молайтуда қорықтың алатын орны ерекше. Топ құрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Ұ яларын балшықтан соғып, оны жерлен биіктеу етіп салады.Соңғы жылдары көл суы деңгейінің төмендеуіне байланысты қоқиқаздар тобы азайып барады. Мысалы, қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз саны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер-жетпес. Сидиған ұзын сирағы мен имектеу тұмсығы болмаса, қоқиқаз, бір көргенде, алыстан аздап аққуға ұқсайды. Оның басты өзгешелігі- қанатының қызылқаз деп те атайды.
Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек кездесетін аққу бұйра бірқазан, қызыл жемсаулықараша қаз, аққұтан, дуадақ,безгелдек сияқты құстар тіршілік етеді.Көл суы деңгейінің төмендеуі ескеріліп, келешекте оны қалпына келтіру үшін Ертіс-Қарағанды каналынан қорыққа су бұру жоспарланып отыр.


Марқакөл және Барсакелмес қорықтары

1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы- Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында оранласқан. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі- Марқакөл адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте орналасқан. Оның жалпы аумағы-544 км , ұзындығы-38 км, көлденеңі -19 км-ге дейін жетеді. Ең терең деген жері 25 м-ге жуық.Көлге тұс-тұстан 27 өзен мен бұлақ келіп құяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.
Марқакөл мемлекеттік қорығының жер көлемі 75,0 мың га аумақты алып жатыр. Шалқып жатқан Марқакөл жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Аққайың, тал, көктерек,үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады.Тауға таяу және оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай орманы бой түзеді.Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер әлемі де өте бай. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда,майқан немесе қаяз,хариус,талма, теңге балықтар, т.б. Қорықтың жануарлар дүниесі де сан алуан. Мысалы, мұндағы көл айдыны мен оның жағалауындағы тоғайларда сүтқоректілердің -59, құстардың 200-ден астам түрі мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан еліміздегі тау көлдерінің бірде –бірі Марқакөлге тең келе алмайды. Өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің ерекшелігімен қатар, оның жергілікті жердің ауа райын реттеп отыратын қасиеті де бар. Мысалы: жануарлардан қорғалатыны- теңбіл бұғы марал, елік, бүркіт, аю, ал құстардың көптүрлілігімен ерекшеленеді.
Кенді Алтай өлкесінің көрікті бұрышын сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығының келешегі зор.
Барсакелмес мемлекеттік қорығы- Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі-18,3 мың га. Соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді.Ондағы көлдер құрғап, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде.Әсіресе бидайдық, жусан,сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорыққа шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар – ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Алғашықыда бұл қорық ақбөкендерді қорғау үшін құрылған еді. Мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның 4-5 ешкісі ғана бар болатын, қазір саны едәуір.
Республикамызда қоры азайып кеткен қарақұйрықты көбейту мақсатымен аралға әкелініп, 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті.
Ал 1935-1964 жылдар аралығында 19 құлан Түркіменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жерсіндіріолді. Олардың саны өскендіктен, маңғыстау және Алматы болыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алынды. Қорықта құстардан – қарабауыр бұлдырық, ала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғайлар мекендейді. Бауырмен жорғалаушылардан- жұмырбас және жүгіргіш кесірткелер, ысылдағыш геккон, қалқантұмсық жылан,құршаяндар тіршілік етеді. Ғалымдардың алдында Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайына байланысты қорықты сақтап қалу міндеті тұр. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?