» » » Реферат: Тянь Шань таулы өлкесі

Реферат: Тянь Шань таулы өлкесі

Реферат: Тянь Шань таулы өлкесі казакша Реферат: Тянь Шань таулы өлкесі на казахском языке
Тянь - Шань таулы өлкесі
1.1. Географиялық орны
Батыс Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігі Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінің солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс тармағы (Тараз қаласының маңы), Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған солтүстік-шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.
Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары.Қырғыз Алатауы да көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі болып келеді. Оның ең биік нүктесі - Семенов шыңы (4566 м). Таудың қазақстандық бөлігі одан аласа (4500 м шамасында). Тау батысқа қарай аласара береді. Оның солтүстік беткейі кұлап, мүжілген тау сілемдерін елестетеді. Жотаның беті тас көмір дәуірінің кұмтастарынан, әктастар мен граниттерден тұрады. Оның беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қазақстандық бетінде альпілік жер бедері қалыптасқан.
Талас Алатауының қазақстандық бөлігі - Жабағылы таулары. Екі жотаға бөлініп, Ақсу-Жабағылы өзенінің алқабын қоршайды. Солтүстік жотаның биіктігі 2600-2800 м, оңтүстік жотада 3500 м. Бұлар да ертедегі палеозойдың шөіінді атпа жыныстарынан тұрады. Тау беті тілімделген, онда ертедегі мұз басудың іздері бар, жер бедері альпілік пішінде дамыған.
Ташкент маңы Алатауы Талас Алатауынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан бірнеше жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантас Ойқайың, Өгем, Сайрам, Қаржантау, Қазғұрт және Боралдай таулары кіреді. Бұлардың ең ірісі - Піскем (орташа биіктігі 3700-3800 м), ең биік нүктесі - Бештұр шыңы (4208 м). Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан кұралған. Оңтүстік-шығыс беткейі тік және қысқа, солтүстік-батыс беткейі көлбеу. Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады.
Сайрам (ең биік нүктесі 4220 м), Көксу (ең биік нүктесі 3468 м), Өгем (ең биік нүктесі 3560 м) Ташкент маңы Алатауының екінші қатардағы биік жоталары болып саналады. Қаржантау (2800 м), Боралдай (1800 м), Қазығұрт (1700 м) олардан аласалау. Бұлардың геологиялық тарихы ұқсас. Бәрі де жоғарғы палеозойдың әктасынан құралған. Оларда карст құбылыстары кең тараған. Тау беткейлері тік жартасты, жер бедері тілімделген.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы - Қаратау жотасы. Ол Талас Алатауыньщ батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400 км, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі - Мыңжылқы тауы (2170 м). Тау солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің атырабында бітеді. Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу-Іле тауларымен ұқсас. Аласарып, мүжіле бастаған. Қаратаудың солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жоталарын тауаралық ойыс бөліп тұрады. Оңтүстік-батыс жотасы протерозойдың метаморфозданған жыныстарынан кұралса, солтүстік-шығыс жота төменгі палеозойдың кұмтастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс девонның қызыл түсті шөгінділерінен құралған. Сонымен қатар мезозой мен кайнозойдыд әктасы, құмтастары, сазды шөгінділері кең тараған. Мұндағы жер бедері құрғақшлық жағдайда қалыптасқан. Тұрақты беткі ағыны жоқ. Жотаның беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдармен тілімделген.
Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Қорғасын, мырыш Шымкент қорғасын зауытында шикізат ретінде пайдаланады. Фосфорит байлығы Тараздың зауыттарын қамтамасыз етіп отыр. Онда көп жерде кенді ашық әдіспен өндіру жолға қойылған. Гипстің, цементтіңжәне т.б. құрылыс материаддарының көзі пайдаға асуда.
Қазақетанның оңтүстік-батысы мен оңтүетігін алып жатқан бұл таулардың қатпарлы-жақтарлы негізі палеозойдың тұсында қалыптасқан. Негізгі жер бедері неоген мен төрттік дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. Оған Тяыь-Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады.
I. Солтүстік Тянь-Шаньға Ыстық көлдің солтүстігіндегі тау
жоталары — Тарбағатай, Сауыр, Шу — Іле таулары, Жоңғар,
Іле Алатауы мен Күнгей Алатау жатады.
II. Орталық Қырғыз жотасы, Теріскей Алатау,Көкшалтау, Ферғана жоталары жатады.
III. Батыс Тянь-Шанъға ендік бойымен орналасқан Талас Ала-
тауы, Өгем, Піскем, Сойдалаш, Шатқал, Алай, Түркістан,Қаратау жоталары кіреді.
IV. Шығыс Тянь-Шань ТМД-елдерінен тыс жерлерде орналасқан.
Тянь-Шань таулы өлкесінен Қазақстан жеріне Солтүстік Тянь-Шань түгелімен, Батыс Тянь-Шаньның көп бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның бір бөлігі кіреді.
Тянь-Шаньның тау жоталары ендік бағытта орналасқан. Қазақ жеріндегі ең биік шыңы — Хан-Тәңірі (6995 м). Тянь-Шань тауының геологиялық дамуын екі кезеңге (ежелгі және жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі палеозой эрасы кезіндегі ертедегі тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде сақталған.
Қазіргі биік тау бедері жас даму кезеңіне төрттік дәуірдегі альпілік тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Солтүстік Тянь-Шань бір бөлігі Қытай жерінде орналасқан Кетпен жотасынан басталады. Жотаның солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда көдбеу. Екі беткейінде де өзен көп, олар — Іле өзенінің салалары.Тянь-Шань тау жоталары — батыстан шығыс 5щъітта 2450 шақырымға созылып жатқан күрделі тау жүйесі..Тянь-Шань жоталары палеозой және палеозойға дейінгі тау , ал тау аралық аңғарлары кайнозой, кей жерлерінде мезозой шөгінділерінен түзілген. Тянь-Шань тау жоталары каледон мен герцин тау жасалу кезеңістік жағдайы болған, бірақ мезозой арасында болған өзгерістердің нәтижесінде мүжілген аласа тауға айналып, кейіннен альпілік тау жасалу кезінде қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналған.
1.2. Тянь-Шань таулы өлкесінің тау жоталары
Солтүстік Тянь-Шань. І л е А л а т а у ы — Солтүстік Тянь-Шаньның ең солтүстіктегі биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бойында созылып жатыр. Ґзындығы 350 шақырым, ені 30-—40 шақырым, ең биік жері — Талғар шыңы (4973 м). Кайнозой эрасының төрттік дәуірі кезінде пайда болған. Гранит, әктас, тақтатастан түзілген. Тау жасалу процесі әлі тоқталмаған жас тау. Жер сілкінулер жиі болып тұрады. Биік шыңдарын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Табиғаты көркем жерінде Қазақстанның астанасы Алматы қаласы орналасқан. Дүние жүзіне белгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шаңғы базасы, көптеген санаторий, курорттар мен демалыс үйлері Іле Алтауының баурайында орналасқан. Табиғатын қорғау үшін Алматы қорығы ұйымдастырылған.
Шу-Іле тауы Іле Алатауының солтүстік-батысындағы жалғасы. Абсолюттік биіктігі 1800 м келетін, экзогендік процестердің әсер етуінен мүжілген ескі тау шөгінді және магмалық тау жыныстарынан құралған.
Батыс Тянь-Шаыь. Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады. Жер бедері күшті тілімденген.
Қырғыз Алатауы Күнгей Алтауының батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 шақырым, ең биік шыңы — Батыс Аламедин шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы тақтатас, әктас, құмтас, гранит, диорит және палеозой шөгінділерінен түзілген. Биіктік белдеулік айқын байқалады. 3700 м биіктіктен жоғары мәңгі қар мен мұздықтар жатыр. Бұл жота — көршілес жатқан қазақтар мен қырғыздардың ортақ мал жайылымы.
Қаратау жотасы — түгелдей Қазақстан жерінде экзогепдік процестердің әсерінен күшті бұзылған жота. Абсолюттік биіктігі 2170 м. Солтүстік-батыс бағытқа қарай 420 шақырым созылып жатыр. Протерозойдың тақтатасы мен карбонның әктас, құмтас конгломераттарынан және девонның вулкандық тау жыныстарынан түзілген. Қойнауы пайдалы қазбалардан полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай) және фосфорит (Ақсай, Жаңатас, Шолақтау кендері) рудаларына өте бай.
Қазақстан жері Өгем жотасының батыс беткейін ғана қамтиды. Герциннің гранитті және палеозойдың шөгінді тау жыныстарына түзілген. Көркем табиғаты мен өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау үшін Ақсу-Жабағылы қоры ұйымдастырылған.
Тянь-Шань таулы өлкесіндегі биіктік белдеулік. Тянь-Шань таулы өлкесі шөл зонада жатыр. Сондықтан әртүрлі топырақ өсімдік жамылғысымен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті Тянь-Шаньға ғана тән өсімдік түрлері мен ортаазиялық ксерофитті өсімдіктер тараған. Жануарлар дүниесінің өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстік беткейінде Сібірлік, Еуропалық түрлері кездессе, ал батысында Африкалық, Жерорта теңізі мен Гималай жануар түрлері тараған. Батыс Тянь-Шаыьның өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің Солтүстік Тянь-Шаньға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Іле және Күнгей Алтауының солтүстік беткейінде биіктік белдеулік айқын байқалады. Абсолюттік биіктігі 600— 800 м жерге дейін жусанды-бетегелі шөл зонасы орналасқан. Ол зонадан жоғары құрғақ дала белдеуі орналасқан, онда жусан, ақ жусанмен қатар, көде және бетеге өседі. Құрғақ дала зонасы жоғары 1300—1500 м-ге дейін әртүрлі дақылды шөп (арпабас, тарғақ шөп, бидайық) өскен далаға ауысады. Бұл зонадан жоғары орманды дала зонасы орналасқан, онда скзеи аңғарында жабайы алма ағашы мен көк терек араласқан ормаіі мен бұталар (долана, итмұрын, қара ырғай, т. б.) өседі. Орманды дала зонасынан жоғары орманды-шалғынды белдеу басталадгт Мұнда Тянь-Шань эндемигі, Шренк шыршасы өседі. Орманды-шалғынды белдеуден жоғары 2700—3100 м биіктікке дейін субальпілік, альпілік зона орналасқан. Онда альпілік көкнәр, альпілік сарғалдақ, тасжарған, қоңырбас, қияқ, манжетка, жабайы жуа, Тянь-Шаньның ең әдемі гүлі — еңлікгүл өседі.
Альпі шалғынынан жоғары 3350 м-ден бастап мәңгі қар белдеуі басталады. Мәңгі мұз басқан жартастарда бактерия, балдырлар мен қыналар өседі. Тянь-Шань таулы өлкесі шөл зонасында жатқандықтан, төменгі биіктік белдеуінде жыландар, дала тасбақасы, құм тышқаны, қосаяқ, бөкендер кезде-седі. Қүстардан торғай, кәдімгі қараторғай, көк қарға, үндінің мы-сық торғайы көптеп кездеседі. Ор-манды дала белдеуінде сүр аламан, жертесер, Тянь-ІПань тышқаны, кішкентай жертесер, ақ тышқан, түлкі, қасқыр мекендейді.Орманды белдеудің қылқан жапырақты бөлігінде Тянь-Шань қоңыр аюы, ақ тышқан, Тянь-Шань суыры, күзен, борсық мекендейді. Батыс Тянь-Шаньда эндемик мензбир суыры, Гималай суыры, қүстардан үш саусақты тоқылдақ, жапалақ, тау кекілігі мекендейді.
Биік тау белдеуінде тау ешкі, арқар, қызыл қасқыр, құстардан биік тау тазқарасы, саптар, альпі көк қарғасы, т. б. кездеседі. Солтүстік Тянь-Шаньның жануарлар дүниесінің Батыс Тянь-Шань жануарлар дүниесінен айырмашылығы бар. Солтүстік Тянь-Шаньда жануарлардың сібірлік түрі, Батыс Тянь-Шаньда жерорта теңіздік, гималайлық, жергілікті немесе түркістандық түрлері кездеседі.
Олардың ішінде біршама жақсы зерттеліп, көптеген кен орындары ашылғаны — Қаратау жотасы. Қаратауда полиметалл мен фосфорит кендері өндіріледі. Қаратаудан өндірілген фосфоритті пайдаланып, Шымкент, Жамбыл қалаларындағы өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Құрылыс материалдарына да өте бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар көптеп кездеседі (Арасан, Мерке, Сарыағаш, Қорам, т. б.).

ІІ- тарау. Ақсу Жабағылы қорығы Тянь – Шань таулы өлкесі
2.1. Тянь-Шань тауының климаты
Климаты, өзен, көлдері, мұздықтары. Тянь-Шань тау жоталары дүниежүзілік мұхиттан алыс Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасып, жан-жағын шөл дала қоршап жатқандықтан, оның ауа райы өте құрғақ әрі құбылмалы. Биік тау жоталары мен жер бедерінің әртүрлі болуы жылу мен ылғал мөлшеріне әсер етеді. Тау беткейлерінде шілдедегі орташа температура +20° +25° болса, мұздықтар етегінде +5°, кейде одан да төмен. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау жоталарының етегінде 150—300 мм, тау бөктерінде 300—450 мм, биік жоталарда 800—1600 мм шамасында. Жазда тау жоталарында абсолюттік биіктік жоғарылаған сайын температура біртіндеп төмендейді. Сонымен қатар атмосфералық жауын-шашын мөлшері мен ауаның ылғалдығы биіктеген сайын артып отырады. Мұндай өзгерістердің бәрі биік таулы аймақтарда биіктік белдеуліктердің пайда болуына әкеліп соғады. Биік таулы аймақтардың климаты жалпы заңдылыққа сай биіктікке байла-нысты өзгеріп қана қоймайды, географиялық ендікке байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай да өзгереді.
Тянь-Шань таулы өлкесінің өзендері — аралас қоректенетін өзендер. Суларының мол болатын кезі — жаз, себебі, биік таудағы қар мен мүздықтар бүл кезде көп ериді. Іле өзені мен оның ірі салалары — Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек өзендері Тянь-Шань тау сілемдерінен басталып, Балқашқа қүяды. Ілемен қатар Қаратал, Лепсі, Тентек, Аякөз өзендері де Тянь-Шань тауларынан бастау алып, Балқаш — Алакөл алабына құяды. Тянь-Шань таулы өлкесінің солтүстік бөлігінде орналасқан Іле және Күнгей Алатауы — қазіргі мұз басу жүріп жатқан жоталар. Пүл жоталардың биік болуы, ендік бағытта орналасуы, солтүстік-батыс және батыс ылғалды ауа массаларының өтуі осы күнгі мұз басуға қолайлы жағдай болып отыр. Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы — Тянь-Шань тау жүйесіндегі ірі мұз басу аудандарының бірі. Тянь-Шань тау жүйесіндегі мұздықтардың өзендердің қоректенуінде үлкен маңызы бар. Олар, әсіресе, жазда жер суару үшін өте қажет кезде өзендерді қоректендіріп тұрады.
Климаты, мұздықтары жане өзендері Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының климаты қыста полярдық, жазда тропиктік ауа массаларының әрекеттеріне байданысты қалыптасады. Жалпы солтүстік-батыстан ылғал келетін ауа массаларм басымырақ әрекет етеді. Арктикалық ауа массалары мен Сібір антициклоны жиі болады. Соған байланысты күз бен көктемде үсік жүріп? ауыл шаруашылығы орасан зор зиян шегеді. Кейбір жылдардың жаз айларында аптапты ыстық жел соғыц, ауаны құрғатып жібереді. Сондмқтан солтүстігін қоршаған жазықтардың құрғақ континенттік климаты тауға кетерілгенде қоңыржай ылғалды крнтинентті климатпек ауысады, Биіктік белдеулік орта және биік тауларда айқын байқалады. Орташа жылдық жауын-шашын мөліпері-600—800 мм-ге дейін артады, Аса биік таулы белдеуде қыс ұзақ, жаз қысқа болады, Жауьш-шашын негізінен қар күйінде түседі. Асболют биіктігі 3200 м-ден жоғары жатқан тау бастарында жалпы ауданы 860 км2 омбы қарлар мен мұздықтар кездеседі. Олар өзен аңғарларының бастаулары мен тұйықтарында орналасқаң. Мұздықтардан өзендер бастау алады; (Ірі өзендерін атап, картадан керсетіңдер.) Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендер Балқаш көлі алабын құрайды. Еріген қар және мұз суымен қоректенеді. Климаттың соңғы кездегі қуаңшылығы мен тау алды жазықтардағы егістіктерді суаруға байланысты Іледен басқа өзендер сағасына жетпейдіТянь-Шань тауының климаты, өзендері мен мұздықтары Тянь-Шань тау жүйесінің климаты құрғақ, құбылмалы болып келеді. Оған арктикалықауа массалары мен Сібірден келетін антициклон әсер етеді. Тау жоталарының биіктігі, жер бедерінің әр қилылығы жылу мен ылғал мөлшерін ауыстырып тұрады. Сондықтан күз бен көктемде салқын соғып, үсік жүруі жиі кездеседі. Жаз айларында аптапты ыстық ауаны құрғатып, климатты континентті етіп қалыптастырады. Тау етектері мен жазықтардың кұрғақ ауасы тау ішіне көтерілгенде, ауа райы қоңыржай күйге ауысады. Ұзақ қысы қазаннан сәуірге дейін, кейде мамырға дейін созылады. Күнгей және Теріскей Ала-тауларында қар кейде тамызда да жауады. Іле Алатауында тамыз - күздің айы. Тауда бұл кезде салқын түседі. Мамыр, маусым айларында күн жылынып кете қоймайды. Ыағыз жаз айы шілде ғана. Кіші Алматы алабында ылғалдың ең көп түсетін кезі - мамыр айы. Тау етегінде жаңбыр жауса, тау басына қар болып түседі.
Сондықтан кейбір тау төбелерівде, мысалы, Кетпен тау жотасывда неогенге дейінгі тегістелген қалқаңды платформалы жазықтардың жұрнағы сақталған. Ал тау беткейлерін өзен шатқалдары, әсіресе төрттік дәуірдің мұздану кезеңдеріңдегі мұздықтар едәуір тілімдеген. Тау етектерівде үйілген шөгінді жыныстардан тау бөктерлері пайда болғаы. Қазіргі жер бедері жер сілкіну, сел тасқынн, қар көшкіні сияқты табиғаттың апатты құбылыстарына байланысты езгеруде.
Пайдалы қазбалары. Тянь-Шаньдағы тау жоталары аса биік жоталардың қатарына жатады. Кен рудалары бар жыныс қабаттары жер бетінен терең орналасуы мүмкін. Қазба байлықтары толық зерттелмеген. Қаратау сілемінде полиметалл рудалары мен фосфорит өңдіріледі. Тау іші жазықтарынан көмір табылған. Емдік қасиеті бар арасан бұлақтары көптеп кездеседі. Кіндіктас, Шу-Іле тауларының гранит тастары бағалы құрылыс материалдары ретінде пайдаланылады. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 255 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Тянь Шань таулы өлкесі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тянь Шань таулы өлкесі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тянь Шань таулы өлкесі, реферат Тянь Шань таулы өлкесі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Тянь Шань таулы өлкесі на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы География жоспарымен казакша реферат жоспар Тянь Шань таулы өлкесі, Реферат: Тянь Шань таулы өлкесі реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы