Әдебиет | Қамар сұлу романын образдар жүйесі бойынша талдау

Әдебиет | Қамар сұлу романын образдар жүйесі бойынша талдау

Қамар сұлу
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романы – революция алдындағы қазақ әдебиетінде көрінген тұнғыш реалистік шығармалардың бірі . Ол эпостық жанырдағы үлкен туындыға жатады. Көбіне прозамен жазылған. Шығармада белгілі бір дәуірдің немесе заманның тұтас өмір суреті қамтылған .
Образдары. Романның образдары сол кездегі әлеуметтік ортаға сай автор көзқарасы бойынша ұнамды , ұстамсыз мінезде тұрмыс , сана , мүдде жағынан бір-біріне мейлінше қарсыластырған . Жазушының кімдердің талабын ұнатып , кімдердің ісін ұнатпайтындығы , шығарманың тұтас идеясы сол қарсыласудан ,образдар тартысынан келіп туады . Мысалы «Қамар сұлу» романындағы ұнамды образдарға халық арасынан шыққан Ахмет , Қамар, соларды толықтыратын Омар , Хасен , Жәуке бейнелері жатады . Ахмет пен Қамар оқыған , ескі салтқа қарсы күресіп , өздерінің бас бостандығын іздеген озат, жаңашыл жандар . солардың әділ талабына жол бермеушілер – бай , болыс , қажы ортасынан шыққан Оспан би , Қалтан қажы , Жорға Нұрым, соларды толықтыратын - Әбділда ишан , Бәйтік молда , Көңілбай бақсы . Бұлар қнамсыз бейнеге жатады . Қамар мен Ахметтің қайғылы халіне сол кездегі жағдай , әдет-ғұрып айыпты десек , Оспан , Нұрым , Қалтандар сол ескі салттың бнлді өкілдері .
Ахмет бейнесі. Романдщағы ісі әділ , талабы прогресті , ұнамды , халықтың басты бейнелердің бірі – Ахмет . Өзінің шыққан ортасы , тегі жағынан ол кедей . Бұл реттен ол С . Көбеевтің «Қалың мал » романындағы кедей жігіт Қожашқа ұқсас . Бірақ Ахмет қарапайым ауыл жігіттерінің бірі ғана емес , оқыған-тоқығаны бар саналы жастар дүниесінің өкілі .
Автор оның жайын былай суреттейді : « Сарыбас деген ауылда Жәуке деген кғісінің оқу соңында жүрген, баласы бар еді . Жәуке өзі нашар кісі болса да , тапқан – таянғанын жалғыз ұлы Ахметтің оқуына салып , жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір « молда» атына іліктіріп еді . Бертін келген кездерде ол бейнеті босқа кетпей , ахметтің арқасында аузы асқа , тақымы атқа тиіп , есіктегі басы төрге жетті . Аса байып кетпесе де , өзіне өзі тоқ , жақсы ғана ауқатта бітті », - дейді .
Бұдан көретініміз : Сарыбай ауылы ежелден кедей , сол үшін кем саналған орта бола тұрса да , Жәуке заман талабы , оқу –білімге бет бұрып , баласын қазақша , орысша оқытқан, тұрмысы да аздап тәуірленген кедей шаруа . Ахмет бай ауылдарда жаданып, жастарға білім беріп, мұғалім дәрежесіне жеткен адам . Күнкөрістің осы бір жаңа , мәдени жолын дәріптеуде демократиядан шыққан интеллиген мәселесін тұңғыш рет әдебиетке түсіріп , солардың адамдық прозасын жақтауда үлкен бір жаңашылдық , ағартушылық идея сының таңбасы жатыр . Өйткені бұған дейін қазақ әдебиетінде оқыған, ойлы да жаңашыл жастардың бейнесі болмаған еді .
Ахмет кедей отбасында өссе де , жасында білім алған , жақсы тәрбие көрген адамгершілігі мол жас. Ақыл есінің жетілгендігінің үстіне тілге шешен , ісі мен мінезі жағынан жастарға өнеге , елге үлгі болған жас, суырып салма ақын . Елдің көзін ашу үшін ол той- думанда газет, журнал оқитын, мәдениетке берілген адам . Ел оны мақтайды . Бай балалары : « сонша кептіріп неме керек , кешегі мұрнынан боғы аққан Жәукенің баласы емес пе ? » деп күндесе де , ел : « оқыды деп Жәукенің баласын айт , әне солай болсайшы » деп , оның оқығандығын , табиғатындағы өзгеше сипатын дәріптейді . Автор оның ішкі мінез-құлқымен бірге сыртқы портретін де : « Сұңқардың баласындай бітімі жақсы , көзге түсерлік көркі де бар » деп шынайы суреттейді .
Өзінің тәрбиесі . білімі , саналығы жағынан Ахмет « малға мастанған , мұрындықсыз жел басы » кеткен бай балаларына , надан ауыл жігіттеріне , баяғы Әжібайға да қарсы қойылған . Өйткені Ахмет олардай өсек – аяңды , жамандықты , надандықты үрдіс етпейді . Пайдалы еңбек істеп , ел баласын оқытады . Мұның сыры « Жақсыдан жаман туса - емі жоқ , жаманнан жақсы туса - теңі жоқ» деген мақалда ғана емес , Ахметтің « олар жүрген бұзық жолда жүрмей , соларға жолдас болмауы , жақсылыққа бастауы , жамандыққа бастауында » еді . Сөйтіп Ахметтің алғаш тартысқа түсетін ортасы алдымен бай жастары болып көрінеді . Олар күндеп , « жарбаңдап алдынан шыға береді ». автор адамның жақсылығы оның байлығында емес , саналылығында , халыққа жақсылық ойлауында демекші .
Бара-бара надан бай жастары мен саналы кедей Ахмет арасындағы осы қайшылық ұласып , енді ол Оспан би , Қалтан қажы , жорға Нұрымдар ортасымен де тартысқа түседі . Ахметтің тәрбиесі ауыл жастарына қарсы қойылса , іс -әрекеті , ой-санасы , талабы бүкіл ескі салтқа қарсы бағытталған . Ол үлкен қоғамдық тартыстың басы Ахметтің бай қызы Қамарға ғашық болып , хат жазуы еді . Ахмет білім алған , қоғам өміріне орын тапқан озат адам бола тұрса да , осы тұста оның адамдық хұқыны жоқтығы , бай ортаға өрісінің жетпейтіндігі байқалады . Бұған оның тегі , кедейлігі себеп болған .
Ахмет басындағы осы теңсіздікті автор бір жағынан манағы бай жастары мен Ахмет арасындағы қайшылықты дамыту жолымен , екінші жағына оны үлкен бай ортамен қиян- кескі күреске түсуімен көрсетеді . Ахметке өшіккен күншіл , өзімшіл бай жастары Қамарға хат жазып , еш нәрсе шығара алмаған соң , күні-түні ол сол ауылды торып , ақырында Ахметтің Қамарға жазған соңғы хатын ұстап алады . « Өлгені тіріліп , өшкені жанғандай қуанып шуласты да қалды » дейді автор . Енді олар өсек таратып Қасенді қаужайды . оған достық ниетін білдіргенсіп ; « Төсегіңді тілді , күле кіріп күңірене шықты деген осы », -деді . Хасен сөзге ермеген соң , « ұрынуға қара таба алмай , ермек қылуға жара таба алмай , жүрген өңкей немелер » бұл өсекті Оспн би мен Қалтан , Момын бай Омардың дәулетін іштей көре амайтын . Сол ашуын Ахметтен алып : « Қап бәлем , саған қылмасам өлген әкемнің көріне кетейін», - деп тістеніп , үйіне сыймай , көпірсіп жатып , ертеңіне : « Ахмет секілді қортық атанып баласы шынжыр балақ , шұба төс Омарларға қол созды деген хабар не сұмдық» деп долданады. « ауызға тым ілігіп кетіп еді , тіл-сұқ шыдатама ? » - деп , жәукені де табалайды . Арадағылар Оспан мен Омарды жауықтырып , етке тоймақ болады . Бірақ , ақылды , турашыл Омар оған қызбай , жұрт енді оларды табыстырмақ болған . Бір күні Хасен мен бірге жүрген Ахметті көріп , Оспан Хасенді сабап , араздық тағы да күшейеді . « Дүрілдеген өсектер судай ағылды . Әй несін сұрайсың ? Жыпылдақтардың күні туды ». Олар жалғыз емес , « пышағын жалақтатып , көздерін алақтатып , иіс-қоныс аңдып отырған отағасылардың әбден тілегі бола қалды »,- дейді автор .
Оспан би Жәукенің аулына топ жинап барып , оған 200 сом айып, 18 ай абақты кеседі . сөйтіп , Ахмет өзінің адамдық прозасын іздеймін деп , феодалдық қоғамнан , оның таптық прозасынан кемдік көреді , соққы жейді.
Ахмет басындағы теңсіздікті түсіну үшін ескі ауылдың әдеп –ғұрып прозасындағы ұғымдардың таптық сырын танып , білуі қажет . Ол кездегі феодалдық право адамның жеке басының қасиетіне емес , олардың дәулетіне , әлеуметтік қаліне қарай белгіленген . Қоғам « ақсүйек », « қарасүйек » болып екі үлкен жікке бөлінген . « Ақсүйек » болу үшін оның не төре , не қожа , не жеті атасынан бері тұқымынан кісілік пен байлық арылмаған жуан тұқым болуы керек болған . Бай- шонжарлар кейде тіпті сауда жолымен байығандарды да «тексіз » деп , ақсүйектер санатына қоспаған . Осыдан келіп олар кедейге де , жазаласа тіпті « қара таяқ »деп , кедейден шыққан оқығандарға да қыз бермеген . Бай қызына қол созған Ахметтің әлеуметтік халіндегі правосыздық осыдан туған .
Феодалдық прозаның сол таптық , кертартпа нормасына ғылым- білімді қарсы қойған автор , Ахмет бейнесі арқылы қоғамдық правоның ұйытқысы байлық , дәу лет теңсіздігі емес , адамның жеке басының қасиетінде , адамгершілікте деп , өз кейіпкері феодализм салтымен тартысқа түседі . Ахмет тұлғасының бүкіл ескілік дүниесінен бөлінетін өзгеше сипаты , азатшылдығы , жаңалығы , типтілігі осында .
Ахметтің тұлғасы ғана емес , талабы да жаңа . Сол талаптың бірі - елді мәдениетке бастау болса , екіншісі - еңбекші халыққа деген жылы жүрек , достық ниет , әсіресе қазақ қыздарының бақытсыздығына қарсы тең правалы махаббатты , адам еркіндігін жақтау . Қамарға ол әйел правосын аяққа басып үйренген бай балаларынша өзімшілдік , желбастық түрінде емес , нағыз адамгершілде , ақыл сезім , достық ниетінде ғашық болады. Ол Қамарды сүйсе де , берер малы болмаған соң , өсекке ұшыратпауды ойлайды . Бұл оның жүрек тазалығының белгісі еді . Бірақ « Бірақ таң атпайын десе де күн қоймайды » дегеннен кері келіп , хат жазады . Бұлар екі-үш мәрте хат алысқандағы байқалғаны : қыз да , жігіт те бірін-бірі сүйеді . Соңғы хатында Қамар :
Құп алдым ықыласыңды , замандасым .
Белгілі сенен артық таба алмасым .
Сонда да үмітіңді үз, менен түңіл,
Бос емес әркім қағар менің басым.
Деп , бұл да оны әурелеп , күйдіргісі келмейді .
Қоғамнан соққы жеп , өз қағынан өзіжеріген , ақырында шалға тиген Қамар тағдырын автор трагедиясында жеткізе суреттеген . Ахмет басынан –ақ таза махаббат иесі , адамгершіл болып, Нұрымға тиген Қамардың өлуге қалған халін көргенде , жеке күреске түсіп , нұрымды өлтіреді . Қамардың кегін алады . Енді ол бұрынғыдай ақылдың ғана адамы емес , әрекеттің , күрестің де адамы болып шығады . Бірақ хмет әлі жалғыз , әлсіз . Оның идеялы - қала , жаңалық , прогресс.
Романдағы кедей-шаруа проблемасын беретін, Ахметті толықтыра түсетін бір кейіпкер – Жәуке. Онның бейнесі Ахметке қарағанда солғындау көрінеді .
Қамар бейнесі .Өзінің тегіжағынан Қамар бай қызы , бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз . Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға . жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді . Басына күн туып , ескі салтпен айқасқанда ғана Қамар өршелене бастайды . Сөйтсе де ол махаббат сезімінен құр емес . Ахметтің алғашқы хатын оқығанда , ол « бір қызарып , бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынышсыздықта қалады ». Жауап жазарда да көп ойға түсіп , « бұрын таңның атқаның , күннің батқанын білмейтін Қамар бір ол жағына , бір бұ жағына аунақшып , көрер таңды көзінен атқызатын болып жүрді ». Мұнда пәк сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе - өз ойы , арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық . Оның қалауына салса , Қамарға Ахметтен артық жігіт жоқ . Бірақ айналасы ондай кедейге қыз бермейді . Ескі салт пен өз еркіндігін безбенге салған қыз әзірше сол қайшылықты басты қауіп санап , Ахметке « сілтей бер маған берер малың болса » деп , жағдайды айтуға ғана шамасы келді. Осы қайшылықты түсінудің өзі Қамарды жай ауылдың қыздарының бірі емес, саналы , ойшылдығының белгісі . Ол әлеуметтік ортаны , олардың тағдырын түсінетін қыз . Кедергі екі жастың еркін сүйісуінде ғана емес , ескі салттың қуатында .
Тартыс өз басына төтелеп келмесе де , жұрт Ахметті қудалап жүргенде , Қамар жүдеп , уайымдап ел көзіне көрінбейді . Ол жала әсері ғана емес , жазықсыз қуылған Ахметтің күйі еді . Жұбатқан ағасына ол : « Нақақ мені қаралап , ахметті анадай қылуға ұялмаған ел түбінде не ооңдырар дейсің », - деп торығады . Ұзамай сол қауіп туып , Оспан би оны жорға Нұрымға қырық жылқы , он түйе , бес жүз сом ақша бермек болады .
Қамардың бас бостандығы үшін күреске түсуі күйеу келген жерден басталады . Ол Нұрымға бармайтынын ашық айтып , неке қиярға түскен молдаларды сөгіп , қуып шығады . Осы тариыстың нәтижесі - Қамарды Нұрымдардың зорлап әкетуі , қыздың ескіліктен жеңіліс табуы . Бұдан арғы жерде ол қарсылықты ішке жинайды . Енді сені сүймеймін деген сөзден пайда жоқ . Ол жан ауруына ұшырап , гүлдей солып , өлім халіне жетеді . Бұл дағдылы кесел емес , еркіндік арманынан туған « жан ауруы » болатын . Соны Нұрым сияқты надандар « жын араласудың» белгісі деп , қызды қамшымен бақсыға сабатып , ас-суынан қағады . Бақсы « таяқ батса , шырылдаса жыны кетеді » деп , одан сайын елеріп ұрады . Бақсылар оны қара түндікке орап , мола жағалатып , « жын ойнақ» салып келгендегі Ахмет көрген Қамар портреті аянышты . Кешегі Қамар сұлу соншалықты өзгеріп , тірі өлік қатарына жеткен еді . Ал , романның басындағы Қамар келбеті мұнан мүлде өзгеше:
Жіңішке шымға тартқан әні қандай ,
Бал ауыз , балбыраған тәні қандай .
Ақыл-ой , мінез-көрік түгел келіп,
Толысып , толып тұрған сәні қандай ...
Кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз оз бырлыққа душар болып , бақытсыздыққа ұшыраған . Қарсыласқан екі түрлі портрет автродың осы гуманистік , азатшылдық идеясын берді . Бұл жердегі Қамар қуанышы - романтика .
Қамарды Ғайшадай ауыл қызы емес , өзінің азаттығын арман еткен күшті қаһарман , романтиклық тұлға дәрежесіне жеткізу үшін автор өжет мінезі мен қатар оның соңғы хатын дәл осы жерде , қанды оқиға үстінде келтіріп , тамаша бір психологиялық , әлеуметтік түйіндеу жасаған .
Құдайға бүгін алса арманым жоқ .
Түксиген түк сақалға барғаным жоқ.
Қорлықта қосыла алмай кетсемдағы ,
Әйтеуір жүзің көрмей қалғаным жоқ .


Хасен бейнесі . Қамарды толықтыратын бейненің бірі – ағасы Хасен . Ол семинарист , бай баласы . Бірақ саналы , орыс мәдениетін , жаңалықты ұғатын адам . Ол ауылдағы жылпылдақтар емес , кедей болса да , көзі ашық деп Ахметпен достасады .
Кейбір әдебиет зерттеушілері Хасенді оқыған жас бола тұрса да , өз идеясы үшін күреске түспеді . Оның бейнесінде байшылдық идеясы бар десті . Біз оны кедей демейміз . Бірақ ол романда белсенді түрде күреске түскен болса , Қамар мен Ахмет басындағы трагедия , соны тудырған қайшылық жете көрінбей қалған болар еді .
Сондықтан оңай тұжырымға көшіп , Хасенді ұнамсыз бейне деу артық .
Байлар бейнесі . Романдағы ескілік пен озбырлық иелері , ұнамсыз бейнелер – Оспан би , Қалтан қажы , жорға Нұрым , ишан, молда , боқсы , жыпылдақтар.
Ахмет пен Қамар ең алдымен жыпылдақтармен тартысты . Нұрым - болыс. Оның тегін , іс-әрекетін суреттегенде автор : « Бұл өзі жеті атасынан бірі аузынан уызы арылмаған , бағы таймаға , қолынан ұры кетпеген , бір жақсылық етпеген , басы шәждеге тимеген , жамандықтан басқаны сүймеген , бірді бірге ауыстырып , елді қан жылатумен шынжыр балақ , шұбар төс , қанды ауыз атанған бір жауыз еді »,- дейді .....


0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...