Экономика | КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Экономика | КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Қазақ әдебиеті тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. «Әдебиеттiң партиялылығы» принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң «артықшылығын» дәлелдеу мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирикалық өлеңдер, поэмалар («Көкшетау», т.б.), прозалық шығармалар («Тар жол, тайғақ кешу») жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан Иманбаева, Сәбит Мұқанов, т.б. ақын-жазушылар үн қосты. Олар қазақ жерiнде жаңа туа бастаған кеңестiк шындықтың жарқын жақтарына ризашылық бiлдiрiп, шаттық жырын жырлады. Алайда, 20-жылдардағы ашаршылық пен шаруаларды күштеп ұжымдастыру, қолдағы малды тартып алу, содан туған қуғын-сүргiн көшпелi елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн қиындатып жiбердi. Бiрақ бұл жағдайды суреттеуге кеңес әдебиетi бара алмады. Осы олқылықтың орнын Мағжан Жұмабаев шығармалары ғана толықтыра алды. Большевиктер билiгiн қабылдамаған Мағжан демократиялық әдебиет дәстүрiн жалғастыра отырып, халық басындағы қайғылы тұстарды көркем суретке түсiрдi. Ол өмiрдiң мұңды, қайғылы жақтарына көп үңiлдi, өкiнiш пен күйiнiшке бой алдырды. Бiр мезгiл орыс декаденттерiне елiктеп өлеңдер жазды. Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары да қазақ лирикасының ең жарқын беттерi болып саналады. Сәкен мен Мағжан шығармалары 20-жылдардағы қазақ әдебиетіндегi екi сарынның бейнесi iспеттi. Жаңашыл жас ұрпақ Сәкен маңына топтасты. Әдебиеттiң өмiр жаңалықтарын зерттеп, жаңа тақырыптарды игеруге бет бұрды. Азаматтық, саяси лирика дамыды, лирикалық-публицистикалық поэмалардың үлгiлерi туды. Көркем проза, драматургия даму жолына түстi. Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Аймауытов осы екi жанрда бiрдей елеулi шығармалар бердi. «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қартқожа», «Ақбiлек», т.б. повестер мен романдар, «Еңлiк-Кебек», «Қаракөз», «Мансапқорлар», «Шернияз» сияқты пъесалар жазылды. Әңгiме жанрында Майлин жемiстi еңбек еттi. Әдебиетшi кадрлар қатары өсiп шықты. Асқар Тоқмағамбетов, Өтебай Тұрманжанов, Ғабит Мүсiрепов, Ғабиден Мұстафин, С. Шәрiпов, Ж. Тiлепбергенов, Е. Бекенов, М. Дәулетбаев, т.б. шығармалары әрқилы әлеуметтік көзқарастарына қарамастан, 20-жылдар әдебиетiнде жаңа бетбұрыс жасалғандығын көрсетедi. Мұндай қарқынды бұған дейiн ешбiр әдебиет тарихы көрiп-бiлген емес. Оған азаттық идеясының әсерi болғаны даусыз. 30-жылдар Қазақстан экономикасын, мәдениетiн кеңес саясатына ыңғайлау ұранымен басталды. Социалистік реализм әдiсi қабылданып, әдебиет соц. шындықты бекiтетiн материалдар негiзiнде жұмыс iстейтiн болды. Бұл, белгiлi дәрежеде, әдебиеттiң еркiндiгiн шектедi. Осы шектеуге алдымен қазақ поэзиясы ұшырады. Ол 30-жылдары, негiзiнен, жаңа соц. отанды мадақтауға, елдi индустрияландыру, ұжымдастыру науқандарын паш етуге бағытталды. Адам ойын, сезiмiн, сүйiспеншiлiгi мен күйiнiшiн, табиғатпен байланысын жырлау саясаттан тыс саналды. Халықты «Бесжылдықты төрт жылда орындау» ұранына шақыру орын алды. Iстелген iстердi тiзбелеу, жаңалықты тамашалау сарындары көбейдi. Бұл — қазақ лирикасының өсуiне кедергi жасады. Оның есесiне публицистикалық поэзия iлгерiлеп, азаматтық лирика едәуiр есейдi. Эпикалық поэзияның бүгiнгi күн тақырыбын жырлаған үлгiлерi де сәтсiз болды. Тек тарихи тақырыпта ғана (Iлияс Жансүгiров: «Күйшi», Қалижан Бекхожин: «Ақсақ құлан», Иса Байзақов: «Ақбөпе») табысты шығармалар туды. 30-жылдары эпикалық проза жақсы өстi. Майлиннiң «Азамат-Азаматыч», Жансүгiровтiң «Жолдастар», Мұқановтың «Темiртас», «Жұмбақ жалау» («Ботагөз»), М. Дәулетбаевтың «Қызылжар», Саттар Ерубаевтың «Менiң құрдастарым», Ғабдол Слановтың «Дөң асқан» романдары жазылып, бұл жанрды қазақ әдебиетінде орнықтырды. Майлиннiң, Әуезовтiң, Сейфуллиннiң, Мүсiреповтiң, Шәрiповтiң әңгiме-повестерi жарияланды. Драматургияда Жансүгiров, Майлин, Әуезов, Мүсiрепов жемiстi еңбек еттi.
30-жылдар әдебиетiнде жалпы қоғам өмiрiндегi халықтық энтузиазмге құрылған жаңа үн бар едi. Әдебиет соны үлгi ете отырып, өмiрдi толық игеруге бет бұрды. Бiрақ, 1937 — 38 ж. қуғын-сүргiн кезiнде елде қоғамның бүкiл даму заңдылықтары бұзылып, «халық жауларын» iздеу басталды. Сейфуллин, Байтұрсынов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгiровтер атылды. Әуезов, Мұқанов, Мүсiрепов қуғынға ұшырады. Әдебиет саласындағы бұл дағдарыс екiншi дүниежүзілік соғысқа дейiн жалғасты. Бұл жылдардың әдебиетке қойған өз талабы болды. Ол майдан мүддесiне қызмет етiп, халықты басқыншы жауға қарсы отан қорғау рухында тәрбиелеуге, майдан батырларының ерлiгiн жырлауға тиiс болды. Өлең саяси үгiт құралына айналды. Қазақ поэзиясы бұл мiндетiн жаман орындаған жоқ. Сонымен бiрге, соғыстың адам басына салған ауыртпашылығын солдаттың сезiмi арқылы суреттеу өрiс алды. Бұл тұрғыда майдангер ақындар Қасым Аманжолов, Дихан Әбiлев, Әбу Сәрсенбаев, Қалижан Бекхожин жақсы жырларымен көрiндi. Үлкен прозада бұл кезеңде қазақ әдебиетіндегi, тiптi кеңес әдебиетiндегi ең үздiк туындылардың бiрiне айналған Мұхтар Әуезовтiң «Абай» романының бiрiншi кiтабы жарияланды. Соғыстан кейiнгi дәуiрде қазақ әдебиетінiң қарқынды iзденiстерi айтарлықтай табысқа жеттi. Партияның идеологиялық салада бiраз қаулылар («Ленинград» және «Звезда» журналдары туралы", «Драма театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», т.б.) қабылдап, әдебиеттiң еркiндiгiн шектеуiне қарамай, эпик. проза үлкен табыстарға жеттi. Әуезовтiң («Абай»), Мұқановтың («Ботагөз», «Сырдария»), Мүсiреповтiң («Қазақ солдаты»), Мұстафиннiң («Миллионер») есiмдерi Одаққа кең тарады. Олардың кiтаптары шет ел тiлдерiне аударылды. Осыған жалғас «Абай жолы», «Оянған өлке», «Қарағанды», «Дауылдан кейiн» романдары жазылып, жоғары бағаға ие болды. М.Иманжанов, Қ.Жармағамбетов, С.Бақбергенов, Сафуан Шәймерденов, Зейнолла Қабдолов, т.б. жазушылардың әңгiме-повестерi туды. Қазақ поэзиясы соғыстан кейiнгi халық шаруашылығын қалпына келтiрiп жатқан еңбек адамдарының жан сезiмiн суреттеуге қызмет еттi. Бұл салада Ғали Орманов, Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Сырбай Мәуленов көркем туындыларымен көзге түстi. Тайыр Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш», Хамит Ерғалиевтiң «Бiздiң ауылдың қызы», Дихан Әбiлевтiң «Алтай асулары», Қалижан Бекхожиннiң «Мәриям Жагор қызы» поэмалары туды. Драматургияда Әлжаппар Әбiшев, Әбділда Тәжiбаев, Ш.Хұсайынов жаңа шығармалар («Достық пен махаббат», «Көктем желi», «Дубай Шубаевич») бердi.
50-жылдарда жеке адамға табынушылықты сынау мен елдiң iшкi нормаларын демократияландыру саясаты әдебиетке бiрсыпыра жеңiлдiк әкелдi. Әдебиетке қойылған қасаң тәртiп босаңсып, «|жылымық» туды. Мұның өзi жазушылардың шығармашылық белсендiлiгiн арттырды, олар өмiрдi боямалап көрсетуден бас тартып, заман шындығын қайшылықты құбылыстар арқылы тануға ұмтылыс жасады. Бұл iзденiс Әуезовтiң «Өскен өркен», Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», «Боран», Тәкен Әлiмқұловтың «Ақбоз ат», Әбдіжамил Нұрпейiсовтiң «Қан мен тер», С.Жүнiсовтiң «Жапандағы жалғыз үй», Зейін Шашкиннiң «Сенiм», «Темiртау» романдарынан көрiндi. Хамза Есенжановтың тарихи романдары, Бауыржан Момышұлының әскери прозасы жарық көрдi. Идеологиялық шектеудiң әлсiреуi, 60-жылдары әдебиетке келген жаңа ұрпақтың шығармашылық iзденiстерiне тың шабыт бердi. Олар адам өмiрiн жан-жақты тереңдiкпен, философиялық ойшылдықпен жырлауда, оның бойындағы ой, сезiм еркiндiгiн ашуда елеулi табыстарға жеттi. Поэзияда Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжiмеденов, Төлеген Айбергенов, прозада Шерхан Мұртаза, Әнуар Әлiмжанов, Әбіш Кекiлбаев, Мұхтар Мағауин, Сәкен Жүнiсов, Қабдеш Жұмадiлов, Дулат Исабеков, Әкім Тарази, Қалижан Ысқақов, Рамазан Тоқтаров, Оралхан Бөкеев, Сайын Мұратбеков, Дүкенбай Досжанов есiмдерi қазақ оқырман қауымының сүйiспеншiлiгiне бөлендi. 70 — 80-жылдары қазақ әдебиеті Фариза Оңғарсынова, К. Салықов, Марфуға Айтхожина, Сәкен Иманасов, Мұхтар Шаханов, И. Оразбаев, Ж. Жақыпбаев, т.б. таланттар есебiнен толыға түстi.
3. Кеңес дәуіріндегі қазақ балалар әдебиеті.
Қазақ әдебиетінiң үлкен бiр саласы — балалар әдебиетi. Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжанов, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Машқар Гумеров, Марат Қабанбайдың әңгiме, повестерi жас оқырмандардың сүйiктi шығармаларына айналды. Балалар прозасын бағдарлағанда, қаламгерлердiң шеберлiгi шыңдалып, психологиялық талдауларға батыл барғанын және бұл жолда балалар прозасы мен поэзиясы табыссыз емес екендiгiн аңғаруға болады (қараңыз: Қазақ балалар әдебиетi).
4. Кеңес дәуіріндегі қазақ тарихи әдебиеті.
1960 — 90 жылдар iшiнде қазақ әдебиетінде тарихи тақырып ерекше қарқынмен дамыды. Ұлттар тарихына жасалған тұсау алынғаннан кейiн қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда Iлияс Есенберлиннiң («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Алтын Орда»), Шерхан Мұртазаның («Қызыл жебе»), Мұхтар Мағауиннiң («Аласапыран»), Әбіш Кекiлбаевтың, («Үркер», «Елең-алаң») Әнуар Әлiмжановтың («Жаушы», «Ұстаздың орлауы», «Махамбеттiң жебесi»), Сәкен Жүнiсовтiң («Ақан Серi»), Софы Сматаевтың («Елiм-ай») тарихи романдары қазақ әдебиетінiң қомақты табыстарына айналды.
Тарихи романдар үлгiсi бүгiнгi күн тақырыбына шығарма жазушылар үшiн де мектеп болды. Бердібек Соқпақбаевтың, Қабдеш Жұмадiловтiң, Зейнолла Қабдоловтың, Тоқтаровтың, Ысқақовтың, Әкім Таразидiң, т.б. жаңа романдары дәуiр шындығының қайшылықты жақтарын кең ашып бейнелеуде, оқырманға заман мен адам туралы ой салуда едәуiр әдеби-көркемдiк жетiстiктерге ие болды.
Осы жылдарда театр сахналарында Тахауи Ахтановтың «Әке мен бала», «Жоғалған дос», Әлжаппар Әбiшевтiң «Нұрлы жаңбыр», Сәкен Жүнiсовтiң «Ай тұтылғанда», Ысқақтың «Таңғы жаңғырық», Дулат Исабековтiң «Әпке», «Мұрагерлер», М. Хасеновтiң «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтiрiк бөрiк астында», Н. Оразалиннiң «Шырақ жанған түн», Роллан Сейсенбаевтың «Түнгi диалог», «Нартәуекел» пьесалары табыспен жүрдi.

5. Кеңес дәуірінің соңындағы қазақ әдебиеті.
80-жылдардың соңына қарай, қазақ жазушылары бұрын айтылмай келген халық басынан кешкен аштық, қуғын-сүргiн оқиғаларын жазуға мүмкiндiк алды. Соңғы он жылдықтағы әдеби құбылыстар тақырыбы бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiн қозғауымен, тарихи ойымен, психологизм мен әлеум. iшкi өзара байланысымен, адамның iшкi жан дүниесiне, мiнезiне үңiле назар аударуымен, экологиялывқ, урбанизация, ғылыми-техникалық жетiстiктер көкейтестi, т.б. жайларға көңiл аударуымен ерекшеленедi.
6. Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті.
Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты.
Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды.
20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.
Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі