👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ әдебиеті | Наурызбай Қасымұлы

Қазақ әдебиеті | Наурызбай Қасымұлы

Наурызбай Қасымұлы (1822, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр. Абылай ханның немересі, Кенесарының туған інісі. 1837 – 47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында ерекше ерлігімен көзге түскен. Наурызбай Кенесарының тапсырмасымен көтеріліске қарсы жергілікті басшыларды бағындыру, салық жинау, барлау, әскерді қару-жарақ және азық-түлікпен қамтамасыз ету, дипломаттық, т.б. қызметтер атқарған. Ресей отаршылары мен Қоқан ханының озбырлықтарына қарсы соғыстардың барлығына қатысқан. 1841 жылы Кенесары хан болып сайланғанда хан кеңесінің мүшесі болған. Соғыста тапқыр, ұрыста батыл Наурызбайдың сөзге шешен, әнші-күйшілігімен, жауырыны жерге тимеген палуандығымен аты шыққан, бүркіт, қаршыға, лашын ұстап, құсбегілікпен айналысқан. Наурызбай 1847 ж. тұтқынға түскен ағасы Кенесарының қасына өз еркімен барып, қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты. Оның көркем бейнесі Нысанбай ақынның "Кенесары – Наурызбай” дастанында, М.Әуезовтің "Хан Кене” пьесасында сомдалған

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы