Экономика | Әйелдер құқықтарының Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында реттелуі

Экономика | Әйелдер құқықтарының Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында реттелуі

Әйелдер құқықтарының Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында
реттелуі

БҰҰ құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Бүгінгі таңда бұл ұйым өз өміршеңдігін танытып, зор халықаралық авторитетке ие болып отыр. Қазіргі күнде бейбітшілікті қамтамасыз етуде БҰҰ бiрқатар шараларды жүзеге асыруда. Бұл ұйым осы күнге дейін келіссөздер процестерін басқарып, аймақтық дауларды тыйып келеді. Сонымен қатар, адамдарды оқыту, олардың потенциалдарын ашуға үлкен зейін қойып, оған орасан зор ресурстар жұмсап келеді. БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және планетаны ядролық қарудан қорғау жөніндегі ғаламдық бағдарламаны қалыптастыруда. Адам құқықтары саласында маңызды істер атқарылып келеді. Өйткені, БҰҰ Жарғысы ұстанған негізгі қағидалар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық саладағы халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді мадақтау боп табылады. Осы негізгі қағидалар БҰҰ-ның адам құқықтары үшін күресiнде басшылыққа алынады.
БҰҰ-ның ең ұзақ мерзімді мақсаттары әйелдер өмірі жағдайын жақсарту мен өз өмірін тиімді бақылау мақсатында мүмкіндіктер беру боп табылады. Бұл мақсатта Әйел құқықтарын қорғайтын авторитетті халықаралық институттар құрылған. Олар: Әйелдер мүдделерін дамыту жөніндегі БҰҰ қоры – ЮНИФЕМ, Әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу институты – МУНИУЖ және т.б. Әйелдер білімін арттыруға және жағдайларын жақсартуға арналған бағдарламалар олардың арасындағы сауаттылық деңгейін дамушы елдерде 1970 ж. 36%-дан 1990 жылы 56%-ға арттырды. БҰҰ-ң құрылымында әйелдер мәселелерін шешу үшін экономикалық және әлеуметтік кеңес жанында әйелдер жағдайы жөніндегі Комиссия құрылған. Ол 1946 жылдан бастап, осы күнге дейін қызметін тоқтатпай келеді. Оған әр түрлі мемлекеттердің өкілдері мүше болып табылады. 1980 жылдан бастап, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі Сарапшылар Комитеті жұмыс істеуде. БҰҰ-ның әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі Вена орталығында әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде Бөлім орналасқан. 1993ж. басында БҰҰ құрылымында тұрақты даму және саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі Департамент жұмысын бастады.
БҰҰ-ның басқа да мамандандырылған мекемелері – ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ВОЗ), Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) және т.б. өз құзыреті шегінде әйелдер мәселесімен айналысады. Әйелдер жағдайын жақсартуды зор үлес қосқан – БҰҰ-ның Дамыту Бағдарламасы (ПРООН). Оның бүкіл әлемде өкілдері бар да стратегиялық мақсаттарды орындауда тез қызмет атқаруымен ерекшеленеді. БҰҰ-ның Дамыту Бағдарламасының басты мақсаттары – кедейшілікті жою, қоршаған ортаны қалыпқа келтіру, жұмыс орындарын көбейту және әйелдер жағдайын жақсарту. БҰҰ Дамыту Бағдарламасының арнайы қорлары бар, оның ішіне әйелдер мүддесін дамыту жөніндегі БҰҰ қоры (ЮНИФЕМ) де кіреді.
Халықаралық білім және ғылыми-зерттеу институты 1976 жылы 12 мамырда ЭКОСОС 1998 резолюциясына сәйкес, ерікті салымдар арқылы құрылған. Институт дамушы елдердегі әйелдер мүдделерін ескеруі қажет әрі әйелдер жағдайы мәселелері жөніндегі Комиссиямен, аналогиялық мақсаттары бар ұлттық, аймақтық орталықтар мен институттармен бірігіп жұмыс атқарады. Институттың басқарушы органы боолып БҰҰ Бас Хатшысының ұсынысымен екі реттен 3 жыл мерзімге артық тағайындалмайтын ЭКОСОС-пен құрылған, құрамы он мүшеден тұратын Қамқоршылық Кеңесі болып табылады [1. 71-72б].
Ең алғаш жыныстар теңдігін адам құқықтарының фундаментальды негізі ретінде қарастырған 1945 жылы Сан-Франсцискода қол қойылған БҰҰ Хартиясы болатын. Сол кезден бастап БҰҰ бүкіл әлемде әйел мәртебесін көтеру мақсатында халықаралық стратегиялар, стандарттар мен бағдарламалардың комплексін жасап шығарды. Соған байланысты БҰҰ төрт негізгі бағытта жұмыстанып келеді: заңнаманы жаңарту, халықаралық және қоғамдық қызметтің мобилизациясы, білім беру және зерттеулер, статистика жиынтығын қоса алғанда мүдделі әйел ұйымдарына көмек беру. 1975 жылдан бастап өткен барлық конференциялар әйел мәселесін қозғап келеді. Оның бастамасы 1948 жылы қабылданған жалпыға ортақ адам құқықтары туралы Декларация және 1960 жылы Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес жөніндегі Конвенция болып отыр. Нақты түрде әйелдер мәселелері жөнінде БҰҰ төрт Конференция өткізді. Әйелдер мәселесіне көңіл аударту белсенділігінің мықты импульсі болып, мүше мемлекеттер мен үкіметтік емес ұйымдардың назарын аударған БҰҰ-ның бүкіләлемдік конференциялары “Теңдік үшін. Даму және Бейбітшілік” атты ұранмен өткізілді. Олардың бірі Мексико-Ситиде өтіп, Халықаралық Әйел жылына арналды. Онда іс-әрекеттер жоспары жасалып, Бас Ассамблея Әйелдер Онжылдығын (1975-1985ж.) жариялады. 1975 жылы халықаралық әйел жылы деп аталып, ал 1976-1985 жылдар әйел Онжылдығы салдарынан БҰҰ әйелдер құқықтарын халықаралық құқықтық реттеуге арналған акт қабылдады. 1979 жылы желтоқсанда оны Бас Ассамблея қабылдады. Бұл акт - әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі Конвенция. Бұл Конвенцияда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен алғашқы адам құқықтары жөніндегі өзге де демократиялық шаралардың кемшіліктері толық қарастырылды.
КСРО Конвенцияны өңдеуде бастамашы боп, ең алғаш қол қойған мемлекеттің бірі болды. Ресей КСРО-ның мирасқоры ретінде бұл Конвенцияны орындап келеді, ал жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттер құжатты қайта қарастырып, қосылу процедураларынан қайта өтті. [2. 5-6 б.] Қазақстан халықаралық келісімге 1998 жылы маусымда қосылған болатын.Онан соң, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Нью-Иорктағы кездесуде Конвенцияның қосымша Протоколына қол қойды. Бұл Протокол жақында Парламентпен ратификацияланды.
Әйелдер мәселесі жөніндегі Екінші Бүкіләлемдік Конференция 1980 жылы Копенгагенде өтті. Үкіметтік емес ұйымдардың форумы бұған төрт мыңнан астам қатысушы жинады. Конференция нәтижесінде, Әйел Онжылдығының екінші жартысына жұмыспен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және әйелдердің біліміне қатысты шаралар белгіленді. Ал 1985 жылы Найробиде (Кения) өткен Үшінші Бүкіләлемдік Конференцияда Әйел Онжылдығы шаралары нәтижесі баяндалды. 1995 жылы қыркүйекте Пекинде (Қытай) Әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі Төртінші Бүкіләлемдік Конференция ұйымдастырылды. Бұл Конференцияға дайындық барысында 1994 жылы бес аймақтық дайындық кеңесулер өтті: Джакарта (Индонезия, 7-14 маусым), Мар-дель-Плата (Аргентина, 25-29 қыркүйек), Вена (Австрия, 17-24 қазан), Амман (Иордания, 6-10 қараша), Дакар (Сенегал, 16-23 қараша). Төртінші Бүкіләлемдік Конференцияда Декларация мен іс-әрекеттер Платформасы қабылданды. Әйелдер мәселесі жөніндегі БҰҰ Комиссиясы БҰҰ-ның барлық мекемелерінде Платформаның орындалуын бақылауға тиіс болды. Бұл Конференцияның ұйымдастырылуы әлемдік әрi ұлттық деңгейде әйелдер қозғалысының тез қарқынмен дамуына себеп болды.
Онда 2000 жылға жүзеге асырылуы тиiс маңызды стратегиялар қабылданды. Бұл стратегияларға сәйкес әйелдер жағдайын жақсарту мақсатында мынадай мiндеттер тұрды:
• Тең құқықтарды қамтамасыз етпейтiн заңнаманы өзгерту
• Әйелдер дамуы жөнiнде ұлттық үкiметтердiң нақты шаралары
• Әділетсіз әлеуметтiк-экономикалық құрылымдарды өзгертуге қолдау көрсету
• Денсаулық сақтау, бiлiм алу, жұмыс орнына орналасу, әлеуметтiк қамтамасыз етуде тең мүмкiндiктерге қол жеткiзу
• Теңдiктi үгiттеу
• Әйелдер жағдайын жақсарту мемлекеттiк механизмдерiн жасап шығару.
• Отбасылық деңгейде ортақ еңбектi қолдау
Ортақ стратегиялық мақсат боп қоғамдық әрi саяси салаларда толық теңдiкке қол жеткiзу табылады.
Пекин Платформасы негiзгi төрт деңгейдi қамтиды: ғаламдық, саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық. Платформа мәселе тудырып отырған салаларды бөлiп көрсеттi:
• бiлiм алуда мүмкiндiктер теңсiздiгi
• денсаулық сақтауда мүмкiндiктер теңсiздiгi
• әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтар
• қарулы және басқа қақтығыстар салдары
• экономикалық және саяси құрылымдардағы теңсiздiк
• билiктiң бөлiнуi мен шешiм шығарудағы теңсiздiк
• барлық деңгейлерде әйелдердiң жағдайын жақсартуға арналған механизмдердiң әлсiздiгi
• әйелдердi толық дәрежеде құрметтемеу
• байланыстың әр түрлi жүйелерiнде әйелдердiң стереотиптiк бейнелерiн жасау
• қыздарға қатысты кемсiтушiлiктiң сақталуы мен олардың құқықтарының бұзылуы
Пекин Платформасында мәселенiң негiзi, салдары мен шешiлу жолдары аталып көрсетiлдi. Найробилiк стратегиялар болжамдық дәрежеде боп, жоспарланып отырса, Пекиндiк Платформада нақты iс-әрекеттер қабылданды.
Осылайша, 1997 жылы әйелдер мәселесi жөнiндегi БҰҰ Комисиясының 41 сессиясында, стратегиялық мәнi зор мәселелер талқыланды, олар: әйелдер және қоршаған орта, бiлiм алу және мамандандырылған даярлық, экономика. Сессияда әйелдердiң қоғамдағы рөлiн арттыру жөнiндегi келiсiмге қол жеткiзiлдi. Бұл келiсiмге, сонымен қатар, өмiрлiк циклдың әр түрлi сатыларында әйелдердiң үздiксiз бiлiм алу жүйесiн дамыту рекомендациялары мен әйелдердiң экономикаға қатысуын қолдаудағы арнайы шаралар мен құрылымдық қайта ұйымдастыру саясатының мониторингi мен қалыптастыруын гендерлiк тұрғыда қарастыру қажеттiлiгн бекiту қосылды. 1998 жылы наурызда Әйелдер жағдайын жақсарту жөнiндегi адамдардың өтiнiштерiн қабылдау үшiн Конвенцияға қосымша Протокол қабылданды. Онда қарастырылған мәселелер: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсету, әйелдер мен қарулы қақтығыстар, әйелдер мен қыздар және қарт әйелдер құқықтары.
Әйелдер мәртебесi БҰҰ шеңберiнде қабылданған бiрқатар құжаттарда, 1948 ж. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Жалпыға Ортақ Декларациясы, 1950 жылы Адамдар саудасымен және үшiншi тұлғалардың жезөкшелiктi эксплутациялаумен күрес жөнiндегi Конвенциясы, 1967 жылы Әйелдерге қатысты кемiтушiлiктi жою жөнiндегi Декларациясында қарастырылса да, ең маңызды құжат 1979 жылы Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою жөнiндегi Конвенция болды, (СЕDАW). Бұл халықаралық құқықтық құжат әлемдегi әйелдердiң жағдайын түпкiлiктi өзгертедi, өйткенi, бұл мақсатта арнайы шаралар қолданылады.
Конвенция бойынша, әйел ер адамға тiгiнен әрi көлденеңiнен тең және ол қоғамдық өмiрден бастап, жеке қарым-қатынастарда да көрiнiс табуы тиiс. Бұл Конвенцияның заңи күшi қосылған мемлекеттер үшiн мiндеттi. Әйел өмiрiндегi өзгерiстер мәдениеттен бастап саясатқа дейiн енгiзiлуi керек. Мемлекеттер жезөкшелiктi, әйел эксплутациясын, еш зорлық-зобылықты болдырмау мақсатында алдын-алу шараларын ұйымдастыруы тиiс. Бұл шараларға бiлiм алу мен жұмысқа орналасу, еңбек рыногында құқықтарды қорғау кепiлдiктерiне ие болу, денсаулық сақтау қызметтерi мен ана мен баланың қорғалуына тең мүмкiндiктер алу енгiзiлуi тиiс. Конвенция бойынша, әйел толық заңи өзiн-өзi анықтау мен меншiктi иемделуде бөлiнбейтiн құқыққа ие. Бұл құжаттың бiр ғана кемшiлiгi – ұлттық деңгейде ескерту енгiзуге болатындығы. Алайда, олар құжаттың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiне қарсы келмей, уақытша сипатта болуы тиiс. Конвенцияның тағы бiр маңызды қыры – оның әмбебап болуы. Оның 2 бабында көрсетiлгендей, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларын жыныстар теңдiгiн жүзеге асыруда қозғамайды, алайда, ұлттық заңнамада қарастырылмаған мәселелер болған жағдайда Конвенцияға артықшылық берiледi. Оның нормалары әйел құқықтары бұзылған кезде iстiң сотта қаралуына негiз бола алады. Конвенция сан алуына салаларды қамтиды: құқықтық, әлеуметтiк, мәдени, экономикалық, саяси, моральдық т.т. Ол әйелдер мен ерлер жүрiс-тұрысы үлгiлерiн өзгерту қажеттiлiгiн атап, әлеуметтi рөлдерге қатысты патриархалдық стеротиптердi өзгерту, балаларды өсiруге ата-ананың рөлiн арттыру, әйелдердiң саяси өмiрге белсендi қатысуына барлық жағдайларды жасауды көздейді. [3. 20-32 б.]
Әйелдерге байланысты көзқарасты өзгертуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы ерекше аталады. Конвенцияның онжылдығына орай, БҰҰ Бас Хатшысының жолдауында бұл Конвенция “Әйелдер құқықтарының Биллі” деп дұрыс айтылды.
Соңғы он жылдарда бүкіл әйелдер дамуының қозғалысы алға басып келеді. Халықаралық деңгейде өтетін жалпыадамзаттық мәселелер жөніндегі кездесулер міндетті түрде әйелдер жағдайын қарастырады.
Жыл сайын авторитетті әйелдер ұйымдары мәртебесі де өсіп келеді. Күн сайын әлеуметтік қарым-қатынастардың, оның ішінде жыныстар қарым-қатынастарның эгалитаризациясы тенденциялары ұлғаюда. Қазіргі күнде орта ғасырлардағыдай ерлер қоғамдық өмірдің гегемоны боп қала алмады. Сондықтан да, әйелдер жарқын болашақ мақсатында күресу арқылы ерлермен ынтымақтасып, жаңа тең құқылы әлеуметтік қарым-қатынастарды орнатуға жұмылып келеді. Бұл мақсатта көрнекті тосқауылдар болмағанымен, әлі де шешілмеген мәселелер тұр. Мінеки, БҰҰ-нының барлық шаралары оларды шешуге бағытталған. Әлемдік қауымдастық БҰҰ-ның адамзат дамуы мен жер жүзінде шынайы теңдікке жетудегі ролін әбден мойындады.
Алайда, БҰҰ әлемдік үкімет емес, ол халықаралық ұйым ретінде адамзат консолидациясы үшін қызмет етуде. Осы ұйымның қызметіне қарап, адамзат барлық ғаламдық мәселелерді тек жұмылып шешу керектігін түсінген сияқты.
Менің бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым бұл мәселенің маңыздылығы бүкіләлемдік деңгейде екендігін жеткізіп, шешу жолдарын тек халықаралық ұйымдарға міңдеттемей, мемлекеттік стратегиялар, стандарттар мен бағдарламалардың комплексін жасап шығару керектігіне шақыру. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі