Экономика | БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

Экономика | БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ


БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ - дүнне жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды әмбебап халыкаралык ұйым. Басты максаты — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. БҰҰ кызметінің негізгі принциптерін 1939 — 45 ж. 2-дүние-жүз. соғыс кезінде антигитлерлік коалияға ұйытқы болған мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО. АҚШ, Ұлыбритания сырткы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет басшылары катыскан Тегеран конференциясында (1943) берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демократиялық күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықаралық ұйым кұру мәселесі қозғалды. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944 ж. тамыз-казан айларында өткен Думбартон-Окс конференииясында (АҚШ) жасалды. Қырым конференииясында (1945) Думбартон-Окс жоба¬сы бірауыздан мақұлданып,сондай-ақ. Сан-Франциско конференциясында (1945. 26 маусым) БҰҰ Жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның күрылтайшы мүшелері ретінде 50 мемлекет {сондай-ак Польша) қатыс¬қан болатын. Жарғының күшіне енген сәті — 1945 жылғы 26 казан жыл сайын "Бі¬ріккен Ұлтттар Ұйымының күні" деп аталып өтеді. БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары — жер бетінде бей¬бітшілік пен кауіпсіздікті жақтап. мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын корғап. халыкаралық құқықты жүйелеу және онын прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. БҰҰ-ның басты органдары — Бас Ассамблея, К,ауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халыкаралык сот, Қамқорлык жөніндегі кеңес пен Хатшылык (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АКШ) орналасқан. Женевада (Швейца¬рия). Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на Жарғыда бекігілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.Бас А с с а м б л е я н ы ң мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді. Қауіпсіздік Кенесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талкы-лап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап бекітеді. БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес К а у і и с і з д і к К е ң е с і н е халықаралық бей¬бітшілік пен кауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның ерекшелігі — Кеңестік 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық кағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды. Құрамына 54 мемлекет кіретін Экономикалық және әлеуметтк кеңеске экономикалық-әлеуметік мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы халыкар. маселелер бойынша зерттеулер жүргізу және баянламалар әзірлеу. сондай-ак. Бас Ассамблеяға. БҰҰ мүшелеріне, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап. тапсыру уәкілеттігі берілген. К а м к о р л ы қ жөніндегі кенестін негізгі 509 міндеттері — қамкорлыққа алынған территория түрғындарының саяси. экон. және әлеум, прогресіне, оның білім беру саласында ілгерліеуіне, оның өзін-озі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәр¬демдесу болып табылады. X а л ы ка р а л ы қ Сот мемлексттер арасындагы даулы мәселелерді шешетін. сондай-ак. БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің кұқық мәселелері бойынша үсыныстык ұйғарым шығаратын ең басты ха-лыкар. ұйым болып саналады. Хатшылык Бұұ-ның аткарушы органы міндетін орындайды. Оған К,ауіпсіздік Кеңесінің үсынысы бойын¬ша. Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды. БҰҰ құрамында әлеум.. экон. және гуманитарлық сала бойынша маманданды¬рылган 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулықсактау ұйымы. Халыкаралық еңбек ұйымы. Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі, т.б.), сондай-ак. арнаулы комиссиялар (Ха¬лыкар. құқық комиссиясы) бар. Қазақстан БҰҰ-на және оның бірнеше маманландырылған мекемелеріне мүше болды (1992).

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ АДАМ ҚҮҚЬІЛАРЫ ЖӨНІНДЕП КОН-ФЕРЕНЦИЯЛАРЫ, жеке тұлғалардың (адамлардың) құқықтары .мен бостандықтары жөніндегі мәселелерді карайды. Адам құкыларының жалпыға бірдей декларациясы 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді Сонғы 50 жыл ішінде әлемнің түпкір-түпкірінде болып жаткан аймақтық соғыстар. табиғи және экол. апаттар, наша-қорлык, қарақшылық, жұмыссыздық — бәрі қосылып адам факторына келіп тіреледі. Адам күқыларының жалпыға бірдей декларациясы адамды түріне, тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеум. жағдайына, жынысына қарамастан тең құқықты санайды. Алайда осы қағидалар жекелеген мемлекеттер,мемлекеттік қайраткерлер тарапынан жиі бұзылады. Сол себептен БҰҰ бұл мәселені үнемі өз назарында ұстап. кезекті конференцияларында қарап отырады. 1968 ж. өткен Тегеран конференциясы Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы кабылдануының 20 жылдығына арналды. Оған 84 елдің делегациясы катысып. Көптеген мәселелер каралды. Келесі конференция араға 25 жыл салып. 1993 ж. 1 маусымда Венада өтті. Онда төмендегі мәселелерге баса назар аудару кажет деп шешті: 1) дүние жүзі бойынша адам құқы бұзылуын болдырмау үшін жанжакты бақылауды күшейту кажет: 2) адам құқы бұзылған жағдайда БҰҰ тез арада накты шара колдану үшін адам құқы жө¬ніндегі бірінші Жоғарғы комиссарды тағайындайды; 3)бейбітшілкті сақтау миссиялары аттандырылган кезде бірінші кезекте адам құқы мен демократия нормалары қорғалуы тиіс. Бұған коса дамушы елдердегі сауатсыздықпен. аштыкпен және кедейшілікпен күрес, боскындардың мүддесін қорғау казіргі таңда дүние жүзіндегі ең басты проблемалардын бірі болып калып отыр.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ АЙНАЛАДАҒЫ ОРТА ЖӨНІНДЕП БАҒДАРЛАМАСЫ (ЮНЕП) -БҰҰ Бас Ассамблеясының мемлекеттер мен халыкаралық бірлестіктердің коршаған ортаны корғау мен жақсартута бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын камтамасыз ететін халыкар. ұйым ретіндегі көмекші органы. БҰҰ-нын 1972 ж. 5 - 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоксанда құрылған.
ЮНЕП-тің басты органдары — Баскару кенесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуык мемлекет қосылған. Штаб-пәтері — Найробиде. Баска-ру кенесі коршаған ортага байланысты халыкар. ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның кызметі мен үйлестірілуін баскаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бо¬йынша коршаган ортанын жагдайын үнемі бакылауда үстаумен, т.б. коптеген щаралармен айналысады. Қоршаган ортаны к,оргау саласындағы бағдарламалардың косымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында. 1973 ж. I кантарда ерікті ЮНЕП коры ашылды. ЮНЕП-тің біркатар конвен-иияларына Қазакстан Республикасы 1994 ж. қыркүйекте кол койды. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге карсы күрес конвенциясына Казахстан Республикасы да косылды. Қазіргі таңда Казақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастык шенберінде: Қоршаған орта корғау жөніндегі дүниежүз. қордың (ФГОС) каржыландыруымен ЮНЕП-тің "Кас-пий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау" бағдарламасың жүзеге асыру ісі. ЮНЕП-тін Еуропалыкаймакгыкбюросы-мен бірге Арал және Каспий теніздері жағдайлары жонінде-гі халыкар. конвенция жасау мөселелері карастырылуда. Казакстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі заңы және экол. зандарын күшіне енгізу жүмыстары жүргізітуде (1999).
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ АРТЫҚІІІЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУ-НИТЕТГЕРІ ТУРАЛЫ КОН¬ВЕНЦИЯ (13.2.1946, Нью-Йорк) — БҰҰ-ға мүше мем-лексттер арасында тең құқылы карым-қатынас орнату жөніндегі келісім. Конвенцияда бейбітшілік пен кауіпсіздікті нығайту үшін өзара тен дәрежеде қарым-қатынастар орнатып. бір-бірінің ішкі істеріне араласпай, келіспеушіліктің барлық түрлерін келіссөздер арқылы дипломатиялық жолмен шешу көзделінді. Мемлекеттер арасындағы дауды бейбіт жолмен шешіп, болашақта болуы мүмкін карулы қақтыгыстарды ушыктырмай алдын алу үшін БҰҰ жанынан арнайы ұйым — Кауіпсіздік Кеңесінде карап отыруға шешім кабылданды. БҰҰ-на мүше мемлекеттерді өзара ашық дипломатиялық қарымкатынас жасап, қару-жарақты шектеуге міндеттеді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАЛАЛАР ҚОРЫ
— БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі. 1946 ж. 11 желттоксанда 2-дүниежүз. соғыс-тан тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уакытша ұйым ретінде құрылған. Алғаш "Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше кор" деп аталды. 1953 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітітді- БҰҰ балалар қоры тек соғыс зардабына ұщырағандар ғана емес, сонымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, боскыншылық көрген елдердің балаларына да кол ұшын береді. Қордың баскарушы органы— Басқармасы 3 жьпға сайланады. Кор Хатшылығын БҰҰ-ның Бас хатшысы тағайындайтын аткарушыы-директор баскарады. Казіргі кезде БҰҰ Б. к-на 50-дсн аса мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Нью-Йоркте (АКШ). 1994 ж. Қазакстанда БҰҰ Б. к-ның өкілдігі құрылды. Өкілдік 1995 ж. мамырда Қазақстан үкіметімен бірлесіп. әлеум. Және экон. кайта құру жағдайында балалар мен аналарды корғаудың 5 жылдык бағдарламасын жасады. Бұл кешенді бағларламаның негізгі бағыттары — ана мен бала денсаулығын сактау. бастауыш білім беру ісін жетілдіру. экол.-санитарлық көмекті дамыту, ана мен бала құқығын корғау шараларын жүзеге асыру, Қор Қазакстанда "Арал теңізі: аймақты және техникалык көмек жобасы" атты кешенді шараларды ұйымдастырып. аймак тұрғындарына көмектесу максатында жұмыстар аткаруда. Сондай-ак. БҰҰ Б. к. дәрі-дәрмекпен. мед. құрал-жабдыктармен және мектепті негізгі керек-жарактармен. компьютерлік техникамен камта-масыз ету ісінде көптеген ко-ғамдык ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС АССАМБЛЕЯСЫ — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлыгы тең құқылы түрде Бас Ас-самблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әркайсысы 1 дауыс кана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. Бұұ-ның Жарғысына сәйкес, Ассам¬блея халыкар. бейбітшілік пен кауіпсіздікті колдау ісіндегі ынтымактастыктың ортақ кағидаларын талкылауга, сондай-ак, бүкіл мә-селе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талкыламай-ақ сол істі Қауіпсіз¬дік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бей¬бітшілік пен кауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар. Осы баптарға сәйкес Бас Ассам¬блея экон. әлеум, мәдениет. білім беру, денсаулық сақтау аясындағы ха¬лықаралық ынтымақтастықты өрістетіп. адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық Құқықың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп,нұскаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарымқатынастарға нұқсан келтіруі ыктимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талкылауға. БҰҰ бюджетін карап бекітуге міндетті; сонымен қа¬тар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінін басым көпшілігінің даусымен кабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе,процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен кабылдана берелі. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамблеяға БҰҰ-нын барлык мүшелерінің кемінле жартысы катысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте. кыркүйектің алгашкы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комнтетінің. БҰҰ-иа мүше елдерлің көпшілігінің талап етуіне орай немесс БҰҰ-на мүше бір елдің {егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған коса екі процедуралық комитет құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзір-леумен каралатын мәселелер кезегін белгілеумен, БА-ның барлык қызметін үйлестірумен, ал екінші ко¬митет уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ас¬самблеяның негізгі 7 коми¬тетінің мынадай міндеттері бар: Б і р і н ш і комитет саяси мәселелермен және карусыздануды коса алғанла, кауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты мәселелермен; Е к і н ш і ко¬митет экон. және каржы мәселслерімен; Үшінші ко¬митет әлеум.-гуманитарлык және мәдени мәселелермен. Төртінші комитет камкорлык,және өзін-өзі баскара алмайтын территорияларға жәрдемдесу мәселелерімен; Б е с і н ш і комитет әкімш. және онын каржы мәселелерімен. Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысалы. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылга тұрак¬ты сайланатын әкімшілік. каржы мәселелер жөніндегі Кенесші және Жарналар жө¬ніндегі к-ті бар. Бас Ассам¬блея өзінің кызметтік міндетін толык жүзеге асыруға ықпал ете алатын баска да косымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ — БҰҰ Хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі. Бұұ Бас хатшысын Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ас¬самблея 5 жыл .мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. БҰҰ-нын Б. х. жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы кызметі туралы баяндама жасайды. БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықар. конференцияларға катысады. Ол әкімш. қызметімен және күнделікті жұмыстарды баскарумен ка¬тар, БҰҰ-ның баска да органдарының шешімдерінің орындалуын кадағалайды, халыкар. бейбітшілік пен қауіпсіздікке катер төндіретін кез келген мәселені Кауіпсіздік Кенесінің назарына кояды, мемлекеттер арасындагы шиеліністерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады. БҰҰ құрылғалы бері Бас хатшылар: Т. Ли (Норвегия, І946 — 53). Д. Хаммаршельд (Швеция. 1953 - 61). У Тан {Бирма. 1961-71), К.Вальдхайм (Австрия. 1972 — 81). X. Перес де Куэльяр (Перу. 1982 - 91). Б. Бутрос Гали (Египет. І992 — 96) болды. Қазір Бас хатшылықты 1997 жылдан бері ганалык Кофи Аннан атқаруда.

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БОСҚЫНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ (БЖКБ) -боскындар мен мүғажырларлы (коныс аударушыларды) корғау ісін жүзеге асырып, әлеуметтік мәселелерін құқыктық тұрғыдан реттеумен айналысатын халықаралық ұйым. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1949 ж. 3 желтоқсандағы № 319 (IV) карарына сәйкес құрылды (1951). Штаб-пәтері Женева қ-нда. Басқармаға БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары жетекшілік етеді. Ол БҰҰ-ның Бас хатшысының ұсынысы бойын¬ша 3 жылдық мерзімге сай¬ланады. Баскарманы құру туралы карарда Жоғарғы комиссардың саяси сипаты бар жұмыстар істеуге тиіс еместігі айрықша атап көрсетілген. Ол босқындар келісімімен сол елде өзінін өкілдігін аша атады. Жоғарғы комис¬сар Экономикалык және әлеуметтік кеңес аркылы жыл сайын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына өз қызметі туралы есеп береді. Басқарманың әкімш. шығындарына БҰҰ бюджетінен каржы бөлінеді, ал Жоғарғы комиссардың кызметіне байланысты шығындары ерікті жарналар есебінен өтеледі. 1995 ж. тамызда Қазакстанда осы басқарма өкілдігі ашылып, нақты шаралар бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеуге кірісті. Әсіресе, көші-қон легін ха¬лыкар. стандарттарға сай реттеу бағытында мемл. органдарға жан-жақты көмек көр¬сете бастады. 4 жыл ішінде республикаға келген 3927 босқын (1588 отбасы) тіркеліп, олардың 2780-іне (935 отбасына) көмек көрсетілді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі