Медицина | Дәрілік заттар

Медицина | Дәрілік заттар

Мөлшерлер және концентрациялар
Дәрігерлік заттардың әсері көп дәрежеде ,олардың мөлшерімен анықталады.Мөлшерге байланысты әсерінің даму жылдамдығы ,оның айқындығы ,ұзақтығы,кейде сипаты өзгереді.Әдетте мөлшердің жоғарлауымен латентті кезеңі азяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.
Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санының мөлшері деп атайды.Тек бір рет қабылдауға есептелген мөлшер ғана емес ,сонымен бірге тәуліктік мөлшер жөнінде де хабардар болу қажет.
Мөлшерді граммен немесе грам үлесімен елгілейді.Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1кг салмағына есептейді.Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде ,дене беткейінің көлеміне сүйенуді жөн көреді.
Дәрінің бастапқы биологийлық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер әсер етуші деп атайды.Практикалық медицинада орташа емдік мөлшерді бәрінен жиі қолданады,юұл нуқастардың басым көпшіліггінде препараттардың қажетті фармокотерапиялық әсерін көрсетеді.Егер оларды тағайындаған кезде әсері жеткілікті айқын болмаса,онда мөлшерді жоғарғы емдікке деін жоғарлатады.Сонымен қатар заттарағза үшінқауыпты уытты әсерлер шақыратын уытты мөлшерге және леталдық мөлшерге бөледі.
Егер ағзада дәрілік заттардың жоғарғы концентрациясын жылдам түзу қажет болса ,онда бірінші мөлшер соңғылардан жоғары олады.
Дәрілік заттардың қайталап қолдану
Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда,олардың әсері жоғарылау жағына датөмендеу жағына да өзгеруі мүмкін.
Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаы ,олардың кумуляциялануын қабілетіне байланысты болады.Материялдық кумуляция деп ағзада фармакалогиялық заттардың жинақталу түрлерін айтады.Бұл ұзақ әсер ететін препараттарға тән олар аз бөлінеді немесе ағзада тұрақты айланысвды.Осыған байланысты бұндай препараттардың кумуляциялануының ескере отырып,іртіндеп мөлшерін азайтып немесе препаратты қаылдау арасын ұлғайта отырып мөлшерлеу керек.
Функционалдық деп аталатын кумуляцияның мысалдары белгілі,бұл кезде зат емес ,әсер жинақталады.Акоголизм кезінде ОЖЖ-сі функциясының үдемелі өзгеруінде маскүнемдік елірме дамуына әкелуі мүмкін .Осы жағдайда зат жылдам тотығады және тіндерде іркілмейді.Оның тек нейротропты әсерлері жинақталады.МАО-ның тежегіштерін қолданғанда да функционалдық кумуляция пайда болдады.
Заттарды қайталап қолданғанда әсерінің төмендеуі –бейімделу -әртүрлі препараттарды қолданғанда байқалады.Ол заттың сіңуінің азаюына ,оның инактивациялану жылдамдығының ұлғаюына және қарқынды шығуының жоғарлауына байланысты болады.Бірқатар заттарға бейімделудің пайда болуы ,оларға рецепторлық құрылымдардың сезімталдығының төмендеуімен немесе олардың тіндерде тығыздығының азаюымен жүзеге асуы мүмкін.
Ейімделу жағдайына бастапқы әсерді алу үшін препараттың мөлшерін жоғарлату немесе ір затты басқамен ауыстыру қажет.Сонғы жағдайда сол рецепторлармен айланысатын заттарға айқас бейімделудің бар екенін ескерген жөн.
Бейімделудің ерекше түрі тахифилаксия болып табылады ,бұл өте жылдам пайда болатын бейімделу,кейде затты 1рет енгізгеннен кейін. Осылайша ,эфедринді 10-20 минут аралығымен қайта қолданғанда,1-ші инъеккцияға қарағанда ,артериялық қысымның аз көтерілуін байқатады.
Кейбір заттарға ,оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды.ОЛ дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмаумен көрінеді,әдетте көңіл күйді жоғарлату ,хал-жағдайын жақсарту,жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтату мақсатында ,сонымен бірге дәріге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тқтатқанда болады.
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі
Медицина практикасында бірнеше дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолданады.Бұл кезде ,олар негізгі әсердің айқындығы мен сипатын және оның ұзақтығын өзгерте отырып ,сонымен қатар жанама және уытты ықпалдарын күшейте немесе әлсірете отырып,ір-бірімен өзара әлсіресуі мүмкін.
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін келесі түрде жіктеуге болады.
1.Фармакалогиялық өзара әсерлесуі:
-дәрілік заттардың фармококинетикасының өзгеруіне негізделген
-дәрілік заттардың фармокодинамикасының өзгеруіне негізделген
-дәрілік заттардың ағза ортасында химиялық және физикохимиялық өзара әсерлесуіне негізделген
2.Фармацевтикалық өзара әсерлесуі
Медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту немесе үйлестіру үшін әртүрлі дәрілік заттарды жұптастыруды жиірек қолданады.Мысалы,кейбір психотроптық заттарды опиоидық анальгетиктермен қосып қолдана отырып,соңғысының ауыру сезімін басатын әсерін айтарлықтай жоғарлатуға болады.Антибактериялық немесе саңырауқұлақтарға қарсы құрамы қабынуға қарсы стероиды заттардан тұратын препараттар бар,бұл да мақсатқа сәйкес жұптастылғандардың қатарына жатады.сонымен бірге ,заттарды жұптастырғанда жағымсыз өзара әсерлесулер де пайда болады,ол дәрілік заттың сейкессіздігі деп белгіленеді.




Дәрілік заттардың әсер көріністері үшін ағзаның және оның жағдайларының жекеше ерекшеліктерінің маңызы
А)Жасы
Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді . Осыған байланысты ,дәрілік заттың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге әсер етуін зерттейтін периналдық деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.Бұл көптеген ферменттердің,бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне,гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгішінің жоғары болуына ,ОЖЖ-ның толық дамымағандығына байланысты.Өмірінің осы кезеңінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады.Мысалы:жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға өте сезімтал болады.Олар үшін левомицитин өте уытты ,ол тіпті өлімге алып келуі мүмкін.Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ олуымен түсіндіріледі.Кішкентай жастағы алаларға бездердің секрециясын күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды,себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзу және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін.
Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын фармокология саласын Педиатриялық формакология деп атайды.
Мемлекеттік фармокопеяда ,әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және күшті әсер ететін заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшердің кестеі келтірілген.
Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған ,олардың метоболизмінің тиімділігі аздау,препараттың бүйрекпен шығу жылдамдығы төмендеген.Жалпы егде және кәрілік жаста көпшілік дәрілік заттарға сезімталдық жоғары,осыған байланысты олардың мөлшері төмен болу қажет.
Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың әсерін және қолданылу ерекшеліктерін анықтау көп маңызға ие болуда.

Б)Жынысы
Жануарларға зерттеу жүогізгенде көрсетілгендей ,оның аналығына қарағанда,аталық түрлерінде бірқатар заттарға сезімталдық аздау.Жынысына да байланысты бірқатар заттардың метоболизмінде ерекшеліктер белгіленген болатын.Сонымен қатар ,клиникалық ақылаулар да бар.Мысалы,парацетамолдың клиренсі әйелдерге қарағанда ,еркектерде тезірек жүреді.Әйелдерде менопауза кезінде ішекте кальций ионының абсорциясы баяулайды.Еркектерге қарағанда ,әйелдерде верапамилдің биожеткілігі жоғары.Әйелдерде диезепмның тотығуы тезірек жүреді.Әйелдерде аритмияға қарсы заттар аритмогенді әсерді жиі туғызады.Операциядан кеінгі ауыру сезімді басу үшін ,әйелдерге қарағанда ,еркектерге морфиннің жоғарғы мөлшері қажет болады.
Бірақ жалпы бұл мәселелер жеткіліксіз зерттелген.Әрбір жағдайда ,дәрілік заттардың фармркокинктикасындағы және фармокодинамикасындағы жыныстық айырмашылықтардың себептерін анықтау маңызды.
В)Генетикалық факторлар
Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін . Бұл сандық қалай болса,сапалық та солай көрінеді.Мысалы,қан сарысуында холинэстеразаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде,миорелаксант дитилінніңтәсер ету ұзақтығы кенеттен жоғарлайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке жету мүмкін.
Туберкулезге қарсы зат изоиназидінің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі.Адамдарды тез және аяу метаболизмдік белсенділігі бар деп бөледі.Изониазид аяу инакивацияланатын адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін ,ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіспеушілігі бар деп есептейді.
Заттарға тән емес реакциялардың мысалдыры белгілі.
Ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауға генетикалық факторлардың рөлі фармокологияның арнай саласы –фармокогенетиканың негізгі мәселелері болып табылады.

Г)Ағзаның жағдайы
Препараттардың әсері ағзаның жағдайына ,соның ішінде оларды тағайындайтын патологияға байланысты олуы мүмкін.Мысалы,ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді .Жүрек гликозидтерінің қан айналымына әсері тек жүрек жетіспушілігі кезінде көрінеді.Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын,гангиоблоктардың гиптензивтік әсері көп болады.Гипертириоз кезінде миокардтың сезімталдығы жоғарлайды.
Үйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және иотрансформациясын өзгертеді.Бұл кезде басқа параметрлер де –белокпен байланасуы ,биожеткілік өзгеруі мүмкін.

Д)Тәуліктік ырғақтық маңызы
Физиологиялық қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды мәні бар.Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні жалпыға мәлім.Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді.Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге тәуелдігн зерттеу ,хронофармакология деп аталатын жаңа ағыттың негізгі мәселелерінің бірі.
Тәуліктік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана аоймай ,сондай-ақ сапалық та өзгереді.Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым әрі максималды белсенділік кезінде байқалады .Атап айтқанда ,адамдарда ауру сезімін басатын зат морфин таңертенге немесе түнге қарағанда күннің екінші жарытысының басында көбіне белсенді болады.Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жарытысына қарағанда көіне таңертең тиімді.
Заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасы тәуліктік периодизмге тәуелді болады.Бұған тәуліктік ырғақтың фазасына және амплитудасына дәрілік заттардың өзі ықпал ететінін қосу керек .Әртүрлі патологиялық жағдайлар мен аурулар кезінде тәуліктік әрбір уақытында олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі өзгеретіндігі де ескерген жөн.
Қорыта келе, Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалық қасиеттеріне,суда,липидтерде ерігіштігіне ,ұнтақ тәрізді қосылыстар үшін-олардың еру дәрежесіне ,ұшқыш заттар үшін –ұшу дәрежесіне де тәуелді болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі