Биология | Микроорганизмдерге әсер ететін физикалық факторлар

Биология | Микроорганизмдерге әсер ететін физикалық факторлар

Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері: Табиғатта су бос және байланысқан күйінде кездеседі. Байланысқан суды ерітінде ретінде қолдануға болмайды. Сондықтан микроорганиздер ортада бос күйінде су болғанда ғана тіршілік ете алады. Мұндай суда еріген қоректік заттар микроорганизмдер ене алады. Ортада судың мөлшері неғұрлым азайған сайын, солғұрлым микроорганизмдер тіршілігі баяулай береді. Сондықтан кептіру микроорганиздер үшін аса қауіпті. Дегенмен ылғал тапшы болған жағдайда да микроорганизмдердің тірі қалатындары да бар. Бұған олардың спора түзетін қасиеті дәлел бола алады.
Ыдғалдың микроорганизмдерге әсерін анықтау мақсатында ылғалы әр түрлі ақ нанның тілімдерін алады. Кейбір тілімдерін қолдан кептіреді де осыларды Петри табақшасына салып, 20 минут бойына 1атм.қысыммен залалсыздандырады. Бір тілімнің үстіне ілмешікпен сапрофит бактерияларды «Sarcina lutea, Acheomobackter pradigiosum» жұқтырады, басқаларына зең саңырауқұлақтарының спорасын салады. Табақшаларды бөлменің ішінде немесе температурасы 25 градус террмостатта ұстайды. Келесі сабақта бактериялар мен зең саңырауқұлатардың әр түрлі ылғалда даму дәрежесін анықтайды. Сөйтіп бактерияларға қарағанда зең саңырауқұлақтарының қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен қорытынды шығарады. Мерзімі жағынан ұзақ болғанымен осындай тәжірибені топырақтарда жасауға болады.
Микроорганизмдерге температураның әсері: Орта температурасы – микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы – микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәселен, пішін таяқшасы +5-57 градуста көптеген сапрофит бактериялар +20-35 градус арасында тіршілік етуге бейімделген. Бірақ ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым көпшілігі тірі организмдер, солардың дене қызуының шамасында, яғни +35-36 градуста тіршілік етеді.
Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар: оптималь, максималь және минимал температуралар.
Оптималь температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганиздердің өніп-өсуі мен олардың спора түзуі қажетті бұл темпператураға үнемі сәйкес келе бермейді. Мәселен, өсіп дамуы үшін +37 градус керек болса, олардың спора түзуге қажетті температурасы +31 градус. Сүт қышқылды бактериялардың оптималь температурасы +25-30 градус, ал темофильді микроорганизмдер ұшін ол +45 градус шамасында болады.
Минималь температурада тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі. Ал температура бұдан төмендесе тіршілікке қажетті ең төменгі шекті температурадан кем температурада микроорганизмдер тіршілік ете алмайды. Максималь температура – микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, микробтар тіршілік ете алмайды. Әдетте ортаның температурасы минималь жағдайдан төмендегенде микробтар жануарлар сияқты қысқы ұйқыға кеткені тәрізді күйге душар болады. Мұны микробтар анабиозы деп атайды.
Әр түрлі температураға бейімделуіне байланысты барлық микроорганизмдерді психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа бөледі.
Психрофильдер, яғни салқын сүйгіш микроорганизмдер, төменгі температурада жақсы тіршілік етеді. Олар үшін оптималь температура +10 градус, минималь -10 градус пен 0 градус аралығында, ал максимал температура +30 градус шамасында болады. Бұл топқа кейбір шіріту бактериялары, зең саңырауқұлақтары, суда тіршілік ететін бактериялар жатады.
Мезофильдер орташа температурада тіршілік етеді. Бұл топқа көптеген сапрофит, шіріту бактериялары, барлық ауру қоздырушы – патогендік микроорганизмдер мен зең саңырауқұлақтар жатады. Бұлардың өсуіне қажетті оптималь температура +30 градус, минималь температура +10 градус,ал максималь температура +43-50 градус шамасында болады.
Термофильдер едәуір жоғары температурада тіршілік етеді, оларды жылу сүйгіш микроорганизмдер деп те атайды. Оларға қажетті оптималь температура +50-60 градус, ал минималь +30 және максималь - +70 - 80 градус шамасында болады. Бұл топқа жататын микроорганизмдер ыстық бұлақтарда, өздігінен қызған дәндерде, шөпте және көңде кездеседі. Олардың көпшілігі +85 градус температурада өлмейді.Осы топқа көрсетілген микроорганизмдерден басқа көптеген топырақ бактериялары, актиномициттер, микроскоптық саңырауқұлақтар жатады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі