Экономика | Жалпы жұмыссыздық

Экономика | Жалпы жұмыссыздық

Кіріспе

1.Жалпы жұмыссыздық

1.1 Жұмыссыздық түсінігі
1.2 Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдік, құрылымдық жұмыссыздық.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. 30-шы жылдардан бастап Гэллап ұйымы мемлекет үшін қандай мәселе күрделі екендігі туралы қоғамдық пікірді білу мақсатында сұрақ-жауап жүргізе бастаған болатын. Экономикамен шектелмей қалған жауаптар қатарында нашақорлық, қылмыстылық, қоршаған ортаның ластануы және ядролық соғыстар болды. Ал 1981 жылы құнсызданудың өсуіне көпшілік оны мемлекет алдында тұрған маңызды мәселе деп есептеді. Арадан екі жыл өткеннен кейін жұмыссыздық көрсеткіші өсіп, көпшілік жұмыссыздықты маңызды мәселеге айналдырды. Адамдарға көптеген себептерге байланысты жұмыссыз қалулары мүмкін. Мұндай себептер қатарына олардың алғаш рет жұмыс іздеуі, адамдардың жағдайы жақсы жұмыс табу мақсатында бұрынғы жұмыс орындарын тастап кетулері, уақытша жұмыстан босағандық және де фирмалардың жабылып қалуларына байланысты жұмыстан босаулар жатады. Жұмыссыздықтың осы соңғы түрі мәжбүри жұмыссыздық деп аталады.
Көптеген елдердерде жұмыссыздықпен күресу жолында бірқанша шаралар жүзеге асырылуда. Мұндай шаралар қатарына жұмыссыздарды жұмыс күші ретінде тіркеуге алу, жұмыспен қамтамасыз ету агенттіктері, жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықпен күресетін жастар ұйымдары құрылуда. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркеліп, соңғы төрт аптада жұмыс іздеу шаралары нәтижесіз аяқталған тұлғаларға көмек ақы төлеу жұмыстары да алып барылады. Бірақ соңғы кездері жүргізіліп жүрген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша көмек ақы төлеу шарасы ел бойынша жұмыссыздық коэффицентін өсіруге себеп болып жатқандығы туралы айтылуда. Осындай кемшіліктеріне қарамастан жұмыссыздықпен күрес бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Себебі жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда бүкіл дүние жүзі бойынша кең көлемдегі маңызды мәселеге айналып отыр. Сондықтан да жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мәселенің тарихнамасы. Курстық жұмысты жазу барысында біз көптеген ғылыми зерттеулерді пайдаландық. Мысалы, Р. Дорнбуш пен С. Фишердің 1996 жылы Мәскеуде жарық көрген “Макроэкономика”, Д. Ж. Сакс және Ф. Б. Ларреннің “Макроэкономика. Глобальный подход”, А. М. Гальпериннің 1997 жылы жарыққа шыққан “Макроэкономика”, Эдвин Дж. Доланның “Макроэкономика”, сондай-ақ 1994 жылы шыққан “Микро-макроэкономика. Практикум”, 2000 жылы жарық көрген “Экономическая теория. Микроэкономика. Макроэкономика. Мегаэкономика” сияқты ұжымдық еңбектерді де пайдаландық.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатымыз қазіргі таңда дүние жүзі бойынша ауқымды мәселеге айналып отырған жұмыссыздық мәселесін жан-жақты және терең зерттеу болып табылады. Осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін әлемдік дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, оқырман қауымға жеткізе білу.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмысты біз екі тарауға бөліп қарастырдық. Бірінші тарауда жалпы жұмыссыздық мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздықтың жалпы түсінігі мен жұмыссыздықты топқа бөліп қарастырдық және циклдік және құрылымдық жұмыссыздыққа тоқталдық. Демек, жұмыссыздық дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан босаған немесе алғаш рет жұмыс іздеу барысында сәтсіздіктерге ұшыраған тұлғалар. Жұмыссыздықтың себептері әр түрлі болып, ол негізінен жұмысшылардың нәсіліне, жасына және жынысына қарай топтар арасында әр түрлі болып келеді. Әсіресе түрлі түсті нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші ақ түсті нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда жоғары болады.
Курстық жұмыстың екінші тарауында экономикадағы толық жұмылдыру мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздық дәрежесіне баға бердік және де оны анықтаушы жакторларға жан-жақты тоқталдық. Сонымен қатар жұмыссыздық дәрежесін төмендету мен жұмыссыздық бойынша көмек ақы мәселелерін қарастырдық. Экономиканың қандай кезде толық жұмылдыру жағдайында болатындығын анықтау экономикалық саясаттың шешуші мәселелері болып табылады. Ал жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі болып келеді. Жұмыссыздық дәрежесін түсіру жолында дүние жүзі бойынша маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі жастардың жұмыссыздығымен күресу. Сонымен қатар жұмыссыздарға көмек ақы төлеу шаралары да алып барылады.

1. ЖАЛПЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

1.1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ

Америкалық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздықтың бес негізгі мінездемелерін анықтады:
1. Жасы, жынысы және еңбек тәжрибелеріне байланысты жұмыссыз топтар арасында үлкен айырмашылықтар бар;
2. Еңбек базарында үлкен ағым байқалады. Жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруші және де кемітуші қарсы ағымдар жұмысты және жұмыссыз адамдармен салыстырғанда үлкен көрсеткіштерді көрсетеді;
3. Осы ағымның маңызды басым бөлігі циклдік сипатта болады, яғни жұмыстан босату мен еңбек келісім-шарттарын бұзу төмендеу кезінде үлкен мөлшерге жетсе, ал өз еркімен жұмыстан босау жоғарылау кезінде үлкен мөлшерге жетеді;
4. Кез келген айда жұмыссыз қалған тұлғалардың көпшілігі тек қана қысқа мерзім аралығында жұмыссыз болады;
5. АҚШ-тағы жұмыссыздық басым бөлігі ұзақ уақыт бойына жұмыссыз отырғандардың үлесіне тиесілі болып келеді.
Бұл фактілер жұмыссыздықтың не екендігі туралы және сонымен қатар онымен не істеуге болатыны немесе болмайтындығы туралы маңызды түсінік береді./1, 534б./


Кесте 1 - АҚШ-тағы 1988 жылғы Жұмыс күші мен жұмыссыздық.
(16 жас және одан жоғарғы адам, млн.)

Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар 186,3

Жұмыс күші 123,4

Жұмыстылар 116,7

Жұмыссыздар 6,7

Жұмыс күшіне енбейтіндер 62,9


Жоғарыдағы 1- кестеде жұмыссыздық туралы мәліметтер көрсетілген. Жұмысқа қабілетті жастағы АҚШ тұрғындары 186 млн адам болып, олардың 66,2 пайызы жұмыс күші құрамына енді. Жұмыс күші мөлшері сайлаулы зерттеулер жолымен айқындалады. Жұмыс күшіне өз жауаптарында жұмысы бар деп және де жұмыссызбын деп көрсететін адамдар енгізіледі. Осы тексерулерде жұмыссыз деп жұмысы жоқ және соңғы төрт аптада белсенді түрде жұмыс іздеген, немесе жұмыстан босатылғаннан кейін бұрынғы орнына қайтуды күтіп жүрген, немесе төрт апта ішінде жаңа жұмысқа өтуге келісімін беру мүмкіндігін күтіп жүрген адамдар есептеледі. /2, 532б./
Соңғы төрт апта ішінде жұмыс іздеу шарты адамның жай ғана жалаған жүрісі немесе жұмыстың өздігінен пайда болуын күтіп жүргендігін емес, оның шынымен жұмыс істеуге мүдделі екендігіне дәлел болады.
Еңбекке қабілетті жаста болуына қарамастан жұмыс күшіне енбейтіндер кәрі адамдар, үй шаруасымен айналысатын ерлі-зайыптылар немесе жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табуда сәтсіздікке ұшырағандар болуы мүмкін. Біз негізгі назарымызды жұмысы жоқ топқа аударайық. Уақыттың әр бір сәтінде адамдар ағысының жұмыссыздық резервуарына енуші және шығушы нақты күн немесе резервуар болады.
Адам төрт себепке байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін: (1)ол жұмыс күшіне жаңадан енгендер, яғни жұмысты алғаш іздеп жатқандар, жұмыс іздегеніне төрт апта болған ұзілістен кейін жұмыс күші құрамына қайтушылар болуы мүмкін. (2) адам басқа жұмыс іздеу үшін жұмыстан босауы және іздеу барысында жұмыссыз ретінде тіркелуі мүмкін. (3) адам уақытша жұмыстан босатылуы мүмкін. Анықтама бойынша уақытша босату дегеніміз - бұл ақысыз белгілі мөлшерге босату. (4) жұмысшы қайта оралуы мүмкіндігінсіз жұмыс орнынан босауы немесе фирма жабылуына байланысты жұмыстан айырылуы мүмкін. Жұмыссыздықтың осы соңғы жолы мәжбүрлі кету немесе жұмыстан айырылуды білдіреді.
Жұмыссыздық резервуарына түсудің бұл жолдары жұмыссыздықтан шығудың өзіндік бейнесін көрсетеді. Жұмыссыздық резервуарынан шығудың жалпы үш жолы бар: 1. тұлға жаңа жұмыс орнына қабылдануы мүмкін. 2. уақытша жұмыстан босатылған адам бұрынғы жұмыс орнына қабылдануы мүмкін. 3. жұмыстан айырылған тұлға жұмыс іздеуді тоқтатуы, сонымен анықтама бойынша жұмыс күші құрамынан шығып қалуы мүмкін. Мұндай адамның жоспарында жақын арада жұмыс іздестіруді қайта тіктеу де болуы мүмкін. 2-кестеде адамдардың жұмыссыз қалу немесе жұмыссыздық резервуарына түсі себептері бөліп көрсетілген.

Кесте 2 - Жұмыссыздық себептері ( жұмыссыздар санын көрсету %).





Жұмыстан

айырылғандар

жұмысты
тастап
кеткендер

жұмыс күші
құрамына
оралғандар

жаңадан
қосылған.




1979
1983
1988
42,9
58,4
46,1
14,3
7,7
14,7
29,4
22,5
27,0
13,3
11,3
12,2


1979 жыл мен 1988 жылдар арасындағы айырмашылықты атап өту қызықты. Алғашқы екі жыл жұмыссыздықтың төмен көрсеткішін, ал соңғы жылдар жоғарғы көрсеткіштерін көрсетті.
Еңбек базарына талдау жасау оның үнемі қозғалыста болатындығын көрсетеді. Жұмыссыздық жалға алу санының өсуіне және жұмысшыларыдң жұмыс күші құрамынан шығуына байланысты қысқарып отырады. /1, 535б./


1.2 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ЦИКЛДІК, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Уақыттың кез келген мерзімінде жұмыссыздықтың жиынтық дәрежесі немесе жұмыссыздық коэффиценті болады. Мысалы, 1989 жыл наурызда жұмыссыздық коэффиценті 4,9 пайыз болды. Бұл сандар астында жынысы және жас тобына қарай көлемді қайшылықтар жасырынады.
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коэффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және uі жұмыссыздық коэффиценті арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коэффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коэффиценті болады:

u = w1 + u1 + w2 u2 + … + wn un. (1)
мұндағы wi салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі. /3, 602б./
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коэффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша етекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасыуы мүмкін болып табылады.


Кесте 3 - Жасы және нәсілдік белгілері бойынша жұмыссыздық дәрежесі.




1983

1988

Жалпы

Ақ нәсілділер

Қара нәсілділер және басқалар

16-19 жастағылар

20 жас және одан жоғары жастағы еркектер 9,6

8,4

17,8

22,4

8,9 5,5

4,7

10,4

15,3

4,8


Жоғарыдағы кестеде 1983 жылғы жұмыссыздық жоғары кездегі мәліметтер және 1988 жылғы оның бірқанша төмендеген мәліметтері келтірілген. Топтар бойынша жұмыссыздық коэффиценттеріндегі үлкен тербелістер екі жалпы мінездемені ашады, яғни жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары коэффиценті мен ақ нәсілді жұмысшылар арасындағы оның төменгі коэффиценттерін көрсетеді. Жоғарыдағы кестеде төрт топ арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінің төтенше үлкен айыпмашылықтарын көрсетеді. 1983 жылы түрлі түсті жұмысшылардың әрбір оныншысы жұмыссыз болса, ал ақ нәсілді жұмысшылардың әрбір жиырмасыншысы жұмыссыз болған болатын. 1988 жылға қарай жұмыссыздық коэффиценті төмендегенімен нәсілдік және жас мөлшері арасындағы қайшылықтар қалып қалған болатын. /1, 535б./
Жоғарыда көрсетілген 3-кесте циклдік және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. 1988 жылғы жұмыссыздық дәрежесі құрылымдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылдырылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды. /1, 536б./
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскекрлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді./4, 63 б/
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады./1,536 б/
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды./4, 64б/

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Америкалық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжрибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы және АҚШ-тағы жұмыссыздардың басым бөлігінің көп уақыт бойына жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жалғасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Сонымен қатар жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін түсіру мақсатында жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықпен күрестен басталады. Осы мақсатта жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жастарды жүмылдыру қызметін ұйымдастыру ұсынылған. Сондай-ақ жұмыссыздық бойынша көмек ақы төлеу шаралары да алып барылады. Бұл өз кезегінді жұмыс іздеу жолындағы материалдық қиыншылықтармен күресуге мүмкіндік береді.
Демек, жұмыссыздық мәселесі күрделі де, ауқымды мәселеге айналып отырғандығына қарамастан дүние жүзі бойынша бұл мәселені шешу жолында және жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету саларында қыруар шаруалар жасалуда. Бұл болашақта жұмыссыздықты толық шешуге мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Фишер С.- Макроэкономика. - Москва.- ИНФРА - М.-1997ж - 784 б.

2. Сакс Д. Ж., Ларрен Ф. Б.-Макроэкономика.-Глобальный подход.- Москва.- Дело.- 1996ж - 848 б.

3. Гальперин. А. М. - Макроэкономика.- Москва.-Экономическая школа.- 1997 ж. -712 б.

4. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М.- Макроэкономика.- Алматы.-Экономика баспасы.-2003 ж. - 432 б.

5. Микро-макроэкономика.-Практикум.-Москва.-Литера плюс.- 1994ж.-432 б.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?