Физиология | Жыныстық жетілу

Физиология | Жыныстық жетілу

Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады .Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады.4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ.Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны бір жасқа дейін біркелкі ,бір жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды,оның мөлшері де ұлғаймайды.Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және бір жасқа дейін күшті болады сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады.Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11,қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады.Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыздардың өсуі мен дамуы бірдей болады.Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілермен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.
Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке,әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан тұрады.Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады.Олардың өсуі өте баяу.Қабықтанған фолликулалардың сан өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды.Бұл мезгілде ер және қыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гармондар біршамада аз болады.Бқл гармондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.
Жывныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады.Осы уақытттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды.Жыныс бездері жетіледі.12 жастан аса көмекші жыныс белгілері- көмекейі өсіп, даусы қатаяды.13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады.15 жастан аса қолтығында түктер өседі,сақал-мұрты шыға бастайды,сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.
18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады.Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт одан әрі ересек адам болады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді.Он жасқа жақындағанда емшегі өседі.13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында,қасағасында әйелдерге тән түктері шығады,етеккір келеді.16-18 жаста бойжеткендер толық жыныстық жетіледі.Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.
Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т.б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты.
Балаларды жынысты тәрбиелеу.Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады- бұл жыныстық тәрбие мәселесі.Балалар мен жастарды жыныстық тәрбиелеудің маңызы зор.Мұндай тәрбие ерте басталғаны жөн.Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дұрыс отбасын құратын болады.Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:
1. Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығы дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады.Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет.Оларға сыйлауды, құрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады.Ер балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады.Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіру керек.Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасыда бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады.Кішкентай балаларда жыныс мүшелерінің кір болуына байланысты қышыма пайда болып, бұл кейінен 14-15жастан бастап онанизмге айналуы мүмкін,оның алдын-алып, болдырмау үшін денесі таза, жыныс мүшесіне қол тигізбей, іш-киімдері кеңірек болып, жыныс мүшесін қыспайтын киім киюін қадағалау керек.Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн.Баланың бос уақытын текке кетірмей пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек.Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында,отбасында, мектепте жүргізіледі.
2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады.Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады.Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды.Сондықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы зор.Қыздарға көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигеналық дағдыларын қалыптастыру керек.Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет.Осы бастан –ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралу алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиемен жүргізу керек.Балалардың “сырттан” алатын теріс бұзық ұғымдардың алдын алу қажет.Оны жыныс ерекшеліктерінің және оның гигиенасының маңызын түсіндіру арқылы іске асыруға болады.Қыз балалардың етеккірі келгенде бұл- ата-ана үшін бойжеткеннің өзі үшін- қуанышты жағдай деп қабылдап, қыз балаға маңызын болашақ ана бола алатынын, соған байланысты ер балалар мен жыныстық қарым-қатынастар туралы ашық сөйлесіп, анасы дұрыс түсінік беруінің маңызы зор.Қыз бала өзінің болашақ ана екенін қорқынышты емес, болашақ отбасы үшін, ел үшін, халық үшін маңызды жағдай ретінде түсінуі тиіс.Еттеккір қыз үшін ауыртпалық емес, мақтаныш ететін жағдайлардың бірі.
3. Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды.Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін.СПИД,Мерез, соз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор.Жоғарғы сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас арнайы әңгімелерді ер және қыз балалармен жеке-жеке топтастырып өткізу тәрбиеші- мұғалімнің міндеті.Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады.Сондықтан тәрбиеші мезгіл-мезгіл мамандарды сыныпқа шақырып,жастардың тәрбиесіне қатыстыруы тиіс.Маман адамдар жастардың психикасын, аурудың даму барысын,белгілерін,зардаптарын жақсы білгендіктен дұрыс түсіндіріп айта алады.
Сонымен балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бұл ел, халық үшін маңызды міндет.
Өкінішке орай, мұғалімдер мен ата-аналардың көбі жыныстық тәрбие мәселелерінен “аулақ жүруге”тырысады.Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық дамуы жайындағы “сыпайы” сауалдарына жауапты ересек жолдастарымен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, ал 9% мұғалімдер мен тәрбиешілердің алады деген зерттеу нәтежелер бар.Олай болса, жыныстық тәрбиелеуде мектеп пен ата-аналардың енжарлығы. Олардың бір-біріне сілтеп уақытында тәрбие бермеуі жыныстық дамудың физиологиясы және ер азамат пен әйелдің қарым –қатынасы жйында теріс түсініктер туып жағымсыз әдеттерге дағдылануына себеп болады.Сонымен бірге, жыныстық тәрбие мұғалімдер мен тәрбиешілерден, ата-аналардан сыпайылықты,парасаттылқты талап ететін қиын тақырып,өйткені арнайы білімді,педагогикалық және ата-аналық әдептілікті қажет етеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі