Биология | ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Биология | ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/.
Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің, көтеншектің жарақаттануы да мүмкін.
Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру байқалады.
Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды. Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі.
Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану /шоқ/ және қан аздықта қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріледі. Жарақатанған тіндерге тігіс салынады, қан ұйығы өссе оны жарып, қансыраған тамырды байлайды. Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике көрсетеді. Қансыраған жерді басып қысатын танғыш, қынапқа тампон-тығын қояды, сіреспесе қарсы сарысу, көк қан тамырына қан орнына жүрегін сұйықтар қояды.
Жатыр жарақаты /денесі мен мойын жарақаты/. Жатыр мойнының жарақаты жиі босану кезінде пайда болады. Кейде жасанды түсік кезінде де жарақаттанады. Жатырдың жарақаты /тесілуі/ жасанды түсік кезінде жиі болады, кеңейткіш, зонд, кюретка, абортцанг, вакуммэкскохлеатор құралдарымен жарақаттануы мүмкін.
Тесік пайда болуының себептері.
1. Босану жарақаттары /патологиялық босану кезінде/.
2. Операциялық жарақаттар /акушерлік және гинекологиялық операциялар кезінде/.
3. Жатыр қосалқысы қабыну процсетерінің асқынулар /іріндіктердің жарылуы/.
4. ЬІдыраған қатерлі ісіктер.
5. Көрші мүшелердің сәулелі жарақаттары.
6. Жарақаттар /босану мен операцияға байланысты емес/.
Акушерлік тәжірибеде тесіктің пайда болу себептеріне жамбас жазықтығының біреуінде бала басының ұзақ тұруы және жамбас сүйектеріне жұмсақ тіндердің қысылып қалуы болып табылады. Бұл - тар жамбас, ірі бала, босану күштерінің әлсіздігінде кездеседі. Акушерлік операциялар /қысқаштар салу эмбриотомия, вакуум-экстракция, баланың жамбасынан тартып шығару/ жұмсақ тіндердің және көрші мүшелердің кең түрде жыртылуымен, сонан кейін тесіктің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Кей кездері бұл жарақаттар байқаусыз болып қалуы мүмкін ал бірқатар. жағдайларда жарақатты орнына келтіргенмен толық жазылмауы мүмкін. Пиосальпинкс /іріндік/ қуыққа не ішек жарылса, іріндіктің босауы және қабыну белгілердің жойылуы байқалады, кейіннен жатар түтікшесі мен ішек, не қуық арасында тесік пайда болады. Қатерлі ісік кезінде тесіктер осы процестің көрші мүшелерге тарауы және ісіктің ыдырауы нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық суреттемесі: Тесіктің клиникасы оның орналасуына байланысты. Кіші дәрет, нәжістің өздігінен қынап арқылы бөлінуі, газдың шығуына басты клиникалық белгісі болып табылады. Ұзаққа созылған тесік сыртқы жыныс мүшелері маңайында тітіркену, қышу, ауру белгілерін туғызады. Тесіктің асқынуына несеп ағар жолдарының, сонымен қатар жатыр, қынап, жатыр қосалқысының жоғары өрмелеу инфекциясы жатады. Үнемі іріңді бөліндінің, зәрдің, нәжістің газдың бөлінуі науқасты тежлтіп күйзелтеді, еңбек ету бейімділігінен арылтады. Кей жағдайларда етеккір қызметі бұзылады.
Анықтауы Диагноз қою науқастың шағымы, анамнез сыртқы жыныс мүшелерінің қарау мәліметгеріне негізделеді.
Ісіктің орналасуын анықтау мақсатында цистоскопия, нистография, экскреторлы урография, фистулография контрасты затты тесік жолына жіберу тәрізді қосымша зерттеу әдістері қолданылады.
Алдын-алу. Тесіктер босану жарақаты кезінде жиі пайда болады. Содықтан алдын-алу шаралары ішінен ең негізгісі босануды дұрыс өткізу, бсану процесі кезінде көрсетілетін акушерлік көмекті дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Бұл арнаулы орта медицина қызметкерлерін дайындай мәселесімен тікелей байланыста. Операциядан кейінгі тесікті алдын-алу -операция кезінде тіндерге ұқыптылықпен қарау, мүшелердің натомиялық өөара қарым-қатынасын дұрыс бағалауға байланысты. Қатерлі ісік кезіндегі тесіктің алдын-алу - ісіктерді ерте анықтап, оның алдын-алу шараларын жүргізумен тығыз байланысты.
Емі. Ішек-жынысты және қуық-жынысты тесіктерді емдеу қиын мәселелердің бірі. Босану не гинекологиялық операциялар өзіндегі көрші мүшелердің жедел жарақаттары - оны жеңілдетіп қалпына келтіруді талап етеді. Егер тесік пайда болса, оны консервативті емдеуге тырысады. Кіші өлшемдегі тесіктер өздігінен жазылады. Қуық-жынысты тесіктер де несеп ағар түтігіне тұрақты катетер қояды. Тесіктің орналасуына байланысты науқасты ішіне не арқасына жатқызады. Жарақаттанған жерге Вишневский не 5%-тті синтомицин имулсиясына батырылған тампон қойылады.
Сыртқы жыныс мүшелердің маңайы тітіркенген жағдайда түймедағы /ромашка/ не калий перманганат /1:10 000/ тітінділерімен жылытылған отырғыш булаулары жасалады. Науқасты осылай емдеу тесіктің жазылуына және айнала гендердегі қабыну реакцияларын шешуге мүмкіндік береді. Түйсікті хирургиялық әдіспен де жабуға болады. Мұндай операцияларды жасау қиындау. Науқасты операцияға дайындайды, диета сақталынады /ащы тағамдар жеуге болмайды/, көп мөлшерде сұйық ішіледі, сыртқы жыныс мөлшеріне күтім жасалынады, зарарсыздандырылған өтінділермен қынапты жуып шаяды, антибиотиктер қолданылады. Тесік жолдарын тіндерді ыдырату және қабат бойынша тігу арқылы жабады. Операцияның жетістігі операциядан кейінгі күтімге тығыз байланысты. Катетерді үнемі қадағалап отыру қажет.

Жатырдың жыртылуы, этнологиясы, патогенезі, клиникасы

Жатыр қабырғалары бүтіндігінің жүктілік немесе босану кезінде бұзылып, жыртылуын жатырдың жыртылуы деп айтады. Егер жатырдың барлық қабаты жыртылса, оны жатырдың толық, ал тек екі қабаты (шырышты, бұлшық ет) жыртылса, жартылай жыртылуы деп аталады. Жатырдың жыртылуы ана мен нәресте өміріне өте қауіпті: қан шығыны артып, геморрагиялық шок жиі кездеседі, оттегінің жедел жетіспеушілігінен нәресте тез шетінейді. Осыған байланысты анаға жедел хирургиялық жәрдем көрсетілуі керек.
Этиологиясы және патогенезі
Жатырдың жыртылу себептерін акушер-гинекологтар көп зерттеген, себептері әр түрлі.
Бұл ауытқудың негізгі себебін түсіндіретін екі көзқарас бар.
Бандль (1875 ж.) жатырдың жыртылу механизмін түсіндіру үшін, өзінің механикалық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша нәрестенің бас өлшемі әйелдің жамбас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен, жатырдың жиырылу қасиеті бұзылып, оның төменгі сегменті қатты созылып, жұқаланып жыртылады. Бұл жағдай көбінесе тар жамбаста, құрсақтағы нәресте ірі болса, көлденең немесе қиғаш жатса, нәресте басы шалқая орналасқанда кездеседі.
Я.Ф.Вербов (1911 ж.) жатырдың жыртылу механизмінің себебін - жатыр қабырғаларының қабынып, дегенерациялық - дистрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деп түсіндірді. Мұндай қабыну кесар тілігінен кейінгі тыртықта, сондай-ақ жасанды, жасырын түсіктерден кейін және жыныс мүшелерінің дамып-жетілмеуінде жиі кездеседі.
Бүгінгі күнде екі теорияны да мақұлдайды. Жатыр қабырғасы бүтінділігінің бұзылуы (жыртылуы) көбінесе кесар тілігінен кейінгі тыртықтың мардымсыздығында жиі кездеседі (тыртық мардымсыздығы жатыр қабырғасына тігістің дұрыс салынбауынан немесе тігіс бетіне инфекцияның түсуінен болады). Осының салдарынан қабынған жатыр тігісі біртіндеп жұқаланып, жүктілік немесе босану кезінде жыртылады (тыртық бойымен). Жатырдың жыртылуы негізінен көп босанған әйелдерде жиі кездеседі. ал тұңғыш босанушы әйелдер арасында өте сирек (Л.С.Персианинов. 1964 ж.).
Жатыр жыртылуының жіктелуі
I. Мезгіліне қарай жыртылуы:
1). Жүктілік мезгілінде.
2). Босану мезгілінде.
II. Патогенетикалық белгілері бойынша:
1). Өздігінен жыртылуы.
2). Күшпен жыртылуы.
3). Аралас жыртылуы.
III. Орнына қарай жыртылуы:
1). Түбі.
2). Денесі.
3). Төменгі сегменті.
4). Жатыр мойнының III дәрежелі жыртылуы, жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі.
ІҮ. Көлеміне қарай жыртылуы:
1). Толық жыртылуы (жатырдың барлық қабаты).
2). Жартылай жыртылуы (шырышты және бұлшық етті қабаты).
Ү. Клиникалық ағымына қарай.
1. Жыртылу қаупі.
2. Жыртылудың басталуы.
3. Жатырдың жыртылуы.
4. Кесар тілігінен кейінгі тыртықтың ажырауы.
Жатырдың жыртылу қаупі
Жатырдың жыртылу қаупі Бандльдің механикалық теориясына сай мынадай клиникалық белгілермен сипатталады.
Клиникалық белгілері:
1. Толғақ қатты аурушаң; кейде "талмалы" түрде болады.
2. Жатырдың сырт пішіні ұзынша, оның түбі бір жағына қарай қисаяды, төменгі сегменті созылып, жұқарып қолмен ұстағанда ауыртпалы.
3. Контракциялы сақина өте жоғары (кіндікте), қисық тұрады.
4. Жатыр мойны, қынап қабырғалары, аралық, сыртқы жыныс мүшелері домбығып ісінеді.
5. Жатырдың жұмыр байламы ауыртпалы.
6. Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды.
7. Нәрестенің жүрек соғуы нашарлайды.
Жатырдың жыртылу қаупінде анаға жедел жәрдем көрсетіліп, кесар тілігі арқылы босандырады.


Жатырдың жыртыла бастауы
Бұл ауытқуда жоғарыда жатырдың жыртылу қаупінде аталған белгілерге қосымша: босану жолдарынан қан аға бастайды; зәрге қан араласады; нәресте қысылып тұншығады, ауру сезімі қатты артып, әйелде қорқыныш үрей пайда болады. Егер әйелге жедел жәрдем көрсетілмесе, жатыр жыртылады.
Жатырдың жыртылуы
Жатыр толық жыртылғанда қатты айғайлап жатқан әйел тынышталып, толғақ сап тоқтайды: босану жолдарынан қан кетеді; нәрестенің жүрек соғуы естілмейді; геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады; жатырдың пішіні өзгереді; нәресте ішперде қуысында анықталады.
Босану ағымының кез келген кезеңінде жатыр жартылай жыртылуы мүмкін. Көбінесе жатырдың төменгі сегменті жыртылады, жамбас клетчаткасында немесе ішперде астында гематома пайда болады.
Гематоманың пайда болуына байланысты, әйелдің іші қатты ауырып, кейде аяқтарына да жайылады, сыртқа қан шығыны болмайды. Диагнозын көбінесе жатыр қуысын қолмен тексергенде ғана немесе УДЗ арқылы анықтауға болады.
Дәрігерлік көмек: жатырдың жыртыла бастауында және жатыр жыртылғанда бірден операция - ампутация немесе экстирпация жасайды.
Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері
Бұл ауытқу ана мен бала өміріне өте қауіпті, соңғы жылдары жатырдың жатыр тыртығынан кейінгі жыртылуы жиі кездеседі, себебі әйелді кесар тілігі арқылы босандыру жиіледі.
Жыртылу ерекшеліктері: клиникалық белгілері мардымсыз, өте аз; іштің төменгі жағы, тыртық тұсы ауырады; тыртықты сипап зерттегеңде, ауырсынады; ауыртпалы толғақ пайда болады.
Кесар тілігінен кейінгі тыртыққа УДЗ зерттеу жүргізеді, плацентаның орнын, тыртықтың қасиетін анықтайды.

Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі

Себептері: көбінде қынап қабырғаларының жеткілікті созылмауынан, дамып жетілмеуінен, бастын шалқая туылуынан, ірі нәрестеде, шапшаң босануда және аралық жыртылғанда қынап қабырғалары да жиі жарақаттанады.
Қынаптың жыртылған жерін қынап айналары арқылы анықтап, тігіс салады.
Аралық, сыртқы жыныс мүшелерінің, қынаптың жарақаттануының алдын-алу үшін: босану ағымын (екініші кезеңде) дұрыс жүргізу; акушерия операцияларын дұрыс қолдану (босану биомеханизміне сәйкестендіріп); аралықтың жыртылу қаупінде перинео немесе эпизиотомия жасау қажет.
Сыртқы жыныс мүшедерінің және қынаптың гематомасы
Гематома (қанды ісік) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап қабырғасының қан тамырларының жарақаттануы салдарынан пайда болады; ол көбінесе үлкен жыныс ернеуінде, аралықта, қынап қабырғасының астында (қынап шелінде) кездеседі. Гематоманың мөлшері жарақаттанған қан тамырларының көлеміне және қанның ұю қасиетіне байланысты; мөлшері кейде нәрестенің басындай болады. Гематома (қанды ісік) босану ағымында (акушерлік қысқаш салғанда, шапшаң немесе босанудың ұзаққа созылуыңда) пайда болады.
Клиникалық белгілері. Гематома – көкшіл-қара қоңыр қанды ісік. Көлемі үлкен гематомаларда қанның қызыл түйіршіктері төмендеп, кейде іріңдейді. Әйелдің ыстығы көтеріліп, денесі түршігеді, ауырғаны артып, қанның құрамы өзгереді.
Емі. Көлемі кішкентай гематомаларды консервативті жолмен (витаминдер, антибиотиктер), ал көлемі тез арада үлкейген гематоманы тек - хирургиялық жолмен емдейді. Қанды ісіктікесіп, жиналған қанды тазалап алып тастайды, қан тамырларын байлайды. Қуысты тігіп, дренаж қалдырады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?