Тарих | Беғазы Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің архитектурасы

Тарих | Беғазы Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің архитектурасы

Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің архитектурасы.

Бұл ескерткіштің ашылуы Қазақстанның ғана емес, жалпы далалық Еуразияның археология тарихындағы қола дәуірінің жәдігерлерін зерттеу ісінде жаңа белестердің бірі болды. Бұл мақала Беғазы қорымы мен оның төңірегінде кейінгі жылдары жүргізілген ізденістердің барысын баяндауға арналған. Бүгінгі таңда қорымда жүргізіліп отырған ғылыми тұрғыдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары мен «Беғазы-Қызыларай» қорық-мұражайын ұйымдастыру шараларының үлкен маңызы бар.

Беғазы қорымы орналасқан өлке әсем табиғаты, өзен алқабындағы шұрайлы-шүйгін жайылымдарымен көне дәуірде жанға жайлы мекен болуына байланысты адамдар назарына ерте уақыттан бері ілінген.

Беғазы зиратын алғашқы зерттеушілерінің бірі академик Ә.Х. Марғұлан өзінің аталмыш зиратқа қатысты бастапқы ғылыми еңбектерінде бұл зираттың жазба деректерде 1829 жылы хорунжий Потаниннің естеліктерінде кездесетінін айтады. Орыс өкілдерінің Ташкентке дейінгі жолда жолсерік қызметін атқарған хорунжий Потанин, Беғазы тауының баурайындағы Беғазы-бұлақ суының маңында тастары жерге қырымен қазылып орнатылған төртбұрышты қоршаулардың бар екендігін айтып кеткен [Кызласов Л. Р., Маргулан А. Х., 1950, с. 127]. Сонымен қатар, кейіннен бұл зират туралы И. А. Кастанье, В. Никитин, Н. Коншин өздерінің еңбектерінде атап өтеді
Беғазы зиратындағы зерттеу жұмыстар тек 2003 жылы ғана жалғасын тапты (1-сур.). Жоғарыда аталған олқылықтарды ескере отырып осы жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқарамасы тарапынан Мемлекеттік «Жібек жолы» бағдарламасы аясында «Беғазы зиратындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру» атты арнаулы жоба қабылданған болатын. Бұдан бірер жылдан соң, тақырып «Мәдени мұра» бағдарламасына енді.

1 сурет. Беғазы. 2003 ж. жұмыстардың басталуы
Қабылданған жобаның басты мақсаты зират құрамындағы нысандарды алдағы уақытта атқарылатын консервациялық жәнереставрациялық жұмыстарға дайындау болды. Дайындық жұмыстары қорымның толық құрылымын анықтау, нақты жобасын түсіру, ескерткіштердің техникалық сақталу деңгейін анықтау, оларды қайта аршу, археологиялық қазбалар барысында жинақталған үйінділерді алу мен кейінгі уақыттарда үйілген қоқыстардан тазалау, бүлінген ескерткіштерге, жалпы зиратқа қатысты ұсыныстар дайындау шараларынан тұратын. Сонымен бірге, зиратты толығырақ зерттеу мақсатында кейбір ескерткіштерге қосымша археологиялық зерттеу, көне жәдігерлерді тіркеу және есепке алу үшін қорым орналасқан аумақта барлау жұмыстарын атқару сияқты ізденістер көзделді.
Жоғары айтылған мақсаттарды жүзеге асыру барысында № 1-6 кесенелердің территориясы мен жер бетіндегі құрылымдары тазаланды (2-сур.). Жұмыстар жекелеген нысандар бойынша атқарылды. Алдымен құрылыстың жер бетіндегі құрылымы тазаланып, кейін ішкі тараптағы жинақталып қалған үйінділер бөлшектеліп шығарылды. Одан кейін әрбір ескерткіштің жер бетіндегі құрылымының айналасын тазарту үшін тайыз деңгейде жаппай қазбалар салынды. Қазба жұмыстары кезінде ең алдымен барлық құрылыс айналасындағы жер бетіндегі ескі қазбадан қалған үйінділер шым қыртысымен бірге алынып тасталды. Бұдан соң, қазба ежелгі қабат деңгейіне дейін жеткізіліп, тазартылды. Кесенелерде жүргізілген жұмыстар барысында нысандардың ерекшеліктері анықталып, қосымша қыш және басқа да заттай табылымдар алынды [Бейсенов А. З., Варфоломеев В. В., 2008, с. 86, рис. 5; с. 87, рис. 6].

2 сурет. Беғазы. Кесенелерді аршып тазарту сәті. 2004 ж.
Зерттеулер мен түрлі арнайы дайындық жұмыстары атқарылғаннан кейін, 2007 жылдан бастап Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы «Беғазы-дәндібай және Тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері» ғылыми жобасы және Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы тарапынан ұсынылған «Беғазы қорымындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру, Ақтоғай ауданы» атты жобасы бойынша Беғазы қорымында консервация және реставрация жұмыстары (3, 4-сур.) жүзеге асырылып келеді [Бейсенов А. З., Касеналин А. Е., Жамбулатов К. А., 2009, 53 б.; Бейсенов А. З., Жамбулатов К. А., Касеналин А. Е., 2010]. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!