Тарих | Ядролық қару

Тарих | Ядролық қару

Ядролық қару
Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.
Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.
Ядролық жарылыс
Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі. Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін жоя алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға қолдануға байланысты қауіп халықтардың ядролық қаруға тыйым салу жолындағы қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруға халықаралық тыйым салу жолындағы маңызды кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971) болып табылады. БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды. Кезінде КСРО мен АҚШ арасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу саласында кейбір шаралар туралы Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады. Осы жылы КСРО мен Франция кездейсоқ және рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания мен Кеңес Одағы кездейсоқ ядролық соғыс туындағанда бетін қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (Шығыс Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттері басшылары Қазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне, ел экономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа қол қойды. Олар, егер Қазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді.
Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясы” мамандығы бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК – Сібір химия комбинаты) жолдама алды. СХК-да жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде жасалған ядролық материалдармен жұмыс жүргізілді. Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.
Қазақ жері жарты ғасыр бойы алапат қарудың сұмдығын басынан кешіргені белгілі. Қазақ даласында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Сондықтан еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы көрегендік болатын.
Өткенде АҚШ-та өткен жаһандық саммит барысында Қазақстан ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша көшбасшы ел, ал Елбасы қауіпсіздік мәселесінде үлгі алатын лидер болып танылғаны да соның айқын дәлелі.
Ал енді жарты ғасырға таяу уақыт Қазақстанды дүр сілкіндіріп, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген ядролық сынақтар қалай басталып еді?

«САТАНАНЫҢ» СЫРЫН АШҚАН СУПЕРШПИОН
1956 жылы қазақтың елсіз жат¬қан мидай даласында Арқалық қаласының іргетасы қаланғанда, нақ осы құла түзге не себепті Кеңес одағы «жастар қаласын» салуға ынтық болып, оны Бү¬кілодақтық екпінді құрылыс ре¬тінде жариялағанын саусақпен са¬нарлық қана адам білетін. Түп¬кі арам ойын түбегейлі жасыру үшін Кеңес Одағы коммунистік ұранның аясында лениншіл ком¬сомолдарды қызыл империяның түкпір-түкпірінен айдалаға әдейі топтастырды. Сөйтіп, Құдайдың өзі есінен тарс шығарып алған ұшы-қиырсыз Торғай даласының қақ орталығына өзінің ең басты ядролық клиникасын орналас¬тыр¬ды. Есіл өзенінің сол жаға¬лауындағы Державинск по¬сел¬ке¬сіне баллистикалық зы¬¬¬мы¬рандарды ататын алып шах¬талар мен Батыс «Ібіліс» («Са¬тана») деп атап кеткен СС 18 зы¬мы¬ра¬нының 52-сі ор¬на¬лас¬тырылды. Сал¬мағы - 7,5 тон¬на, ұзындығы - 34 метр, жуандығы - 3 метр, ұшу қа¬шықтығы - 12 мың ша¬қырым бо¬латын бұл зымыран ке¬зінде өз кла¬сындағы алапат жой¬қын¬¬ды¬ғымен Гиннестің ре¬корд¬тар кіт¬а¬бына енген.
Арқалыққа коммунизмнің кір¬пішін қалауға келген мыңдаған қарапайым кеңес адамдарының қатарында қойдан жуас қоңыр күймен нағыз тірі жансыздар жүр¬генін КСРО тарқағаннан кейін ғана барып білдік. Батыстың құ¬пия барлау орындарының агент-тері өлген сәбилердің туу туралы куәлігін сатып алып, қазақ да¬ласында қарапайым кеңес ада¬мының кебін киіп жүріпті. Бат¬ыс¬тың арнайы қызмет орындарына өз ішіміздегі адамдар да көмек¬тескен. Мәселен, 1961 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының Бас барлау басқармасының пол¬ковнигі Олег Владимирович Пеньковский (1919 - 1963) АҚШ және Британ барлау қызметімен ауыз жаласып, Кеңес Армия¬сы¬ның ракета саласындағы барлық құнды құпиясын, оның ішінде Арқалықтағы «аждаһалар» жайын жайып салды. 1962 жылы оны КСРО мемлекеттік қауіпсіздік ко¬митеті тұтқындап, 1963 жылдың мамыр айының 7-сі күні КСРО Жоғарғы Соты үкім шығарды. Сөйтіп, коммунизмге өлердей жаны қас Пеньковский Мәскеуде ату жазасына кесіліп, үкім сол сәтте орындалды. Ал онымен ба鬬ланыстағы ағылшын Гревил Винн жеті жылға сотталып, кейіннен Батыс тұтқынындағы кеңес бар¬лаушысымен алмастырылды.

ҚАҺАРЛЫ ҚАРУДАН ҚҰТЫЛУ ОҢАЙ БОЛҒАН ЖОҚ НЕМЕСЕ РАКЕТАШЫЛАР ҚАЛАСЫ ҚАНДАЙ КҮЙДЕ БОЛДЫ?
Жарылыстан пайда болған бұлт үш шақырымға көтерілді. Ауа¬ға бірнеше мың тонна то-пырақ пен жүздеген тонна ракета отынының улы заттары көтерілді. 60 шақырым радиуста әуе тол¬қыны жүріп, 3,5 балдық жер сіл¬кінуі жарылыс болған жерден 50 шақырымға дейін сезілді. Бұл - 1988 жылы 28 тамызда Капустин Ярда АҚШ пен КСРО-ның ядро¬лық қаруды жою жөніндегі алғаш¬қы келісімінің нәтижесі болатын. КСРО-ның өзіне өлермендікпен жинаған әрі кеңестік бюджеттің қалтасын тақырлай жаздаған қаһар¬лы қаруынан құтылуы оңай¬ға түскен жоқ.
Қазақстан аумағында құр¬лықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық, жаппай қырып-жоюға арналған ядролық стратегиялық күштер кешені, сон¬дай-ақ 1400 ядролық оқтұм¬сықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары, сонымен қатар 27 стратегиялық ТУ-95 МС 6 ауыр бомбалаушы ұшақ, ТУ-95 МС 16 атты қанатты зымыранмен жа¬рақтанған 13 ұшақ сақадай сай тұр¬ды. Сонымен қатар елімізде өз ядролық қаруын жасауға қа¬жетті барлық ғылыми-зерттеу, өн¬діру және өндіріс инфра¬құры¬лымы болды.
Еліміздің АҚШ-пен 1993 жы¬лы 13 желтоқсанда жасаған келі¬сіміне сәйкес, 1995-1996 жылдары Қазақстанда Державинск, Жаң¬ғызтөбе, Ленинск пен Семей сы¬нақ полигонында орналасқан құр¬лықаралық ракетаға арналған 137 шахта мен ядролық қару сақ¬талған қоймалар жойылды.
1996 жылы тамыз айының соң¬ғы күндері Ақмола облысы, Дер¬жавинск ауданының «Ль-вовский» совхозында орналасқан ядролық шахтаны жарғанда, ас¬панда қап-қара бұлт пайда болып, бірнеше күннен кейін Дер¬жавинск тұрғындарының көбі¬сінің шашы түсіп қалған және өздерін өте ауыр сезінген. Көп ұзамай, жауған жаңбыр астында болған бірнеше баланың шашы түгел сыпырылып, таз күйінде аудандық ауруханаға түскен. Екі бала бауыр ауруынан өлген.
Жалпы, еліміздегі ракета¬шы¬лар қаласындағы ахуал, шын мәнінде, қандай күйде еді? Міне, мынау Қазақстандағы ракета¬шылардың әскери қалашығында ұзақ жылдар бойы балалар дәрі¬гері болып істеген Л.С. Марты¬нецтің Ресей Ғылым академиясы жанындағы Әлеуметтану инс¬титутына берген мәліметінен: «Мен 1974 жылдан бері ракета¬шылар тұратын әскери қалашық¬тарда еңбек етіп келемін. Осы дәрі¬герлік ұзақ мерзім ішінде мы-надай шешімге келдім: ра¬кета¬шылардың балалары арасында ауру-сырқау өте жоғары дең-гей¬де, олар¬дың ішінде толықтай бірде-бір сау бала жоқ. Қазақ¬станның Тор¬ғай облысы, Дер¬жавинск қа¬ла¬сындағы балалар¬дың арасында қаназдық, орталық жүйке жүйе¬сінің бұзылуы сияқты аурулар асқынып тұр. Ракета¬шылардың әйелдері көбіне-көп екінші бала-сын туа алмайды. Жаң¬ғызтөбеде сәбилер бас сүйе¬гі¬нің жарығымен туылады. Әйел¬дер арасында мер¬зімінен бұрын босану, түсік тас¬тау, бірінші ба¬ладан кейін құрсақ көтермеу өте көп. Сарапшылар мұны құрамын¬да адам денсау¬лығына өте қауіпті гептил бар ракеталық отынның қалдығынан көреді. Ракеташылар қалашығын¬дағы балалар мен әйелдер ара¬сындағы ауруды 40 жыл бойы азаматтық және әскери медицина жасырып келе жатыр. Бұл мәселе әлі күнге әскери құ¬пия болып қалуда. Мәселен, Дер¬жавинск қа¬ласы Семей по¬ли¬го¬нынан, Қара¬ғанды, Өскемен ме¬т¬аллургия комбинатынан, Бай¬қоңырдан қа-шықта, олармен са¬лыстыр¬ған¬да, экологиялық жа¬ғы¬нан әлдеқайда таза жерде о𬬬наласқан. Мұндағы 1200 пәтер¬лік 34 көпқабатты үй, алты сауна, үш мәдениет үйі, жа¬бық футбол алаңы, спорт залдар, бассейн - бәрі олимпиадалық деңгейде са¬лынған. Ракеташылар арнайы рационмен - қымыз, түрлі ви¬таминге бай жеміс-жидек¬тің не¬ше түрімен қамтамасыз етілген. Дәл осындай жағдаймен бас¬қа жерде ракеташылардың әйел¬дері кілең батырлар туған бо¬лар еді. Ал мұнда басында шашы жоқ, әлсіз, ауру балалар тууда. Әйелдер арасында онкологиялық аурулар көп».

ӘЛІБЕКОВ АШҚАН ШЫНДЫҚ
50-жылдары АҚШ-тың бак¬терологиялық қару қолдануынан қорқып, одан сақтану үшін Кеңес Одағының барлық халқы жұқ¬палы ішек аурулары мен боту¬лизмге қарсы егілгенін көне көз¬дер жақсы біледі. Ал КСРО-дағы бактерологиялық қаруды сынау жұ¬мыстары Возрождение аралын¬да жүргізілгені белгілі.
1992 жылға дейін АҚШ КСРО-ның Орта Азияда ірі кө¬лемде антракс жасап келгенін біл-меген-ді. 1992 жылы кеңестік био¬логиялық қару өндірісі жетек¬шілерінің бірі, аталған салада әлемдік деңгейдегі оқымысты саналатын микробиолог, пол¬ковник шенді Қанатжан Әлібеков АҚШ-қа қашып кетті (Оның қашуына батыстық арнайы қыз¬мет орындары ықпал еткен де¬лінеді). Ол ЦРУ қызметкерлеріне КСРО-ның гүлденіп тұрған ке¬зінде биологиялық қару сақталған орында сібір жарасының ауаға таралуынан 1979 жылдың сәуір айында Свердловскіде 66 адам (тек қана ресми мәлімет бойын¬ша) өлгенін, биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халық¬аралық декларацияға қол қойса да, осы қару өндірісі жалғасып жат¬қанын айтып, барлық құпия¬ны қопара ашып берді. Кеңес Одағы адамзатты жаппай қырып- жоятын вирус пен бактерия өн¬дірісін екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен қолға алған көрінеді. КСРО-ға тарыдай ша¬шылған жүзден аса жасырын объек¬тілерде биологиялық қару жасауға 60 мың маман тарты¬лып¬ты. Қанатжан Әлібековтiң айтуынша, КСРО-да жыл сайын, мә¬селен, 4500 тонна аса қауіпті ант¬ракс өндіруге мүмкіндік бол¬ған. Қазақстандағы Степногорск қаласындағы зауыт жарты тонна антраксті бір тәулікте-ақ өндір¬ген. Бүгінде Қанатжан Әлібеков (Кен Әлібек) АҚШ азаматтығын алған, сонда университет профес¬соры және АҚШ-тың биоқор¬ғаныс жөніндегі ұлттық орталы¬ғында жұмыс істейді. Өзінің ата мекені - Қазақстанға келіп тұра-ды. Қанатжанның айтуынша, ол өзі - базбіреулер ойлағандай сат¬қын емес, қайта шындықты бірін¬ші болып ашып, миллиондаған адамды биологиялық қарудың апатынан сақтап қалған адам. Білетіндердің айтуынша, ядролық қаруға қарағанда, биологиялық қарудың әкелер апаты - алапат сұмдық. Сарапшылардың есеп¬теуін¬ше, егер биологиялық қару¬мен террорлық шабуыл жасалса, АҚШ одан қорғану үшін апта сайын 177 миллиард доллар жо¬ғал¬тады екен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі