» » » Реферат: География | БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

Реферат: География | БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

Реферат: География | БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ казакша Реферат: География | БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ на казахском языке
Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі.
Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аэрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген шаршы шақырымы зарарданылады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аэрозолды ұшақтардан арналған шаңдатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, пластиктен жасалынған бомбалар, I контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлар да пайдалануы мүмкін.
Майда диверсия жасау мақсатында адамдардың көпшілігі жиналатын жерлерде (вокзал, аэропорт, базар, стадион, мейрам күндерінде үлкен алаңдар) және ірі қалалардың су құбырларына, құдықтарға, үлкен мекемелердің ғимараттарының ауа ауыстыру арналарына салу үшін ампула тәрізді ұсақ мөлшерлі ыдыстар немесе шаңдатқыш пеналдар пайдаланылады.
Микроорганизмдер дайын не жартылай дайындалған тағамдарға да салынып қоюлуы мүмкін.
Зымырандардың, бомбалардың қалдықтарын табу керек. Оларды құрамы ерекшеліктерінен табуға болады. Биобомбалар жарылғанда қатаң, аса күшті емес дыбыс шығады, сол жердер түтін тәрізді аэрозоль жан жаққа сейіледі. Осымен қатар заттарда, ағаш жапырақтарында, шөпте тамшылар байқалады.
Осы дәлірек бұл жағдайды бактериологиялық бақылау мен тексеруден алынған шөкілерді лабораториялық зерттеуден өткізгенде анықтайды. Қазіргі заманда соғыс жүргізген мемлекеттердің мақсаттары әр-түрлі болуы мүмкін, бірақ ең басты сол мақсаты - жауды жеңу. Биологиялық қаруды іске қосу да осы салада жатыр:
- жаудың халқын қарсы тұралмайтын ету үшін едәуір шығынға шығарту, мүмкіндік болса сол үшін малын да, өсімдіктерін де қыру;
- демографиялық мақсаты - экономикалық және саясаттық мақсаттармен қалыптасады;
- жеңіліске ұшыраған мемлекеттің соңғы шара ретінде биологиялық қаруды пайдалануы ғажап емес;
- әскери материалдар мен жабдықтарды бүлдіру үшін де микроорганизмдер табылған.
Биологиялық қаруды қолдану - адамзат алдындағы ауыр қылмыс деп саналады, сондықтан оны қолдануға тыйым салынған және оны жою туралы халықаралық келісімдер бекітілген. Алайда бір қатар мемлекеттер биологиялық қаруды ұдайы дамыту үшін көп көлемді қаржы жұмсап отыр. Жасырын түрде құпия лабораторияларда биолог-ғалымдар алуан түрлі микробтардың жаңа ұрпақтарын әлпештеп өсіруде. Бұл салада жұмыстар тоқтатылмайтын көрінеді, өйткені биологиялық кұралдарды қару ретінде қолдану үшін оларды мынадай қасиеттеріне қарай іріктеп алады:
- ашық ортада (адам денесінен тыс) бейімделіп, тірі қалу қабілеті;
- дерттің ауыр, күрделі формасын қоздыру қабілеті;
- ауруды тікелей аэрозольдан қоздыруымен бірге науқас адамнан сау адамға өту, ауруды жұқтыру қабілеті;
- сырқаттың жасырын, инкубациялық мерзімінің ұзақтығы (қысқа мерзімі де созыңқы мерзімі де жағдайға қарай қажет болады);
- аурудың ұзақтылығы;
- барлық қауқастардың санындағы өлімге соқтыратын, адам шығынына әкелетін үлесі;
- биоқұралдың аз мөлшерімен-ақ дертті қоздыру. Молекулярлық биология мен геветиканың дамуы барысында микроб тамырларының не бір рекомбинанті ары (өзгертілген микроорганизмдер) дүниеге келуде. Солардың ішінде дәрілерге залалданбайтындары, өнімдерінің күшті улылығы бар, танып білу әдістеріне сай келмейтін микроорганизмдер де жоқ емес. Қару ретінде пайдалану жолында әсіресе құралдардың ерекше қасиеттеріне назар аударылады. Мысалыға, плазмидтер деген күрделі микроорганизмдер (ДНК-ның жеке алынған молекулалары) патогендік информацияны сау Молекулаларға ендіріп, оны тұқым қуалайтын дерт қылады.

ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын апатының әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар; олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.
Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп терең енетін қасиетіне қарай өткір радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы электр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллон градусқа дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында.
Оқ дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында 1 Мт түріне айналады да реаклиялар барысы тоқталады.
Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрайды 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундті 2000 метрдей шамасына жетеді.
Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор энергияның босатылуы себебінен ауа қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан жаққа таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынды туындатады. Сығымдалған ауаның алдыңғы қабатын соққы толқынның шебі деп атайды. Соққы толқыны екі зонадан құралған; тығыздалған зонасында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық сирету зона тығыз зонаға ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыл жылдамдылығынан арта түсіп жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады. Кеңістікте жан-жаққа таралып олар орталықтан алыстаған сайын жайылып бара-бара зақымдау әсерін төмендетеді, ауа толқыны төңіректе күн күркіреген сияқты дыбыс шығарады. Соққы толқыны жарылыстың түріне қарай су астында да болады. Жер астындағы соққы толқыны жер сілкінісіне ұқсаған қимыл келтіреді.
Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділі өнімдері ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеге жанар заттары, нейтрон ағынның пайда болған радиобелсені изотоптар, т.б. - Тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үй айга дейін) жер бетінс түсе, радио белсенділік бүлт ізін кұрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса кауіп туғызбайды.
Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық жарылысының кіндігіңде цейтрондар әсерінен сіңген радиацияның деңгейі тез арада төмендейді, өйткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады.
Жалпы ядролық жарылыс энергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% -атқыш радиация.
Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, магний элементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр бөлшектер, содан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ұшықтырып, адамдарды және малдарды зақымдауға соқтырады.
Сонымен жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.
Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені энергияның басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, электр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетлейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.
Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 72 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ, реферат БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы География жоспарымен казакша реферат жоспар БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ, Реферат: География | БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы