Қазақ әдебиеті | Петр Васильевич Томасевич

Қазақ әдебиеті | Петр Васильевич Томасевич

Петр Васильевич Томасевич (1923, Украина, Одесса қаласы - 1984, Одесса қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, пулемет взводының командирі. Орыс. Соғысқа дейін Жамбыл облысы Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) тұрған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың күзінде шақырылған. Ол 2- және З-Украина майданында Сталинград қаласынан Венгрия жеріне дейін жеткен. 1944 жылы Томасевич бір топ жауынгерлермен Тиса (Тисса) өзенінен өтіп, плацдармды үш тәулік бойы жауға бермей ұстап тұрды да, Кеңес әскерлерінің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Томасевичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Бұл ұрыста Томасевич ауыр жарақаттанды. Комиссия ержүрек жауынгерді әскер қатарынан босатты. Одесса қаласына оралып, зауытта, кейіннен (27 жасында) Қара теңіз пароход кәсіпшілігінде жұмыс істеді. Мұнда ол қатардағы матростан капитанның бірінші көмекшісіне дейін көтерілді


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!