Қазақ әдебиеті | Михаил Гиясович Фаязов

Қазақ әдебиеті | Михаил Гиясович Фаязов

Михаил Гиясович Фаязов (15.6.1925 жылы туылған, Тараз қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, взвод командирі. Өзбек. Орта мектепті бітіргеннен соң малдәрігерлік техникумда оқыды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы) ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1944 жылы Ташкенттегі кіші лейтенаттар дайындайтын училищенің жеделдетілген курсын бітірді. 175-гвардиялық атқыштар полкінің (5-гвардиялық армияның 58-гвардиялық атқыштар дивизиясы) взвод командирі Фаязов 1945 жылдың 23 қаңтарында Одер өзенінен өту кезінде ерлікпен көзге түсті. Бұл кезде ротаны басқарған Фаязов өзеннен өтіп, арғы жағалауға плацдарм құрып, одан әрі жаудың штабы орналасқан екі елді мекенді басып алды. Неміс-фашист басқыншыларымен болған ұрыстарда көр- сеткен ерліктері мен батылдығы үшін Фаязовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.6.1945). Соғыстан кейін бірнеше жыл Кеңес әскері қатарында болды. 1948 жылы аға лейтенант Фаязов запасқа шықты. Ташкенттегі Жоғары партия мектебін бітірді. Отставкадан кейін майор Фаязов Өзбекстандағы Наманңан облысы Чует қаласында тұрып еңбек етті. Ол сондай-ақ Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!