Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 Экожүйе – біртұтас қызмет атқаратын табиғаттың бөлігі. Ол екі компоненттен: белгілі бір аумақта құрлық немесе суда тіршілік ететін барлық тірі ағзалар – биоценоздан және экожүйенің абиотикалық ортасын құрайды.

 Жасанды экожүйелер – адамның қатысуымен құрылған жағдайларда өмір сүретін ағзалар жиынтығы. Жасанды экожүйелер білгілі-бір мақсатта құрылады және адамның қатысында құрылатын жағдайлар – жазық, шабындық, саябақ, бау-бақша, және т.б. түрінде болуы мүмкін.

 Экожүйе құрамына ағзалар да, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады

 Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

 Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс барысында орын ауыстыру және партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.

 Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

 Оқушылар ұсынылған суреттерінен экожүйелердің ерекшеліктеріне назар аудару керек. Экожүйелердегі ағзалардың таралу ерекшеліктерін түсіндіру қажет. Мысалы, Экожүйелердегі абиотикалық факторлардың тірі ағзалардың таралуына әсерін атап өту керек.

 Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

 Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы себептерін түсіндіре білулері, энергия мен заттардың ауысуы мысалдарын анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.

 Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде экожүйедегі факторларды түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.

 Есеп шығарған кезде оқушыларға ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

 Саралау тапсырмалары

Қосмышада деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.

 Сілтемелер мен ресурстар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу