Тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.9 тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • тітіркендіргіш түрлерімен танысу;
  • тітіркендіргіштердің тірі ағзаларға әсерін анықтау.

 Бағалау критерийлері:

1. тітіркендіргіш түрлерін топтастырады;

2. тітіркендіргіштердің әсеріне тірі ағзалардың жауап реакциялармен танысады;

3. тітіркенгіштіктің тірі ағзалар үшін маңызын сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

тітіркендіргіштердің әсеріне тірі ағзалардың жауап реакциялары бойынша жазбалар жасап, есеп дайындай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

тітіркендіргіштер, тітіркенгіштік

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Жарық мөлшері шамадан тыс артық болса, онда ... .

Өсімдіктер жарық әсеріне жауап беру барысында ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.

 Пәнаралық байланыстар

Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі.

НЕМЕСЕ

Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – шы сыныпта тірі ағзалардың ортақ қасиеттері, денелер қозғалысының себебімен танысты. Оқушылар тітіркендіргіштерді ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында тірі ағзалардың ортақ қасиеттеріне мысалдар беру арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар өздерінің қатты қорыққан жағдайларын жазу, қорықу себептері мен өздерінің қорыққан кездегі іс-әрекеттерін жазу арқылы 5-сыныптағы 5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау, 5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Тірі ағзалардың ортақ қасиеттеріне мысалдар ұсынады.

Дескрипторлар

 Оқушы

Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерне мысалдар ұсынады.

Тітіркенгіштіктің маңызын сипаттайды.

2. Ой шақыру.

Өсімдіктерде тітіркенгіштік бар ма? сұрағы бойынша пікір алмасады.

Өсімдіктерге әсер ететін қандай да бір тітіркендіргішті атап, оған қалай жауап қайтарғандарын айтады. Мысалы, жарық сәуле, ылғал тапшылығы және т.б.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-15

15 - 20

20 - 35

35-37

4. Тіріткендіргіш түрлері мен мысалдары

Тітіркендіргіш

Мысалдар

Механикалық

жарақат, сынық

Физикалық

жарық, температура, электр тогы

Биологиялық

тірі ағзалар бөлетін химиялық заттар

Химиялық

қышқылдар, сілтілер, спирт

5. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Тітіркендіргіштер физикалық, механикалық, биологиялық және химиялық болып бөлінеді. Тірі ағзаларда тітіркендіргіштерге жауап беру бейімделгіштіктің әсерімен жүзеге асады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп-қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтару ағза тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді.

Өсімдіктер бірнеше тітіркенгіштерді анықтай алады. Мысалы, олар жарық пен ауырлық күшін анықтап, оларға арнайы бір бағытта өсу арқылы жауап береді. Кейбіреулері күннің ұзақтығын анықтай алады, сол себепті олар қашан гүлдеу керектігін және жапырақтарын қашан түсіру керек екендігін біледі.

6. Топтық жұмыс.

Тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын анықтау үшін «Шұбалшаңға әсер ететін тітіркендіргіштерді анықтау» топтық зерттеу жүргізіледі.

Бір Петри табақшасына екі шұбалшаң салып, оның ұзындығы мен енін өлше.

I топ – шұбалшаңдарға жарықтың әсерін тексереді.

II топ - шұбалшаңдарға ылғалдың әсерін тексереді.

III топ - шұбалшаңдарға химиялық заттың әсерін тексереді.

IV топ - шұбалшаңдарға өткір заттың әсерін тексереді.

Әр топ тексеру нәтижелерімен өзге топ мүшелерімен бөліседі

Дескрипторлар

Оқушы

- шұбалшаңдарға жарықтың әсерін анықтайды;

- шұбалшаңдарға ылғалдың әсерін анықтайды;

- шұбалшаңдарға химиялық заттың әсерін анықтайды;

- шұбалшаңдарға өткір заттың әсерін анықтайды;

-зерттеу нәтижелерін салыстырып, ерекшеліктерін көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар тітіркенгіштіктің тірі ағза үшін маңызын сипаттайды.

Дескрипторлар

Тітіркенгіштіктің тірі ағза үшін маңызын анықтайды.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы:

37-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Бес саусақ»

Бас бармақ – Білетінім

Сұқ саусақ – Білгенім

Ортаңғы саусақ– Әлі де білгім келеді

Аты жоқ – Мен үшін жаңа ақпарат

Шынашақ – Мені таңқалдырды

Қосымша 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында әрбір зерттеуді қалай жасау туралы нұсқаулықтарды қолдана отырып, зерттеулер жүргізеді. Зертханалық жұмыс барысында қиындық танытқан оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.

Тірі ағзалардың ортақ қасиеттеріне келтірген мысалдары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын анықтау үшін зерттеу жүргізеді.

® = техника қауіпсіздігі ережесі

Құрттармен жұмыс істеу кезінде қолғап кию.

Қосымша 1

Тірі ағзалардың ортақ қасиеттері

Қосымша 2

Тіріткендіргіш түрлері мен мысалдары

Тітіркендіргіш

Мысалдар

Механикалық

жарақат, сынық

Физикалық

жарық, температура, электр тогы

Биологиялық

тірі ағзалар бөлетін химиялық заттар

Химиялық

қышқылдар, сілтілер, спирт

Қосымша 3

Тітіркендіргіштерге жауап қайтарудың маңызы

 Тітіркендіргіштер физикалық, механикалық, биологиялық және химиялық болып бөлінеді. Тірі ағзаларда тітіркендіргіштерге жауап беру бейімделгіштіктің әсерімен жүзеге асады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп-қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтару ағза тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді.

 Өсімдіктер бірнеше тітіркенгіштерді анықтай алады. Мысалы, олар жарық пен ауырлық күшін анықтап, оларға арнайы бір бағытта өсу арқылы жауап береді. Кейбіреулері күннің ұзақтығын анықтай алады, сол себепті олар қашан гүлдеу керектігін және жапырақтарын қашан түсіру керек екендігін біледі.

Қосымша 4

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы

Мақсаты: тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын анықтау.

Болжам: Егер тірі ағзаларға белгілі бір тітіркендіргіштер әсер етсе, ағзаның мінез құлығында өзгерістер көруге болады.

Құрал – жабдықтар: шұбалшаң, электр шамы, сапты ине, пияз кесігі, Петри табақшасы, сызғыш

Жұмыстың барысы:

1. Бір Петри табақшасына екі құрт сал. Құрттармен жұмыс істеу кезінде қолғап киюді ұмытпа!

2. Шұбалшаңдарды екі минут бақыла.

3. Шұбалшаңдардың ұзындығы мен енін өлше.

4. Шұбалшаңдардың жарық, су, пияз, өткір затқа әсерін зертте.

a) Әр шұбалшаңға шам жарығын 2 минут бағытта. Шұбалшаңның әрекетін жазып ал.

b) Әр шұбалшаңның жанына 10мл су құй, 2 минут бақылап, құрттың әрекетін жазып ал.

c) Әр шұбалшаңның жанына пияз кесегін қой, 2 минут бақылап, құрттың әрекетін жазып ал.

d) Әр шұбалшаңның денесіне үшкір инені тигіз, 1 минут бақылап, құрттың әрекетін жазып ал.

5. Зерттеу нәтижесін кестеге жаз.

жарық

су

пияз

үшкір ине

Шұбалшаңның әрекеті

1. Құртқа қандай тітіркендіргіштер жоғары әсерін тигізді?

2. Құртқа қандай тітіркендіргіштер төмен әсерін тигізді?

3. Ағзаның тіршілігін сақтауға көмектесетін үш тітіркенгіштікті ата.

Қосымша 5

Кері байланыс

Бас бармақ – Білетінім

Сұқ саусақ – Білгенім

Ортаңғы саусақ– Әлі де білгім келеді

Аты жоқ – Мен үшін жаңа ақпарат Шынашақ – Мені таңқалдырды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу