Тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


Қосымша 1

Тірі ағзалардың ортақ қасиеттері

Қосымша 2

Тіріткендіргіш түрлері мен мысалдары

Тітіркендіргіш

Мысалдар

Механикалық

жарақат, сынық

Физикалық

жарық, температура, электр тогы

Биологиялық

тірі ағзалар бөлетін химиялық заттар

Химиялық

қышқылдар, сілтілер, спирт

Қосымша 3

Тітіркендіргіштерге жауап қайтарудың маңызы

 Тітіркендіргіштер физикалық, механикалық, биологиялық және химиялық болып бөлінеді. Тірі ағзаларда тітіркендіргіштерге жауап беру бейімделгіштіктің әсерімен жүзеге асады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп-қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтару ағза тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді.

 Өсімдіктер бірнеше тітіркенгіштерді анықтай алады. Мысалы, олар жарық пен ауырлық күшін анықтап, оларға арнайы бір бағытта өсу арқылы жауап береді. Кейбіреулері күннің ұзақтығын анықтай алады, сол себепті олар қашан гүлдеу керектігін және жапырақтарын қашан түсіру керек екендігін біледі.

Қосымша 4

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы

Мақсаты: тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын анықтау.

Болжам: Егер тірі ағзаларға белгілі бір тітіркендіргіштер әсер етсе, ағзаның мінез құлығында өзгерістер көруге болады.

Құрал – жабдықтар: шұбалшаң, электр шамы, сапты ине, пияз кесігі, Петри табақшасы, сызғыш

Жұмыстың барысы:

1. Бір Петри табақшасына екі құрт сал. Құрттармен жұмыс істеу кезінде қолғап киюді ұмытпа!

2. Шұбалшаңдарды екі минут бақыла.

3. Шұбалшаңдардың ұзындығы мен енін өлше.

4. Шұбалшаңдардың жарық, су, пияз, өткір затқа әсерін зертте.

a) Әр шұбалшаңға шам жарығын 2 минут бағытта. Шұбалшаңның әрекетін жазып ал.

b) Әр шұбалшаңның жанына 10мл су құй, 2 минут бақылап, құрттың әрекетін жазып ал.

c) Әр шұбалшаңның жанына пияз кесегін қой, 2 минут бақылап, құрттың әрекетін жазып ал.

d) Әр шұбалшаңның денесіне үшкір инені тигіз, 1 минут бақылап, құрттың әрекетін жазып ал.

5. Зерттеу нәтижесін кестеге жаз.

жарық

су

пияз

үшкір ине

Шұбалшаңның әрекеті

1. Құртқа қандай тітіркендіргіштер жоғары әсерін тигізді?

2. Құртқа қандай тітіркендіргіштер төмен әсерін тигізді?

3. Ағзаның тіршілігін сақтауға көмектесетін үш тітіркенгіштікті ата.

Қосымша 5

Кері байланыс

Бас бармақ – Білетінім

Сұқ саусақ – Білгенім

Ортаңғы саусақ– Әлі де білгім келеді

Аты жоқ – Мен үшін жаңа ақпарат Шынашақ – Мені таңқалдырды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу