Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.
Топқа бөлу
Сабақтың тақырыбы
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктейді;
• шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқи алады
Бағалау критерийлері
Географиялық карталарды жіктейді
Шартты белгілерді жіктейді
Шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқиды
Мәтінмен жұмыс
1-топ. Географиялық картаның анықтамасын беріп, түрлерін сызба ретінде көрсетеді.
2-топ. Шартты белгілер анықтамасын беріп, түрлерін сызба ретінде көрсетеді.
3-топ. Географиялық карталардың түрлеріне мысалдар келтіріп, түсіндіріп береді.
4-топ. Шартты белгілердің түрлеріне мысалдар келтіріп, қолдану аясын көрсетеді.
Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.
Географиялық карталар:
жалпы географиялық;
тақырыптық;
кешенді (комплексная)
Шартты белгілер:
масштабтық;
масштабтан тыс;
түсіндірмелі
Дене шынықтыру минутасы.
«Масштабтық – орнынан тұрып, екі қолын көтереді,
Масштабтан тыс - отырады,
Түсіндірмелі – орнынан тұрып,1рет қол шапалақтау.»
Топтық жұмыс.
Климаттық картадағы шартты белгілерді қолданып, берілген елдің климатына (орташа температура, жауын-шашын мөлшері, абсолюттік максимум және минимум т.б.) сипаттама бер.
Берілетін елдер: Ұлыбритания, Жапония, Аргентина, Мексика, Алжир.
Жеке жұмыс
Географиялық диктант.
1.Топырақ картасы мазмұны жағынан ............. ................. жатады.
2.Шартты белгілер.................................... түрлеріне бөлінеді.
3.Түсіндірмелі шартты белгілерге......................
4.Өзен, ағысының бағыты оңтүстік шығысқа, жылдамдығы 25м/с шартты белгісі .....................
5.Дүниежүзінің картасын жасауға ................... масштабты картаны пайдалау ыңғайлы.
6.Жолдар, өзендер ................ шартты белгі түріне кіреді.
7.Ірі масштабы картамен көбінесе.................... түсіреді.
8.Зауыт,шахта, қорған т.б. ....................................... болғандықтан масштабтан тыс шартты белгі түріне жатады.
9.Африканың климаттық картасы қамтитын аумағы жөнінен ......................, ал мазмұны жөнінен .......................... картаға мысал болады.
10.Жалғыз тұрған ағаштың шартты белгісі .................. .
Үй тапсырмасы: Шартты белгілерді қолдана отырып, «Мектептегі экскурсия» тақырыбы бойынша географиялық диктант жазып келу (10 сөйлем)
Рефлексия. «Анкета» әдісі.
Ресурстар көзі:
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру