Ғылымның рөлі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында «Шын және жалған» ойыны бойынша алдыңғы білімдерін тексеру жоспарланған. Егер айтылған тұжырым шын (дұрыс) болса, онда оқушылар оң қолдарын, егер жалған (дұрыс емес) болса, онда сол қолдарын көтереді. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

 Оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Жаңа тақырыпты түсіндіруді миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және кестеден тыс зерттеу нысандары мен зерттеу сұрағын анықтап оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Көңіл күй өлшегіші» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасауы қажет. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жауаптарын неге олай болғаны туралы негіздеп түсіндіруіне мүмкіндік беріңіз.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://www.youtube.com/watch?v=931wkAjFsis

https://billionnews.ru/nauka/

https://ribalych.ru/2012/01/10/samye-interesnye-fakty-v-prirode-nauke-i-texnike/

https://100-faktov.ru/category/nauka/

https://ru.wikipedia.org/wiki/категория:естественные_науки

https://obasnenienayka.jimdo.com/наука/естественные-науки



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу