Ғылымның рөлі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Аялы алақан» өткізіңіз, сол арқылы оқушыларға жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту мақсатын алға қойыңыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Миға шабуыл сұрақтары арқылы оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру жоспарланған. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жоспарланған.
Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Жаңа тақырыпты түсіндіруді бастамас бұрын шағын бейнематериыл ұсынылады және соңынан бірнеше сұрақтар қою арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытыңыз.
Оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз.
Топтарға бөлу үшін арнайы веб ресурстарды қолдануға болады. Немесе өз қалауыңыз бойынша қабілетіне сай, аралас топтарға іріктеуге болады. Сілтемелер төменде келтірілген. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сай дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және кестеден тыс зерттеу нысандары мен зерттеу сұрағын анықтап оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Жарқын жұлдыз» деп аталатын әдіс бойынша жазбаша кері байланыс жасау қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өздерінің жауаптарын негіздеп түсіндіру қажет.
Пайдалы сілтемелер:
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://rubistar.4teachers.org/index.php?ts=1532510201
https://www.youtube.com/watch?v=931wkAjFsis
https://ribalych.ru/2012/01/10/samye-interesnye-fakty-v-prirode-nauke-i-texnike/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?