Ғылымның рөлі. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

«Шын және жалған» ойыны бойынша алдыңғы білімдерін тексеру.

Егер айтылған тұжырым шын (дұрыс) болса, онда оқушылар оң қолдарын, егер жалған (дұрыс емес) болса, онда сол қолдарын көтереді.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысанын туралы дұрыс тұжырымды ажырата алады;
  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысанын туралы жалған тұжырымды анықтай алады.
  • Жаратылыстану – табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі.
  • Ежелгі гректер мобильді телефондарды қолданған.
  • Астрономия заттар мен олардың басқа заттарға түрленуін зерттейді.
  • Физика механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді.
  • Металл – зат.
  • Химия – жер беті табиғатын, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.
  • Биология – тірі табиғатты зерттейтін ғылым.
  • Су – Жердегі тіршіліктің негізі.
  • География аспан денелерін зерттейді.
  • Экология адам мен табиғаттың ара-қатынасын зерттейді.
  • Кемпірқосақ – қыста байқалатын табиғат құбылысы.
  • Найзағай – бұлттар арасында немесе пен Жер арасында болатын құбылыс.

Қосымша 3

Өздік жұмыс

Оқушының аты-жөні:сынып:мерзімі:

«Зерттеу нысандары мен зерттеу нәрселері» кестесі

Үлгіге қарап кестені толтырыңыз

Бағалау критерийлері:

1-2 мысал Мақсатқа жеткен жоқ

3-4 мысал талпынады

5-7 мысал мақсатқа жетті

  • мұғалім бақылауы және комментариі;
  • критерий бойынша өзін-өзі бағалауы
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • зерттеу нысанын анықтайды;
  • зерттеу сұрағын анықтайды.

Зерттеу нысандары

(Не қарастырылады?

деген сұраққа жауап береді)

Зерттеу сұрағы

(Не зерттеледі?

деген сұраққа жауап береді)

Магнит

магниттің қасиеттері

су

судың қасиеттері мен құрылысы

тәтті қытырлақ

тәтті қытырлақтың балалардың денсаулығына әсері

алма шырыны

алма шырынындағы темірдің мөлшері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу