Денелер суда қалай жүзеді? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Табиғат физикасы.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Денелер суда қалай жүзеді?

Оқу мақсаты

  • Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
  • судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
  • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
  • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Балықтардың су ішіндегі қозғалысын қалай реттейтіндігін білу;

Оқушылардың көбі:

Су тарапынан денеге әсер ететін күш оның көлемі үлкейген сайын артатындығын білу;

Оқушылардың кейбірі:

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бағалау критерийі

Балықтардың су ішіндегі қозғалысын қалай реттейтіндігін білуі;

Су тарапынан денеге әсер ететін күш оның көлемі үлкейген сайын артатындығын білуі;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы;

Тілдік мақсат

Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Кері итеруші күш дегеніміз не?, Архимед заңы қалай ашылды?, Ауада Архимед күші қалай орындалады? және Архимед заңын қалай қолданады? тақырыптары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Бөлімге кіріспе.

Көлемі бірдей екі түйір ермексазды оқушыларға көрсетемін. Олар қандай деп сұраймын. Енді екі оқушыны ортаға шығарып, біреуінен шар, екіншісінен қайық тәрізді етіп жасауын керек екендігін түсіндіремін. Осыдан соң пластикалық стақандағы суға алдымен домалақ шарды, одан кейін жалпақ қайық тәрізді денені салады. Не бақылағанын сыныптағы оқушылар айтады. Шар бірден батып кетті, жалпақ ермексаз су бетінде қалды. Неліктен? Жауаптарын тыңдағаннан кейін назарларын екі дененің сумен жанасатын бетіне аудартамын. Су тарапынан әсер ететін күш дененің су бетімен әрекеттесетін дене бетінің көлеміне байланысты болады. Яғни дененің суға тиетін беті үлкейген сайын, кері итеруші күш те үлкен болады. Осыған өмірмен байланысты мысалдар келтіріңіздер. Мысалы, ағаш жапырақтарының бетінің ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым су бетінде ұзақ жүзіп жүреді.

Осындай мысалды ауадағы кері итеруші күштің әсерінен де болатынын жасап көруге болатындығын айтамын. Ол үшін жұптар екі парақ қағаздың біреуін умаждап, екіншісін сол қалпында көлденең ұстап, бір сәтте төменге жібереді. Умаждалған қағаз жерге бірінші түседі, ал жалпақ парақ беті баяу қалықтап түседі. Оқушылар жоғарыда көрсетілген экспериментпен байланыстырып түсіндіреді.

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Денелер суда қалай жүзеді?

Сабақ мақсаттары:

Денелерді суда қалай жүздіруге болатындығын білу;

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Сабақтың ортасы

25 минут

Бекіре балығы

Балықтар қайда тіршілік етеді?

Балық аулауға барғандарың немесе балықты аулап көргендерің бар ма?

Балық судың қай бөлігінде өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

Бекіре балығын білесіңдер ме?

Ол суда қалай жүзеді?

Бекіре оны қалай реттейді?

Балықтың құрылысын білесің бе?

Балықта жүзу көпіршігі (торсылдағы) болатынын білесің бе?

Зерттеу жұмысы

«Жұмыртқа жүзу үшін не істеу керек?».

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.

Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.

Зерттеу сұрағы:

«Жұмыртқа суда жүзе ме?»

1. Суы бар ыдысқа жұмыртқаны салып, бақыллаңдар. Нәтижесін тіркеңдер.

2. Қасықпен суға тұз салып араластырыңдар.

3. Жұмыртқаны енді ақырындап тұзды суға салыңдар.

4. Нәтижесін тіркеңдер.

5. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар.

Ойлан.

Кім көлге немесе теңізге барып көрді?

Кім суда жүзе алады?

Суда жүзген жеңіл ме?

Қай суда жүзген жеңілірек деп ойлайсың?

Өзен суында ма, әлде теңіз суында ма?

«Өлі теңіз» деген теңізді естіп пе едіңдер?

Сендер білесіңдер ме, Өлі теңізде адам суға батпайды. Неліктен деп ойлайсыңдар?

Сен білесің бе?

Оқушылардың кит туралы не білетініндіктерін анықтаймын. Олардың назарын киттің алып жануар екеніне аударамын. Олар киттің әуеге су бүркетінін атауы мүмкін. Киттің тұмсығы бар ма, ол қалай тыныс алады? Ол дем алу мен дем шығару арқылы тереңге сүңгіп және су бетіне шыға алатындығын талқылаймын. Тыныс алатын мүшесінен су шашырайды. Кит тұмсығын тек тыныс алып, тыныс шығару үшін ғана пайдаланатындығын айтамын.

Өзіндік жұмыс. 60-жұмыс парағы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

кит, бекіре балығының суреттері;

су ішінде алюминийден жасалған көлемдері бірдей шарлардың бірі су түбінде, екіншісі су бетінде қалқып жүргені көрсетілген сурет.

тұз; су құйылған ыдыс; үлкен қасық;

жұмыртқа (шикі).

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу