Металдар қандай болады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 4
  • Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:
  • Күні:
  • Тақырыбы:
  • Металдар қандай болады?

Оқу мақсаты:

4.3.4.2 - Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету.

 Сабақтың

 мақсаты:

Түсті металдардың түрлерімен танысу.

 Бағалау критерийі

Түсі металдардың түрлерін ажыратады;

Түсті металдардың таралу аймақтарын анықтайды.

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді қолдана отырып, түсті металдар мен бағалы металдар туралы айтып бере алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түсті металл, бағалы металл, жеңіл металл.

 Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Қара металл туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2минут

3минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

 Қайырлы таң, достым!

 Қайырлы күн болсын.

 Бүгінгі күн біз үшін

 Сәттілікке толсын!

«Сұрақтар айдары» ойыны. Жетекші сұрақтар арқылы оқушылардан тақырып бойынша бастапқы білімін анықтау.

  • Қара металл неден алынады?
  • Шойын ше?
  • Темірдің қандай қасиеті бар?
  • Пайдалы қазбалар картасында темір қандай шартты белгімен белгіленген?
  • Әлем бойынша темірге бай мемлекетті атаңдар?
  • Лисаков кен орны қай мемлекетте орналасқан?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №1

Сабақтың ортасы

3 минут

1 минут

4 минут

1 минут

4минут

1 минут

5 минут

2 минут

3 минут

2 минут

1 минут

6 минут

Марапаттау.

Оқулықта берілген суреттерді пайдалана отырып, алтын, күміс және қоламен танысу. Жеңімпаздарды дұрыс марапаттау үшін не істеу керектігін оқушылардан сұрау. Оқушылар үш металдың айырмашылығын анықтайды. Олардың металдардың қандай тобына жататынын түсінеді. Жетекші сұрақтар:

  • Медальдар неден жасалған? Олардың ұқсастығы бар ма?
  • Медальдарды не арқылы ажыратуға болады?
  • Бірінші орынға қандай медаль беріледі? Неге?
  • Күміс пен қоланың қандай айырмашылығы бар?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Әшекейлер.

Мақсаты: Металдардың қасиеттерін анықтау.

«Жұмбақ құрастыр» ойыны арқылы оқушылар әшекей бұйымдар туралы жұмбақ құрастырады. Ол үшін бірнеше әшекей бұйымдардың суреттерін тақтаға іліп қою керек. оқушылар суреттегі әшекей бұйымдарға қарап жұмбақтарын құрастырады.

Оқулықта берілген ақпаратпен таныса отырып, түсті металдардың қайдан алынатынын түсінеді. Жетекші сұрақтар:

  • Түсті металдар қайдан алынады?
  • Ауыр металға не жатады? Мысал келтір.
  • Магний қандай металл?
  • Мырыш ше?
  • Электрөткізгіш сым неден жасалады?
  • Бағалы металдарға не жатады? Мысал келтір.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы жұптарды бағалауы.

Картамен жұмыс.

Оқушылар оқулықта берілген түсті металдардың таралу аймақтарын картадан көрсетулері керек.

Ол үшін оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, картаға мыс, полиметалл, марганец, алтын мен күмістің шартты белгілерін жабыстырулары керек. Сұрақтар:

  • Полиметалл кенінен не алынады?
  • Ол қайда өндіріледі?
  • Шығыс Қазақстанда қандай кен бар?
  • Боксит деген не?
  • Оны қайда өндіреді?
  • Балқаш көлінің жағалауында қандай кен таралған?

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы жұптарды бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты:

Топтарға біріктіру. «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру. Ол үшін топ санына байланысты тақырыпқа сай бірнеше түсті металдардың суреттерін мозайка ретінде пайдалануға болады.

Ресурстарды тарату. Әр топқа магнит, шойын қазан немесе таба, алтын сақина, күміс білезік немесе ырға, болат болт, алюминий сым, жез сым тарату керек.

Зерттеудің жоспары:

  • Ресурстардың неден жасалғанын анықтау;
  • Магнитті денелерге тигізіп олардың тартылатынын немесе тартылмайтынын бақылау;
  • Зерттеу нәтижесін кестеге толтыру. Қорытындылау.

Зерттеу жұмысын орындау барысында оқушылар магнитке қара металдардың магнитке тартылатынын, ал түсті металдардың магнитке тартылмайтынын түсінеді.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына неліктен қара металдардың магнитке тартылатынын туралы өз ойларымен бөлісуді ұсыну.

«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

-Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

-Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

Зерттеу жұмысын қорытындылау: Кестені толтыра отырып, қара металл мен түсті металдардың маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру.

ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Дайын кестелерді тақтаға іліп, оларға ауызша баға беру.

Ойлан. Оқушылар монетаның неліктен металдан жасалатыны туралы ой қозғайды. Ол үшін әр топқа бірнеше монеталарды таратып беру керек. жетекші сұрақтар арқылы олар монеталардың құнын анықтайды.

  • Монеталар неліктен металдардан жасалады?
  • Қағаз ақшалардан монеталардың қандай айырмашылығы бар?
  • Монеталардың құныны қалай анықтайды?
  • Монеталардың түсі неге әртүрлі?

Сен білесің бе? Оқушылар елімізде пайдалы қазбаны зерттеген ғалым, тұңғыш геолог, академик Қаныш Сәтпаевтың Жезқазғандағы мыс кен орнын ашқанын біледі.

Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:

  • Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?
  • Қандай жаттығуларды білесіңдер?
  • Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

27-жұмыс парағы. «Металдар қандай болады?», 29-б.

Артығын тап.

Берілген әрбір жолдағы артық сөзді табу.

Пікірлерді тексер. Дұрыс пікірлерді анықтайды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Бағалы металдардан әшекейлер жасалатынын біледі;
  • Жеңіл металл түрлерін біледі;
  • Полиметалдан түсті металдар алынатынын біледі.

Адасқан әріптер.

Берілген әріптерден сөз құрап, жасырынған сөйлемді оқиды.

28-жұмыс парағы. «Түсті металдардың түрлері», 30-б.

Мен қандай металдарды білемін?өзі білетін металдардан жасалған заттарды пайдаланып инфографика құру.

Топырақтан азық-түлікке дейінгі аралық буындарды белгілейді.

Картаға түсір.

Кескін картаға полиметалл, мыс, марганец кен орындарын шартты белгілермен көрсету.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Картаға полиметалл кен орындарын белгілейді;
  • Картаға мыс кен орындарын белгілейді;
  • Картаға марганец кен орындарын белгілейді;

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №2

Оқулықпен жұмыс

Слайд №3,4

Смайликтер

Слайд №5

Карта,

мыс, полиметалл, марганец, алтын мен күмістің шартты белгілері

мыс, полиметалл, марганец, алтын мен күмістің мозайкасы

Слайд №6

Монеталар

Слайд №7

https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы».

Слайд №8

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға топырақтың пайдалану жолдарын ұсынуды тапсыру.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: «Смайликтер » бойынша бағалау

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«Жетістік баспалдағы»

-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу