Пайдалы қазбаны өндірудің зияны бар ма? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4-сынып Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары. | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Күні: | |||||||||||
Тақырыбы: | Пайдалы қазбаны өндірудің зияны бар ма? | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.3.4.3 - пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсыну; 4.1.2.2 - алынған нәтижелерді білім алушы таңдаған формада ұсыну. | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Пайдалы қазбаларды өндіруден қандай зиян келетінін түсіндіру. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Пайдалы қазбаларды өндіруден қандай зиян болатынын түсінеді. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика, көркем еңбек. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Пайдалы қазбаларды немен алмастыруға болатынын біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне сәлемдеседі. Сәлемдесу! Ұмытайық қобалжу мен сәтсіздікті Жібермейік күн сыйлаған мүмкіндікті Сабақта берілетін тапсырманы Орындайық бәріміз тыңғылықты. Топтарға біріктіру. «Теңіздегі капитан» ойыны. Оқушылар ойын шартымен таныстырылады. Мақсаты: байқампаздыққа, шапшаңдыққа, бір-бірінің әрекетін бақылап, зер салуға қалыптастыру. «Теңіздегі капитан» дегенде, қозғалысқа түседі. «Суға адам кетті» дегенде, орталарына бір оқушыны алып шеңбер жасап тұрады. «Түскі ас» дегенде, 4 оқушыдан бірігіп, тамақ ішу сәтін бейнелейді. «Еден жуатын адам» дегенде, жұптасып қимылдау керек. | Көңілді әуен қосып қою. Слайд №1 | |||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 1 минут 3 минут 1 минут 4 минут 1 минут 6 минут 2 минут 3минут 7 минут | Карьер. Тапсырманың мақсаты: Жер қабығының пайдалы қазбаларды қазып алудан өзгеретінін түсіну. Әр топқатапсырманы орындау үшін керекті ресурстарды таратып беру керек. Оқушылар карьердің моделін жасайды. Модель жасауда подносқа немесе қорапқа құм немесе топырақтан төбешік жасап, оның шетіне қағаздан жасалған үйлерді орналастырады. Енді бір жақ шетінен қаза бастауды тапсыру керек. оқушылар үйлердің құлағанын бақылайды. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыптың мақсатына жету ұсынылады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Ойлан. Оқулықта берілген суретті зерделей келе, жер бетіндегі сызаттар мен жарықшақтардың не себептен пайда болатынын талқылау. Оқушылар жердің жарылуы жер сілкінісінен және жердің астындағы шахталардан болуы мүмкін деп болжайды. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Пайда мен зиян. «Ойлан – жұптас – талқыла» стратегиясы арқылы оқулықта берілген фотосуреттерді сипаттау ұсынылады. Немесе әр жұпқа топырақтың опырылуы, карьер, террикон мен құбырдың жарылуына байланысты суреттерді таратып беруге болады. Оқушылар жұптасып, пайдалы қазбаны өндіру қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкіндігін ойластырып, кластер құрады. ҚБ. Мұғалімнің смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалауы. Жоба жаса. Мақсты: Пайдалы қазба өндірілген орындарды қалай пайдалануға болатынын түсіну. «Түстер ассоциациясы» арқылы оқушыларды түстер бойынша топқа біріктіру. 1-топ – көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоциация болады? (су) 2-топ – сары түс. Сары түсті көргенде қандай ассоциация болады? (күн) 3-топ – ақ түс. Ақ түсті көргенде қандай ассоциация болады? (сүт, айран) 4-топ – жасыл түс. Жасыл түсті көргенде қандай ассоциация болады? (табиғат) Топ ережесін еске түсіру. Жобаның жоспарын құру:
Ресурстарды тарату. Әр топқа ватман, маркер, фломастер, түрлі түсті қарындаштар, желім, түрлі түсті қағаздар, стикерлер, қайшы таратып беру. Талқыланатын сұрақтар:
Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға ландшафт дизайнері ретінде пайдалы қазба өндірілген орындарда тұрғын үйлерді салуға мүмкін бе деген сұрақ қойылады. Ойларын тыңдау. Жобаны қорытындылау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Сен білесің бе? Оқушыларға қазылып алынған кеннің тек 10%-ы ғана қолданылатынын айту. Ал қалған 90%-ы жарамсыз қалдық болатынын түсіндіру. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 35-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбаны өндірудің зияны бар ма?», 37-б. Ойлан, тап. Филвордта жасырылған сөздерді табу. Қорытынды жаса. Оқушылар пайдалы қазбаны өндірудің пайдасы мен зиянын жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: - Пайдалы қазбаны өндірудің пайдасын біледі; - Пайдалы қазбаны өндірудің зиянын біледі. 36-жұмыс парағы. «Инфографика», 37-б. Инфограыиканы толықтыру. Пайдалы қазбаны өндірудің әсері туралы инфографиканы толықтырады. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. | Слайд №2,3
Слайд №4,5
Оқулықпен жұмыс Слайд №6,7 ватман, маркер, фломастер, түрлі түсті қарындаштар, желім, түрлі түсті қағаздар, стикерлер, қайшы https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw Дәптермен жұмыс | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Тақтаға «БТҚ-кестесі» ілінеді.
| Бағалау парағы Слайд №8 | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?