Желдің пайдасы мен зияны. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні | ||||||
Тақырыбы | Желдің пайдасы мен зияны | |||||
Оқу мақсаты | 4.3.2.4 ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін түсіндіру; 4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты | Желдің пайда болуын, оның пайдасы мен зиянды әсерін түсінеді; Желдің қандай мақсатта қолданылатынын біледі. | |||||
Бағалау критерийі | Желдің қолданылу мақсаттарын атайды. Желдің пайдасын сипаттайды, мысал келтіреді. Желдің зиянды әсерін сипаттайды, мысал келтіреді. | |||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер желдің бағыты, желдің жылдамдығы | |||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауаның жылитынын, суынатынын біледі, оның қозғалысын түсіндіре алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Кіріспе тапсырма. Жел пайдалы ма, зиянды ма? Шағын топтарға «Желдің пайдасы», «Желдің зияны» тақырыптарына постер жасауды ұсыну. Уақыт белгілеу (мысалы, 2–3 минут). | Желдің пйдасы мен зияны туралы суреттер немесе презентация | ||||
Сабақтың ортасы | Желдің пайдасы мен зияны Суреттермен жұмыс. Жасаған постерлеріндегі ақпаратпен салыстыру, толықтыру. Тақырыпты аралық бекіту. Топтық жұмыс. Жел туралы нені білу керек? Миға шабуыл.
Балалардың айтқандарын тақтаға жазу. Жазылғандарды топтастыру.
Қауіпсіздік шараларын пысықтау. Модель жаса. Ресурстарды және зерттеу нәтижелерін тіркейтін парақтар мен маркерлер тарату. Нұсқаулықпен таныстыру • Пластик стақанға көкжиек тұстарын О, С, Б, Ш деп маркермен жазу. • Стақанның түбін дәл ортасынан қарындаш сыятындай тесу, оған басында өшіргіші бар қарындашты орнату. • Түрлі түсті қатты қағаздан үшбұрыш және төртбұрыш қиып алу. • Үшбұрыш пен төртбұрышты пластик түтікшенің екі ұшына суреттегідей етіп бекіту. • Пластик түтікшенің дәл ортасынан кеңсе шегесімен тесу, қарындаштың өшіргіші бар жағына бекіту; • Барлығын дайындап алған соң желдеткішті немесе фенді қосып желбағарға бағыттау. • Желбағардың бағытын анықтау. • Бақылау нәтижесін тіркеу. • Қорытынды жасау. Зерттеу нәтижесінде желбағар арқылы желдің бағытын анықтауға болатыны туралы қорытынды жасайды. Ойлан. «Маугли» мультфильмінен үзінді көрсету. Жануарлар иіс қалай сезеді? Қандай қимыл жасайды? Неліктен тұмсығын көтереді? Сен білесің бе? Қазақстанның барлық өңірінде соғатын күшті желдер, оның ішінде жергілікті желдер туралы әңгімелесу. Өзіндік жұмыс 48-жұмыс парағы. «Желдің пайдасы мен зияны». Жел пайдалы ма, зиянды ма? Желдің пайдалы және зиянды әрекетін анықтау, толықтыру. Желдің пайдалы әсері: дәнді дақылдарды ұнтақтау, жерді құрғату. Желдің зиянды әсері: ғимараттардың құлауы, су тасқыны, электр желілерінің үзілуі, ағаштардың сынып құлауы. 49-жұмыс парағы. «Желдің әсерінен болатын өзгерістер» Пікірлердің дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтау, белгілеу. Филворд Филвордта жасырылған сөздерді тауып, сөйлем құрау. Жауабы: мұнай, газ, көмір, үнемдеу. Жел мұнайды, газды, көмірді үнемдеуге көмектеседі. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Пластик стақан, пластик түтікше, қағаз, қайшы, желім, кеңселік шеге, желдеткіш немесе фен Жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Желкенді кеме Желкенді боя. Жасыл түс - тапсырмаларды сәтті орындадым. Сары түс - тапсырмалардың кейбірін орындау қиын болды. Қызыл түс – тапсырмаларды орындау қиын болды. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. | Кері байланыс парағы | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
| Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?