Үйкеліс күшінің пайдасы мен зияны. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Табиғат физикасы

Күш және қозғалыс

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Увалиева А

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зияны

Оқу мақсаты:

3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянын атайды.

Бағалау критерийі

Үйкеліс күшінің пайдасына мысал келтіреді;

Үйкеліс күшінің зиянына мысал келтіреді.

Тілдік мақсат:

Үйкеліс күшінің білінуін, оның пайдасы мен зиянын сипаттайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

май

Құндылықтар:

Еңбек пен шығармашылық, Қоршаған ортадағы құбылыстарды зерттеуге ынталандыру

ынтымақтастықта жұмыс істеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика, денешықтыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Үйкеліс күшін, оның түрлерін біледі, білінуіне мысал келтіреді.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Өткенді пысықтау

Сұрақтар:

-Үйкеліс күші қай кезде пайда болады?

-Үйкеліс күші қайда бағытталады?

-Үйкелістің түрлерін ата

-Кітап үстел үстінде қозғалыссыз жатыр. Кітап пен үстел бетінің арасындағы үйкеліс қалай аталады?

-Доп домалап барады. Бұл үйкелістің қай түріне мысал бола алады?

-Сырғанау үйкелісіне мысал келтір.

Кіріспе тапсырма. «Пайдалы ма әлде зиянды ма?» Cұрақ: Үйкеліс пайдалы ма әлде зиянды ба? Оқушылардың жауабы.

Топтық жұмыс. Топтарға ресурстар тарату.

Тапсырма. Бір топтар «Үйкелістің пайдасы»,

Екінші топтар «Үйкелістің зияны» тақырыбына постер жасау.

ҚБ Өзара бағалау. Постерлерді ауыстыру. Берген бағасын түсіндіру

Дескриптор:

-үйкелістің пайдасы/зиянына екі дәлелдеме келтірілген

- келтірілген дәлелдемелер дұрыс

Оқулықпен жұмыс. Суреттерді талқылау.

Жауап: Үйкелістің пайдасы: жүріп келе жатқан адам тайғанап кетпейді; қабырғаға қағылған шеге түсіп қалмайды; жіптер тарқатылып, сөгіліп кетпейді.

Үйкелістің зияны: жүкті қозғалтуға қиындық келтіреді; дөңгелектер, айналатын детальдар үйкеліп, ескіреді.

Флипчарт/ А3 парағы, маркерлер

Сабақтың ортасы

Үйкеліс күші табиғатта қалай әрекет етеді? Фотосуреттермен жұмыс.

-Суретте қандай үйкеліс бейнеленген?

-Үйкелістер пайдалы ма әлде зиянды ма? Неліктен?

Жауап: маймылдың бұтақққа жабысуына көмектеседі, пілдер қорегін түсіріп алмайды.

Қосымша әдебиеттен, өз тәжірибесінен табиғатта кездесетін үйкеліске мысал тауып айту.

Үйкеліс күші техникада қалай әрекет етеді?

Дөңгелек (автомобильдің немесе велосипедтің дөңгелегі) суретін көрсету

Сұрақ:

-Неліктен оның беті кедір-бұдыр? (Үйкеліс пайда болуы үшін.)

-Жылдың қай мезгілінде жолда үйкеліс көбірек болады? Жазда ма әлде қыста ма? (жазда).

-Қыста дөңгелектердің жолға үйкелуін қалай арттырады? (Бүртабан қолданады. Оның бүрлері өткір, демек кедір-бұдыр.)

-Ал мұз басқан жолдармен қалай жүруге болады? (Құм себу, ол да кедір-бұдыр.)

Не ортақ? Суретпен жұмыс.

-Суретте не бейнеленген?

Оларға не ортақ? (сұйықтық бар.)

-Қозғалтқышқа неліктен май құяды?

-Мәшинелер неліктен дымқыл асфальт үстінде жиі тайғанайды?

-Балықты ұстап тұру неліктен қиын?

Қорытынды жасау: сұйықтық үйкелісті азайтады.

Зерттеу. Топтық жұмыс.

Ресурстар: су толтырылған пластикалық бөтелке, сабын кесегі, резеңке қолғап, орамал немесе майлық, кішкентай шыны бөтелке, күріш, ағаш таяқша.

Зерттеу жүргізуге нұсқау:

-Су құйылған бөтелкеге қолдың үйкелісін өзгерту үшін не істеу қажет?

-Әр топта эксперимент жоспарын құру.

1-тәжірибе

-Су құйылған пластикалық бөтелкені қолға алып

-Енді қолды сабындап, бөтелкені қайтадан қолмен ұстап көру.

-Резеңке қолғап киіп бөтелкені ұстап көру.

-Нәтижесін жазу, эксперимент барысының суретін салу.

2-тәжірибе

-Шыны бөтелкеге күріш салып,оны шайқау.

-Күрішке ағаш істікті шаншып, тағы да сілкілеу. Таяқшаны тартып көру.

-Нәтижесінің суретін салу.

-Эксперимент жоспарын оның іс жүзіндегі өту барысымен салыстыру.

Қорытынды. Үйкелісті азайту немесе арттыруға болады. Ол үшін түрлі тәсілдер қолданылады.

Ойлан.

-Дене бір мезгілде қозғала және тыныштық күйін сақтай ала ма?

Көрсету: Бір дененің басқа дененің үстіне қойып, астыңғы денені көлденең бағытта тарту. Жұптар екі кітапты бірінің үстіне бірін қойып, астынғы кітапты тарту не итеру арқылы қозғалтады.

- Денелер қозғалды ма? (Иә, ол үстелдің үстінде орын ауыстырды)

-Дененің (кітаптың) екеуі де қозғалды ма? (Екеуі де қозғалды)

-Екі дененің қозғалысының қандай айырмашылығы бар? (Бірінші кітап күштің әсерінен қозғалды, ал екінші кітап астыңғы кітапппен жанасып орын ауыстырды).

-Екі денеге әсер еткен үйкеліс күшін сипаттаңдар. (Астыңғы кітапқа сырғанау үйкелісі әсер етті. Үстіңгі кітап орын ауыстырғанмен, оған тыныштық үйкелісі әсер етті).

-Қоршаған ортадан, өмірден осындай жағдайға мысал келтіріңдер.

(Автокөліктің қозғалуы, шанамен сырғанау, ішінде кітаптары бар шкафты қозғалту т.с.с.)

ҚБ Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Сен білесің бе?

Пирамида суреті немесе бейнежазба көрсету.

-Техника жоқ заманда мысырлықтар үлкен ауыр тастарды қалай қозғалтқан?

-Дене массасы үлкен болса, үйкеліс күші қандай болады деп ойлайсыңдар? (Үлкен.)

Сурет бойынша сипаттау. Үйкелісті азайту үшін шаңғылардың табандарына сүт құйғаны туралы айту.

Дәптермен жұмыс

33-жұмыс парағы. Сызбаны толтыру.

Үйкеліс әсерінің мысалы бейнеленген суреттердің нөмірін тиісті бағанға жазу, өз мысалымен толықтыру.

Жауап: Пайдасы: жүріп келе жатқан адам; мойынға байланған орамал; жолда тұрған автомобиль; таяқшаларды үйкеу арқылы от шығару. Зияны: тетік бөлшектерінің үйкелуі, ауыр затты жылжыту.

34-жұмыс парағы. Сөзжұмбақты шешу.

Жауаптар:

Көлденеңінен: 1. Бұдырлар, 2. Май, 3. Сырғанау

Тігінен: 2.Масса, 4.Тыныштық, 5. Домалау

ҚБ Мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Фотосуреттер

автомобильдің немесе велосипедтің дөңгелегінің суреті

Ресурстар:

бір пластикалық бөтелке, су;

сабын;

резеңке қолғап;

орамал немесе майлық;

кішірек шыны бөтелке, мысалы, медициналық спирттің құтысы;

ағаш істік,

күріш.

Пирамида суреті

Сабақтың соңы

Тақырыпты бекіту. Оқушылар өз таңдауымен сөйлемдерді толықтырып айтады.

Үйкеліс күші туралы мен ... білемін.

Үйкеліс күші туралы мен ... түсіндіре аламын.

Үйкеліс күшін мен ... қолданамын.

Үйкеліс күші туралы мен ... білгім келеді.

Рефлексия. Бағдаршам

Бағдаршамның түстерімен көрсету.

Қызыл: Сабақ қызықсыз болды.

Сары: Сабақ қызық болды. Мен қатысып отырдым.

Жасыл: Мен сабақта толық қанағаттандым.

Бағдаршам түсіне боялған дөңгелектер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

-Жұптау бойынша саралау

-Сұрақ қою барысында саралау

-Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалауы;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

-Сабақ барысында түрлі іс-әрекет, дене жаттығуларын орындау (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында);

- әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу