Ауа бізге қажет! Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ауа бізге қажет! | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.3.2.1 - адам тіршілігінің түрлі саласында ауаны қолдану жолдарын анықтау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Адам тіршілігінің түрлі саласында ауаны қолдану жолдарын анықтау | |||||||||||
Бағалау критерилері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Ауа, атмосфера, сала, ауа құрамы, т.б. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және жауапкершілік, өмір бойы білім алу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, дене шынықтыру, дүниетану | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Заттың молекулалық құрылысы | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Қызығушылықты ұйымдастыру 2 мин 3 мин | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Қоңырау үні соғылды, Сабағымыз басталды. Оқушылар тынышталып, Қатар-қатар тік тұрды. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. (Ө, Ұ) «Жұмбақ» Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді /Ауа/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерімен танысу. | Слайд | ||||||||||
Сабақ басы 10 мин 3 мин 5 мин 5 мин 5 мин 6 мин | (Ө, Т, Ұ) Сен білесің бе? Мақсаты: Өткенді қайталау. Ауа туралы білімдерін бекіту.
/Оқушылар топпен ойласып, ойларын ортаға салады, өзара толықтырулар енгізіледі /. (Ұ) Проблемалық сұрақ. Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, ауаның маңызын түсіндіру. -Ауа қалай ластанады? /Оқушылардың жауаптары тыңдалады, ақпартты толықтыру үшін бейнежазба көрсетіледі/. (Ұ) Бейнежазба. Табиғаттағы ауаның ластануы.
/Оқушылар өз білген ақпаратын ортаға салады, ауызша кері байланыс жасалады/. (Ө, Ж) Мәтінмен жұмыс. Оқулық Мақсаты: ауаның ластануы туралы білімдерін бекіту. /Оқушылар мәтінді оқып, жұппен «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы сұрақ-жауап алмасады, қажеттілігіне қарай толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, кері байланыс жасалады/. (Ұ) Анықта. Жұмыс дәптері. Мақсаты: Ауаның ластану себептерін анықтау.
/Тапсырманы орындап болған соң оқушылар жұппен алмасып, дұрыс жауаппен тексереді, «+\-» әдісі арқылы өзара бағалайды, кері байланыс жасалады/. (Ұ) «Сен білесің бе?» Қосалқы ауа беретін қандай аппарат түрін білесің? Түсіндіріңіз, акваланг бұл құрылым (сатылым атауы Aqua-Lun(Т), сүңгуірлерге су астында тыныс алуға көмектеседі; «SCUBA» - бұл автономды тыныс алуға арналған аппарат атауының қысқартылған атауы. Оны сүңгуірлер су астынан минералдар мен қазыналар іздегенде пайдаланады. Суға кеткен қазыналарды тауып алғандығы туралы соңғы жаңалықтарды оқу үшін, іздеу жүйесін пайдаланыңдар. Зер салып қараңдар, кейбір жағдайларда су астындағы қазынаны сүңгуір қайықта қашықтан басқаратын құралдармен іздейді. Иә болмаса, суға кеткен кемеден сүңгуірлердің қазынаны іздейтіні туралы ескі фильмдердің пленкасын тауып алыңдар. Оттегі маскасы Оқушылардың сыни ойлауына мүмкіндік жасауда жағдаяттық сұрақтар беруге болады. «Мен 2 жасымда ауруханаға түсіп қалдым. Менің демікпем бар болатын, менің саусағымда арнайы зат болды. Мен маскамен/ бетпердесін тыныс алуым керек болатын». "Мен бұрын пневмониямен ауырдым. Мен ауруханада 5 күн жаттым. Менің өкпем ауратын болғандықтан, оттегі маскасын / бетпердесін алып жүруім керек болған еді. Олар бітеліп қалған болатын». «Мен тамақтан уланып қалған едім. Мен тыныс ала алмадым сондықтан тамақ іше алмады. Мен ауруханада 4 апта жаттым». «Үйден өрт шықты. Менің ағам мені сүйреп алып шықты, бірақ мен қатты жөтеліп, тыныс ала алмадым. Мен оттегі маскасын /бетпердесін алып жүруім керек болды, бірнеше күн кеуде тұсым ауырып жүрді. Бірақ қазір мен жақсымын». Балама ретінде, бұл сөйлемдерді топтарға кеспе қағаздарға жазып таратыңыз. Оларға осы түйіндерді өз топтарында талқылауды ұсыныңыз. Содан соң оларды сыныптың басқа бөлігіне қайтарып беріңіз. Әр жағдаяттың маңызын талқылаңыз. Сұраңыз, оқушылардың ішінде демікпеге шалдыққандар бар ма екен? Олардан өз тәжірибесімен бөлісуін сұраңыз. Біреу-міреуі пневмониямен ауырған ба? Тамақтан улану туралы сөйлесіңіздер. Өртке шалдыққан үйде қалған балаға оттегі маскасы/бетпердесі қалай көмектесуі мүмкін? /Мәселенің шешімін табуда оқушылар ойларын ортаға салады, ауызша бағаланады/. | Постер Оқулық Бейнежазба Оқулық Жұмыс дәптері Суреттер Қима қағаздар | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен? + Мен ................ үйрендім. -Маған .............. қиын. Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,................... Өзін-өзі бағалау Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды. | «Смайликтер» арқылы бағалау | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?