Өсімдік тіршілігіне не қажет? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 2- бөлім:Тірі табиғат. Өсімдіктер. | Мектеп:Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Сабдина А.А. | |||||
Сынып:1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдік тіршілігіне не қажет? | |||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білу керек: Өсімдікке өсу үшін қандай қажетті жағдайлар керек екенін біледі; Көпшілігі: Болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстырады; Кейбір оқушылар: Түрлі жағдайда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Жағдай, топырақ, су, жылу, жарық | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдік бөліктері | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 | І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Қызығушылықтарын арттыру: (Ж) «Сырымды аш» ойыны Оқушылар жұпта өздерін бір өсімдік ретінде жасырады. Мысалы: мен өте тәттімін, қызыл, сары, жасыл боламын. Дөңгелек келемін. Ішімде кішкентай дәндерім бар. Мен Алматыда өсемін. (алма) ІІІ. Өткенді қайталау. (Б)Ағаш пен гүлдің мүшелерін атау. Салыстыру. Сурет бойынша жемістерді атап, қай жемісте неше тұқым барын атау. Қорытынды: Есіңде сақта рубрикасын оқу. (хормен айту) | Суреттер, презентация. | ||||
Сабақ ортасы 25 | Жаңа сабақ: (Б) Суреттерді салыстыру. Екі суреттегі өсімдіктерге не болды? Оларға не жетпейді? Ал тағы өсімдіктердің тіршілігіне не керек? Бүгін сабақта не туралы айтамыз? Тақтаға: ТІРШІЛІГІНЕ, ҚАЖЕТТІ, ӨСІМДІК, ЖАҒДАЙЛАР сөздерін ілу. Оқушылар сөздерді ретімен қойып, сабақтың тақырыбын атайды. (Б) Мультфильм көру. Өсімдіктерге не қажет? Сергіту сәті: Жел еседі бітімізге, Шайқалады ағаштар. Жел ақырын-ақырын-ақырын Биік-биік ағаштар (ҚБ) Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызыңыз. СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ Дескриптор: Білім алушы - өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды; - тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады. Зерттеу жұмысы: (Т) 3 құты, оған «су, жарықсыз», «су, жарық», «сусыз, жарық» деген жазуларды жабыстыру, тұқым, топырақ, қорап. Құтыларға сабақ өткен күнді, топтың атын жазып қою. Топырақ салып, әрқайсысына тұқым салу. Құтыларды терезенің алдына қою. «Су, жарықсыз» дегенге су құйып, қораппен жауып қою. «Су, жарық» дегенге су құйып, жарық жерге қою. «Сусыз, жарық» дегенге су құймай, жарық жерге қою. Оқушылардың болжамдарын сұрау. Қағазға жазып қою. Келесі аптадағы сабаққа дейін бақылау жүргізу. Су құйятын құтыларды күнара бір уақытта суарып отыру керектігін айту. Дәптермен жұмыс: Өсімдікке өсу үшін не керек екенін тауып, суретпен байланыстыру керек. | http://imektep.kz/osimdik-musheleri презентация карточкалар суреттер жемістер көкөністер су, топырақ, құтылар, суреттер | ||||
Сабақтың соңы 5 |
«Не өзгерді?» ойыны Үстелдің үстінде өсімдіктің тіршілігіне қажетті заттар тұрады. Су, топырақ, күннің көзі. Тағы да басқа суреттер болады. Оқушылар көздерін жабады. Мұғалім өсімдіктің тірішілігіне қажетті заттардың біреуін алып тастайды. Оқушылар оны анықтау керек. Өзін-өзі бағалау Егер бүгінгі сабақты түсінсеңіздер, күннің суретін салыңыздар. Егер түсіндім, бірақ әлі сұрақтарым бар десеңіз, күн мен бұлттың суретін салыңыз. Егер түсінбесеңіздер, бұлттан жаңбыр жауып тұрған суретті салыңыз. | Суреттер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Зерттеу жұмыс барысында сұрақтар қою арқылы | Оқушылардың өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтай алуын бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?