Топырақ не үшін қажет? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Заттар және олардың қасиеттері . Табиғат ресурстары

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Топырақ не үшін қажет?

Оқу мақсаты:

3.3.4.1 кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

Топырақ туралы жаңа ақпарат алады;

Топырақтың тірі ағзалар үшін қажеттілігін түсінеді;

 Бағалау критерийі

Кесте толтыру немесе постер жасау

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Топырақ және оның тірі ағзалар үшін маңызы туралы өз ойларын айтады;

Топырақ туралы қойылған сұрақтарға жауап береді;

Өз шешімдерін басқа топтар алдында қорғайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Топырақ, пана

 Құндылықтар

Топырақтың маңызын түсінеді

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктердің қоректік затты топырақтан алатынын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

Екі сурет көрсету (жайқалып өсімдік өскен және өспеген). Оқушылар суреттерді салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Неліктен өсімдік жайқалып өсіп тұрғанын сұрап, оқушылардың болжамдарын тыңдау.

«Орны ауысқан әріптер» ойыны арқылы сабақтың тақырыбы анықтау.

ОРТПЫАҚ (Топырақ)

Сурет

Әріптер

Сабақтың ортасы

  • Кесте толтыру.

«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім » кестесінің Білемін және Білгім келеді бағандарын толтыру. Білемін бағанына топырақ туралы не білетіндерін, Білгім келеді бағанына не білгісі келетіндерін жазу.

Кестені толтыру үшін жетелеуші сұрақтар:

  • Топырақ қандай болады?
  • Топырақта нелер мекендейді?
  • Топырақта не өседі?
  • Адамдар топырақты не үшін пайдаланады?
  • Топырақ туралы не білгің келеді?
  • Мұғалімнің түсіндіруі.

Топырақ – жер қыртысының үстіңгі қабаты, ол тау жыныстарының бұзылуы және өсімдік пен жан-жануарлардың, ағзалардың қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Су мен қоректік заттар өсімдіктерге топырақ арқылы беріледі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады.

  • Бейнефильм көрсету.

Бейнефильм туралы ой бөлісу.

  • Проблемалық сұрақ. Ауылға саяхат.

- Ауыл сыртына шығып, топырақты күрекпен аударып қарағанда оның беткі қабатының түсі қоңыр екенін байқау қиын емес, әрі қарай қаза түскенде, бірте-бірте бозғылт тарта береді. Неліктен топырақ түсі өзгереді? деген сұрақ қою. (Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығы-қарашірік)

-Ауылдың жері қаладағыдан несімен ерекшеленеді? Оқушылардың ойын тыңдау.

5. Топтық тапсырма: «Топырақты мекендейтін жануарлар»

- Қандай жануарлар топырақтың астында мекендейді? Топырақта тіршілік ететін жануарлардың атауын жазу немесе суретін салу.

- Жануарлар топырақтағы тіршілікке қалай бейімделеді? ( жүні, тырнағы, тісі тсс ерекшеліктерін атау)

6. Мекенін тап. Жұптық жұмыс.

Жануарлар мен олардың тұратын мекендерін сәйкестендіру. Оқушылармен жануарлардың індерін қандай белгілері бойынша анықтауға болатынын талқылау (өлшемі қандай, олар тереңде ме, әлде бетінде ме?).

7. Топырақтан алынатын қорек. Оқушылардан топырақтың жануарлардан басқа нелерге керек екенін сұрау. (Өсімдіктерге) Өсімдіктер өсу үшін қоректік заттарды қайдан алады? (Топырақтан алады)

8. Зертте. Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады?

Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа адамның топырақты пайдалануы туралы қосымша әдебиеттер, интернет-ресурстар, суреттер дайындау.

- Топырақ адамға қажет пе?

- Күнделікті жейтін тағамды адам қайдан алады?

- Сол тағамның дастарханға келуіне топырақтың қатысы бар ма?

Әр топ адамдар күнделікті пайдаланатын тағамдар тізімін, оның қайдан келетінін, топырақтың қаншалықты қатысы барын анықтап, тізім жасап, кесте толтыру немесе сурет салып, постер жасау.

тағам

Қайдан алынады?

Топырақтың қатысы

сүт

сиыр

Сиыр топырақта өсетін өсімдікті жейді

нан

бидай

Бидай топырақта өседі

ет

мал

Мал топырақта өскен өсімдіктерді жейді

Әр топ ақылдасып кесте немесе постер жасау жұмыс түрін таңдап алып, жұмыс жасау.

Бағалау критерийлері:

  • Тағамдар тізімі 5-тен кем емес болу
  • Тағамның неден жасалатынын жазу
  • Топырақтың қатысын анық дәлелдеу
  • Топ алдында ойын еркін жеткізу
  • Өз шешімдеріне дәлелдемелер келтіру

Берілген уақыт аяқтаған соң жұмыстарын басқа топтар алдында қорғау. Ақпараттарды қайдан алғандары туралы ой бөлісу.

9. Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінмен жеке танысу. Мәтін бойынша сұрақтар туындаса, бірлесе жауап іздестіреді. Мәтін арқылы жануарлардың атаулары оқушылардың естерінде қалады.

10. Сен білесің бе? Миллиард санының шамасын анықтау (өте көп).

- Оларды қалай көруге болады? (Олар өте ұсақ, оларды тек микроскоппен ғана көруге болады.)

- Топырақта микробтар қайдан болуы мүмкін? (Көгөніс пен жемістерден)

11. Ойлан. Оқушылар егер топырақ жануарлардың тіршілігі мен өсімдіктердің қоректенуіне жарамсыз болып қалса, не болатынына болжам жасау. (егер топырақ жарамсыз болып қалса өсімдік өспейді, өсімдік болмаса жануарларға және адамдарға азық болмайды. Өсімдік өспесе адамның тұрмысына қажетті заттар болмайды.)

Қосымша тапсырма

Жұмыс дәптері: 59-жұмыс парағы. «Топырақ не үшін қажет?», 3-б. Артығын сызып тастау. «Топырақ» сөзін баспана ретінде, қоректік зат көзі ретінде және азық-түлік өндіру үшін пайдаланатын нысандарды сызықпен жалғастыру.

60-жұмыс парағы. «Топырақтағы тіршілік», 4-б. Тізбек құру. Топырақтан азық-түлікке дейінгі аралық буындарды белгілей отырып, тізбек құру және үш мысал келтіру.

https://yandex.kz/video/search?text=%D1%82%D0%BE%D0%BF%D1%8B%D1%80%D0%B0%D2%9B%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96

Жануарлар суреті

Өсімдіктер

Қосымша әдебиеттер,

интернет

Кесте,

маркер, ватман

Сабақтың соңы

Рефлексия

«ББҮ» кестесінің «Үйрендім» бағанын толтыру. Жазғандарын қалаулары бойынша оқу.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Еркін жазу. «Мен топырақпын. .........»

Кесте толтыру немесе постер қорғау. Ақпарат көздерін қаншалықты тиімді пайдаланғандарын ескеру.

Топтық жұмыс жасағанда тәртіп ережелерін сақтау.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу