Топырақ не үшін қажет? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық.

3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.

Топырақ не үшін қажет?

 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін олардың көңіл күйін топырақта өсетін өсімдіктер арқылы білуді ұсыну. Таңдау себебін түсіндіру.

 «Кактус» - көңіл күйінің аздығы.

 «Раушангүл» - көңіл күйінің жақсы болуы.

 «Сұрақтар айдары» ойыны. Жетекші сұрақтар арқылы оқушылардан тақырып бойынша бастапқы білімін анықтау. Сұрақтар:

  • Бұл гүлдер туралы не айта аласыңдар?
  • Кактус гүлі қандай?
  • Раушангүл ше?
  • Гүлдер қайда өседі?
  • Өсімдіктер топырақсыз өмір сүре алады ма?

 Ауылға саяхат. «Т-критерийі» стратегиясы арқылы ауыл мен қаланы салыстыру. Мақсаты: Ауыл мен қала жерін салыстыру. Ерекшеліктерін анықтау. ондағы жануарлар мен өсімдіктер туралы ой бөлісу.

 «Т-критерийі»

 Ауыл

 Қала

 

 

 ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Ауылға саяхат. Мақсаты: Оқулықпен жұмыс жасай отырып, ауыл мен қала жерін салыстыруды, сурет бойынша берілген ақпаратпен танысу. Жетекші сұрақтар арқылы топырақта нелер тіршілік ететінін, сонымен қатар, жануарлар топырақтағы тіршілікке қалай бейімделгенін талдау. Топырақтың маңызы туралы ойларын қорыту.

 Тапсырманы орындау барысында Венн диаграммасын жұптасып толтыру.

 Диаграмманың оң жағына топырақ ерекшелігі мен маңызы жазылса, сол жағында ондағы тірлішік ететін жануарлар мен өсімдіктер жазылады.

 

 

 

 

 

 

 ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы жұптарды бағалауы.

 Мекенін тап: Оқушыларға тапсырманы орындау барысында берілген ақпарат көзін зерттеуді үйрену, жануарлардың мекендейтін орнын (інін) анықтап, сәйкестендіру ұсынылады.

 Жұптасып «Сәйкестендеру тестісі» арқылы жануарлардың тұратын мекендерін анықтау. Жануарлардың індерін қандай белгі бойынша анықтағанын талқылау. Ой қорыту. Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдағаннан кейін өз ойларымен салыстыру.

 Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Ақпарат көздерінің түрлерін анықтап, топырақтың адамзатқа маңызын анықтау.

 Топтарға біріктіру. «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру. Ол үшін топ санына байланысты тақырыпқа сай бірнеше сюжетті суретті мозайка ретінде пайдалануға болады.

 Ресурстарды тарату. Әр топқа топырақта тіршілік ететін жануарлардың суреттері, сол жануарлардың індерінің суреттері, қызықты энциклопедиялар, адамның топырақты пайдалануы туралы ақпараттар, интернет ресурстары.

 Зерттеудің жоспарын құру:

  •  Ақпарат көздерінен топырақ туралы ақпарат табу;
  •  Топта ақпарат туралы ой қозғау, ойларын талқылау;
  •  Адам топырақты қалай падаланатыны туралы постер дайындау.

 Зерттеу жұмысын орындау барысында оқушылармен топырақтың маңызы мен оны қалай тиімді пайдалануға болатынын талқылау.

 Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына топырақты басқа қай жерде пайдалануға болады деген сұраққа өз жауаптарын дайындауды ұсынуға болады.

 «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

 -Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

 -Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

 Зерттеу жұмысын қорытындылау: Постер жасай отырып, топырақтың маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру.

 ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Жасалған постерлерді тақтаға іліп, оларға ауызша баға беру.

 Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар: https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

  • Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?
  • Қандай жаттығуларды білесіңдер?
  • Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

 Ойлан. Оқушылар топырақтың жарамсыз болуын талқылайды. Ой бөліседі. Тапсырманың соңында топырақты қорғау керектігін түсінеді.

 Сен білесің бе? Оқушылар топырақта көптеген микробтар кездесетінімен танысады. Мысалы, бір шөкім топрықта миллиардқа жуық жететін микробтар кездесетінін және оларды тек микроскоп арқылы көруге болатынын түсінеді.

 ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

 1-жұмыс парағы. «Топырақ не үшін қажет?», 3-б.

 Артығын сызып таста.

 Топырақ сөзін қажет ететін нысандарды «Топырақ» сөзімен бағыттауыш арқылы қосу.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Топырақты баспана ретінде пайдаланатын нысанды біледі;
  • Топырақты қоректік зат ретінде пайдаланатын нысанды біледі;
  • Топырақты азық-түлік өндіру үшін пайдаланатын нысанды біледі.

2-жұмыс парағы. «Топырақтағы тіршілік», 4-б.

Тізбек құр. Топырақтан азық-түлікке дейінгі аралық буындарды белгілейді.

Сұрақтар. Топырақ туралы сұрақтар құрастыру.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  •  Топырақты пайдалану жолдарын біледі;
  •  Топырақ туралы сұрақтар құрастырады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы». Оқушылар сабақтағы алған білімдерін жетістік баспалдағына орналастырады. Смайликтер жабыстырады. Баспалдақта «Маған көмек керек», «Мен түсінген сияқтымын», «Мен жақсы түсініп алдым» деген жазулар болады.

Қосымша ақпарат. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастаған. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.

 Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2003-2005 жылыдарды ауыл жылы деп атаған.

 Топырақтың құрамында тыңайтқыштың үш түрі болады. Органикалық, минералды және бактериялық тыңайтқыштар. Оларды кез келген жерге пайдаланбай топырақта қай түрі жетіспесе соны пайдаланған жөн. Мұның көп пайдасы бар. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамассыз ету қабілетін айтады. әр табиғат зонасында топырақтың құнарлығы әр түрлі.

 Қара топырақ - ең құнарлы топырақ. Ол орман және орманды дала зонасында орналасқан. Топрақтың құрамы сол жердің табиғатына, яғни, өсімдіктің, жан-жануарлар дүниесіне күннің түсуіне тікелей байланысты. Топырақтың құрамында қара шірік көп болса, ол құнарлы топырақ болып саналады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу