Топырақ не үшін қажет? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау Жаратылыстану пәні 3 сынып 5 тарау 1 сабақ Сабақ тақырыбы: Топырақ не үшін қажет? Ұйымдастыру. Екі сурет (жайқалып өсімдік өскен және өспеген) көрсетіп, оқушыларға суреттерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын айтқызу. Неліктен өсімдік жайқалып өсіп тұрғаны сұралып, оқушылардың болжамдары (күн сәулесі мол, су жеткілікті, жануарлар таптамаған т.с.с) тыңдалады. «Орны ауысқан әріптер» ойыны. Әріптер көрсетіледі. Сол әріптерден сөз құрау арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. ОРТПЫАҚ (Топырақ) Сабақ тақырыбы анықталған соң оқушыларға кесте толтыру ұсынылады. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім » кестесінің Білемін және Білгім келеді бағандарын толтырады. Білемін бағанына топырақ туралы не білетіндерін жазады, Білгім келеді бағанына не білгісі келетіндерін толтырады. Кестені толтыру үшін жетелеуші сұрақтар қойылады:
Мұғалім топыраққа анықтама беріп, қосымша ақпараттармен таныстырады. Топырақ – жер қыртысының үстіңгі қабаты, ол тау жыныстарының бұзылуы және өсімдік пен жан-жануарлардың, ағзалардың қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Су мен қоректік заттар өсімдіктерге топырақ арқылы беріледі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Бейнефильм көрсету. Топырақ YouTube. Балапан арнасындағы "Ол кім, бұл не?" бағдарламасының кезекті шығарылымы. Бейнефильм туралы оқушылардың ойы тыңдалады. Проблемалық сұрақ қойылады. - Ауыл сыртына шығып, топырақты күрекпен аударып қарағанда оның беткі қабатының түсі қоңыр екенін байқау қиын емес, әрі қарай қаза түскенде, бірте-бірте бозғылт тарта береді. Неліктен топырақ түсі өзгереді деп ойлайсыңдар? (Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығы – қарашірік. Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі түрліше болады. Неғұрлым қарашірік көбірек болса, соғұрлым топырақтың түсі қоңырқай тарта береді, оның құнарлығы да арта түседі. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Даланың қара топырағына егілген дәнді дақылдардан мол өнім алынатыны, міне, содан.) - Ауылдың жері қаладағыдан несімен ерекшеленеді? деген сұрақ қою арқылы, оқушылардың ойы тыңдалады. Топтық тапсырма: «Топырақты мекендейтін жануарлар» - Қандай жануарлар топырақтың астында мекендейді? Топырақта тіршілік ететін жануарлардың атауын оқушылар топта жазады немесе суретін салады. - Жануарлар топырақтағы тіршілікке қалай бейімделеді? ( жүні, тырнағы, тісі тсс ерекшеліктерді атайды) Мекенін тап. Жұптық жұмыс. Суретке қарап оқушылар жануарлар мен олардың тұратын мекендерін сәйкестендіреді. Оқушылар жануарлардың індерін белгілері бойынша анықтап, талқылайды (өлшемі қандай, олар тереңде ме, әлде жер бетінде ме?) Топырақтан алынатын қорек. Оқушылардан топырақтың жануарлардан басқа нелерге керек екені сұралады (өсімдіктерге). Өсімдіктер өсу үшін қоректік заттарды қайдан алады? (топырақтан алады) Зертте. Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады? Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әр топ алдында адамның топырақты пайдалануы туралы қосымша әдебиеттер, интернет-ресурстар, суреттер болады. - Топырақ адамға қажет пе? - Күнделікті жейтін тағамды адам қайдан алады? - Сол тағамның дастарханға келуіне топырақтың қатысы бар ма? Әр топ адамдар күнделікті пайдаланатын тағамдар тізімін, оның қайдан келетінін, топырақтың қаншалықты қатысы барын анықтайды, тізім жасап, кесте толтырады немесе сурет салып, постер жасайды. Топ мүшелерінің қалаулары бойынша жұмыс түрі таңдалады.
Берілген уақыт аяқтаған соң басқа топтар алдында қорғайды. Ақпараттарды қайдан алғандары туралы ой бөліседі. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінмен жеке танысады. Мәтін бойынша сұрақтар болған жағдайда, бірінші оқушылардың өздерінен сұралады, жауап бере алмаса мұғалім көмектеседі. Мәтін арқылы жануарлардың атаулары оқушылардың естерінде қалады. Сен білесің бе? Миллиард санының шамасы анықталады (өте көп). Оларды қалай көруге болады? (Олар өте ұсақ, оларды тек микроскоппен ғана көруге болады.) - Топырақта микробтар қайдан болуы мүмкін? (Көгөніс пен жемістерден) Ойлан. Оқушылар егер топырақ жануарлардың тіршілігі мен өсімдіктердің қоректенуіне жарамсыз болып қалса, не болатынына болжам жасайды. Жазылым жазуға болады. Егер топырақ жарамсыз болып қалса, ....... (Егер топырақ жарамсыз болып қалса өсімдік өспейді, өсімдік болмаса жануарларға және адамдарға азық болмайды. Өсімдік өспесе адамның тұрмысына қажетті заттар болмайды.) Қосымша тапсырма Жұмыс дәптері: 59-жұмыс парағы. «Топырақ не үшін қажет?», 3-б. Артығын сызып тастайды. «Топырақ» сөзін баспана ретінде, қоректік зат көзі ретінде және азық-түлік өндіру үшін пайдаланатын нысандарды сызықпен жалғастырады. 60-жұмыс парағы. «Топырақтағы тіршілік», 4-б. Тізбек құру. Топырақтан азық-түлікке дейінгі аралық буындарды белгілей отырып, тізбек құрады және үш мысал келтіреді. «ББҮ» кестесінің «Үйрендім» бағаны толтырылады. Жазғандарын қалаулары бойынша оқиды. Рефлексия
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?